Danke, Wien!



Өткен аптаның бел ортасында қарт Еуропаның орталығында орналасқан Вена қаласында болып қайттым. ЕҚЫҰ деп аталатын ұйымның екі күндік жиналысына. Бара салған бетте бауырлас блогшыларға арнап құлаш-құлаш жазба жазамын деп едім, қайдан, күні бойғы жиналыс пен кештік қыдырыстан уақыт артылмады. Оның үстіне төрт сағат артта жүретіні бар австриялықтардың, циферблат бойынша кешкі он болғанымен, денең үшін түнгі екі, қылжия бастайсың…

(“Е де…” Әңгіме тыңдап отырған Әбіләкім ауыр күрсінді).

Мәскеудің Шереметьевосында бір қалғып, бір мүлгіп, рейс аралық жеті сағатты өткіздік-ау… Венаға ұшқан ұшағымыз шынымен “ұшады” екен, қалт-құлт етіп зәрені алды.

Австрияның астанасына да жеттік. Қонақүйге “қатып” киініп алған, шашын жып-жылмағай етіп тарап, артқа қарата өсіріп жіберген, Armani-дан қара көзілдірік таққан түрік жігіт әкеліп тастады. Қуықтай-қуықтай тар, қисық-қыңыр, бірде асфальт, бірде тас көшелерді айналып жүріп әрең жеттік.



Алғашқы күні ары-бері шығуға шама болған жоқ, содан жата кеттік.

Бейсенбінің біраз уақытын базар аралаумен өткіздік. Базар болғанда туристері жыпырлаған емес, кәдімгі қаланың қарапайым базары.



Көкөніс, жемісінің бағасы бізден екі-үш есе артық екен. Бірақ, сұр-сипаты жаман көрінбеді.



Жалпы, Австрияның ұнағаны – жеген тамағыңның, ішкен суыңның табиғи дәмінің барлығы. Кәдімгі Сникерсті жеп көрдім (айтпақшы, бүгінгі Дүниежүзілік шоколад күні құтты болсын), біздегі сияқты аузың аздап сабын татып кетпейді, өте дәмді, нағыз тауар екені білінеді.

Базардан шығып, он екінші ғасырда алғашқы кірпіші қаланды деген әулие Стефанның шіркеуіне кірдік.



Түсте ЕҚЫҰ-ның кеңсесі орналасқан Хофбург сарайына бардық.



Көне құжаттар бойынша он үшінші ғасырдан бері австриялық билеушілерге баспана болып келген Хофбург кейін атақты Габсбургтар әулетінің қысқы тұрғын үйіне айналған екен. Қазір 2 600 бөлмесі бар сарайда Австрия президенті мен түрлі ұйымдар орналасқан.



Мына суреттің сол жағындағы балконда 1938 жылы 15 наурызда Гитлер өзінің атақты аншлюсын айтқан екен.

Енді жалпы сөзбен басыңызды ауыртпай, суреттер көрсетейін. Сұрақтарыңыз болса, айтарсыз.



Белгісіз батыр. Кім екенін меңгереалмадым.



Жерді көтеріп тұрған көк өгіз есіме түсіп кетті.



Хофбургтың қабырғаларындағы ескерткіштерден үзінді.



Сөз жоқ.



Вена Опера театры.



Мына көшені өзімізше Арбат деп атап алдық. Дүниежүзілік брендтардың көпшілігін көрдім осы жерден.

Шабыттанып бастаған жазбам, осылай бітті енді…
Бөлісу:

51 пікір

sammita
біздігідей жарқыратып, арзан материалмен көк-жасыл қып «айшықталған» қалалардан мынадай ғимараттар серезный, әдемі көрінеді екен. Ұнады.
AKY
Бұл ғимараттар ескіден қалған ғо, Киіп те сол. Әрине әдемі көрінеді, әйтсе де Астана туралы профессорым «Там роскошные современные здания» деген, если что.
Gulistan
Оо, Қисық, мәнді де сәнді сапар болған екен!
Былай қала сыртына шығып, жабайы табиғатына қарай алдыңдар ма?
Зальцбург осы жерден көп алыс па? — Сол қала — менің арманым!
satibaldi
Былай қала сыртына шығып, жабайы табиғатына қарай алдыңдар ма?
Австрияда ма???
Gulistan
Вена сыртын айтам.
qisyq
Екі жарым күн жетпеді қаланы жөнді аралай алмадық. Алла жазса, ораламын деп үміт етіп отырмын.
alisha
Хорбург сарайының қабырғасындағы тулардың ішінен Қазақстанды іздеп… таппадым…
Beytanis
Әлиша ханым, есік жағынан санағанда 7 не 8 болып тұрғандай…
VKM
Меніңше, бесінші тұр. Солдан
alisha
ол Швецияның флагы ғой…
Beytanis
Қырағы екенсіз…
alisha
Қырағы болғанда, анық көрініп тұр ғой, жәй ғана түстегі сәйкестік…
VKM
Алдында оның)
sammita
көрінбей тұрған болар, бас жағында, 1-ші тұрған шығар
alisha
Саммита, бас жағынан санағанда бірінші Украина тұр, демек біз соңынан санағанда біріншіміз
sammita
басы сол жақтан саналмай ма меніңше
«Барып қайту керек» дейтін пікірлерді көре алмай отырмын чета
alisha
солай ғой, бірақ есікпен еніп бара жатқан адам үшін 1-ші — есікке ең жақын тұрғаны ғой
qisyq
Қазақстанның туы бар. Бірақ, мынадай қызық болды. Орта шеніндегі қызыл, сары жолақтары аздап көрініп тұрған қырғыздардың туын көрдіңіз бе? Қазақстанның байрағы сол бауырлардың туының үстіне шығып, «артылып» алыпты. Венада қатты-қатты жел тұрады екен, содан болса керек.
alisha
қызыл-сары түстердің көптігі соншалық, қырғыздардың туын анық байқай алмай отырмын Қолыңызды созып, жөндеп жібере салмадыңыз ба?
qisyq
Қол жетпейді екен, былай аласа көрінгенімен, Сіз иығыма шығып жөндеп жібермесеңіз, басқаша түзейтін жол таппадым. Қызметкерлерге айтқам, жөндейміз деді.
alisha
жоқ, былай да аласа көрініп тұрған жоқ әзілдеп жатқаным ғой…
qisyq
Иии, жаны.
Есесіне, үлкен залда жиналыс өткен, қазақтардың туы ең бірінші болып тұр!
alisha
дәлел
qisyq
«Сабын салғышымның» қуаты бітіп қалып, суретке түсіре алмадым ол жерде, уа, айдай жүзі әлемге үміт сыйлаған Алиша!!!
alisha
Ештеңе етпес Аман барып, сау қайт!
Abilakim
Қайтадан кетіп қалып па еді?!
alisha
Енді баратын жерлеріне аман барып, сау қайтсын дегенім де!
VKM
Қайда кетқалған десем)))Күшті жазғаның
qisyq
Қайда кетқалған десем
спорный вопрос.
Abilakim
Бішкектен әкелмеген нәскиіңді Венадан алмаған шығарсың?
qisyq
Иииебаааа, не дид))))))))))))))))
VKM
Носки? Салжверин бе?))))