Жұмалық анекдоттар

Мына анекдоттарды маған 2009 жылдың ақпанында бір досым жіберген екен, блогыма салыппын. Бірақ, қазір кім жібергенін есіме түсіре алмай отырмын.

***
Мұғалім Маратқа «Менің бір күнім» атты шығарма жазуға тапсырма берді. Барлығы жазып мұғалімге тапсырды. Ертесіне мұғалімі Мараттың әкесін шақырып
-«Қараңыз, сіздің ұлыңыз не жазғанын: Таңертең тұрдым; ешкіні сүрттім, ойнап келдім ешкіні сүрттім, тамақтандым ешкіні сүрттім, мектептен келдім ешкіні сүрттім… Бұл не мені мазақ қылғаны ма!?».
Әкесі: Мен мент болып жұмыс істеуші ем, подъездге «Ешкі» деген сөзді бормен жиі жазып кетеді…

***
Марат досының үйіне келіп:
-Фууу, ненің иісі шығады? -деді.
Досы:
-Роза ғой.
-Не, солып қалған ба?
-Е, жоға киімін ауыстырып жатыр да…

***
Апайы суретке түскен балаларды әрқайсысы бір-бір суреттен сатып алуға көндіре алмай әуре:
-Қараңдаршы балалар, ертең өсесіңдер, әрбірің үлкен азамат боласыңдар. Сол кезде еске аласыңдар: мынау міне Айман, қазір актриса. Ал мынау Жанат, ол қазір директор…»
Сол кезде артқы партадан Мараттың сыбырлаған даусы шықты:
-Ал мынау біздің апай. Баяғыда өліп қалған».

***
Чебурашкаға мектепте «Менің жазғы демалысым» деген шығарма беріпті. Қиналып кеткен ол Генаға:
-Не істейміз? Біздің жаз бойы арақ ішуден қолымыз босады ма?-дейді.
-Саспа Чебурашка, сен «іштік» деген сөзді, «оқыдық» деген сөзге ауыстыр, «сыра» деген сөздің орнына — «газет», «шарап» деген сөздің орнына — «журнал», арақ деген сөздің орнына «кітап» деген сөзді жаз. Бәрі жақсы болады. Келесі аптада мұғалімі:
-Ең жақсы шығарманы Чебурашка жазыпты. Міне үзінді тыңдаңдар деді:
— Үйде бар газеттерді оқып болған соң, Гена екеуіміз кітап дүкеніне бардық. Одан үш журнал сатып алдық оны да оқып тастадық. Тағы да кітап алғымыз келіп еді, бірақ ауылдан ағайымыз келіп қалды. Ол өзі жазған үлкеееееен шығарманы әкелді. Оны үшеуіміз әп-сәтте оқып тастадық. Бірақ тағы да оқығымыз келген соң, қосымша әдебиет алу үшін кітап дүкеніне тарттық. Жолда Шапокляк жолықты, көп оқығаны соншалық, көзі қарауытып кетіпті, ал қалтасынан тағы жарты кітаптың басы қылтияды.».

***
Жаңадан үйленген екі жас тойдан кейін сөйлесіп отыр. Күйеуі әйеліне:
— Менің әйелім болғандығыңнан менің әдеттерімді де сыйлауың керек, менің 3 әдетім бар:

1. Әр сәрсенбі сайын кешкісін достарыммен футбол ойнаймын.
Жаңбыр, қар, не болса да — ФУТ-БОЛ!!!
-Түсінікті ме?
-Түсінікті — депті әйелі

2. Әр жұма сайын достарыммен преферанс ойнаймын.
Банкет, той, юбилей ме маған бәрібір. ПРЕ-ФЕ-РАНС!!!
-Түсінікті ме?
-Түсінікті — депті әйелі

3. Әр жексенбі сайын балыққа барамын жігіттермен.
Күн салқын болса да, енемнің туған күні болса да, мейлі жаңбыр жаусын маған бәрібір — өйткені БА-ЛЫҚ!!!
-Түсінікті ме?
-Түсінікті — депті әйелі

-Түсінікті ғой, айтатын ештеңең жоқ?
— Түсінікті бәрі.
— Қарсы емессің ғой?
— Жоқ!
— Мүмкін сенің де әдеттерің бар шығар?
— Иә, 1 әдетім бар.
Күн сайын кешкі 9-да с… спен* айналысамын.
Күйеуім үйде ме жоқ па маған бәрібір — С… С!!!*

(* с… с деген жерге өздеріңіз әріптер қойып алыңыз)
Бөлісу:

52 пікір

sammita
 памятың нашарлау ма еді
asaubota
кешір, қартаяйын деппін
sammita
соңғысын өзің аударғансың.
Gulistan
Роза жайлысын ұқпадым.
Abilakim
Өзіңнің Роза болмағаныңа қуану ғана қалды саған)))
Gulistan
чүкір чүкір дейін бе?
Nurgisa
Роза, шамасы, әлдебір иістердің эпиорталығы болып отырғанға ұқсайды ғой, Анар.
Gulistan
Онда ол Мараттың досының үйінде неғып жүр? сасытып
Nurgisa
Анар, не ма, бұл апта жұмыс қауырт болды ма?
Gulistan
Бір ауырлық бар.
Nurgisa
Нәсіп болса, тезірек жеңілденгейсің!
sammita
ну енД анектің түрі осындай.
nurbergen_makym
Чебурашканың шығармасы ұнады?! Рахмет, Арчи…

Мен жұма күнгі әнектер дегенге діни сипаттағы қағытпаларды іздеп келгем
konvict
жарты кітаптың басы қылтияды
 мынаусы өлтіред
estetika91
«Е, жоға киімін ауыстырып жатыр да…» ) Сөз тапқанға қолқа жоооооооооооооқ деген))
estetika91
Оn.kz-тен Ғазизаның бейсенбілік нақылдарын оқитын едік, мынау енді админ мырзаның жиған-терген анекдоктары екен. көтеріңкі көңіл күй сыйлағаныңызға рахмет)
Beytanis
Енді сенбілік қанатсыз сөздер жағын қарастыру керек екен…
estetika91
) Соның қажеті шамалы ма деймін…
Beytanis
Жоқ, болуы керек ондайлар деп қадалып қалсам…
estetika91
Шыны керек, сайтта сондай нәрселер онсыз да жеткілікті… Осы сіз менімен айтысқанды ұнатасыз ғой деймін)
Beytanis
Жоқ, біреулер секілді "әзілдеп" жатқаным да. Сенімен айтыспаймын. Бәрі жақсы.
estetika91
Бәсе, сіз бізді үнемі қолдап жүретін сияқты едіңіз...)
Beytanis
«Бізің» кім жаным-ау?
estetika91
Біз деп, өзімді айтамын. Көбінесе, «мен» дегеннен гөрі, «біз» деп сөйлейтін әдетіміз ғой)
Gastarbaiter
 «Біз» деген «мен»нен көптеу ғой, аздап сөзге салмақ береді.
estetika91
Гаста мырза сіз мені дұрыс түсінбедіңіз. Неге осы сіздер өздеріңіз бір нәрсені кесіп-пішіп қоя саласыздар?..
Gastarbaiter
бір нәрсені кесіп-пішіп
Пішетін басқа не нәрсе бар енді?
estetika91
Құрметті Гаста, осымен пікірталасты тоқтататйық. Әйтпесе, админ мырзадан ұят болар. Кейін ол кісі ренжіп жүрертақырыпқа қатысы жоқ комменттер жазды деп. Сондықтан, егер, сіз қарсы болмасаңыз…
Gastarbaiter
осымен пікірталасты тоқтататйық.
Сіз айтып бармасаңыз, ол байқамай қалама деп отырғаным ғой.
Beytanis
Эстетика, оған ештеңе түсіндіріп әуре болма. Ол, ол ше, ол бар ғой жарты данышпан! Бәрін біледі! уәқәқәқәқә
Gastarbaiter
Ол, ол ше, ол бар ғой жарты данышпан! Бәрін біледі! уәқәқәқәқә
Истерика ма деймін. Тә-әк, сестра, мынаған бес куб галоперидол салшы.
Beytanis
медсестра, бері кел, көңіл көтереміз!!!
Gastarbaiter
біреулер секілді "әзілдеп"

Еліктегенді қою керек.
Beytanis
Жаман әдет жұқпалы. Сені емдеу керек, әйтпесе микроб шашып болдың.
Gastarbaiter
Келген доқтырлардың бәрі менімен сөйлескен соң, өз денсаулығынан күмәнданып, люкс палатаға направление сұрайд нақ бажасстар. Мен бе кінәлі?
Beytanis
Сентиминтальный Хаустар десейші. Жағдайың сын көтермейді екен онда.
e_zhalgas
хаусты қорлама, ол үшін шаш жұлатын фанаттары бар екенін ұмыттың
Beytanis
Қасақана қорлап жатырмын, жиналсын бауырымен жорғалаушылар!!!
e_zhalgas
тасын ұқалаушыларға бола жинала қоюы екіталай
Beytanis
Сен келдім ғой, сол секілді бір-екі жорғалаушы тағы тартылып қалар. Сенің тасың шайқалмасын да, ок? )))
e_zhalgas
саған бола шайқалмайды, уайымдама, кішкене артық бағалап қойдың ғой деймін өзіңді…
Beytanis
Мұрнынан шертуге тұрмайтын шиголдың жанында өзімді артық бағаламағанда қашан бағалаймын?! Солай, ренжімей әрі ойнай ғой. Алтыным сол.
sammita
ертеңге анек дайындаңдар)
Abilakim
Сонда не, бүгін жұма емес пе?
sammita
құрыбар)) жанымдағылардан сұрап отырсам «бүгін жұма ма? деп. „Питьница ертең“ дит)
Abilakim
қайдан білейін, тікелей эфирде жұмалақ әнектер, жұма күнгі бояндар көзге түскенге…
sammita
бүгін архив күні.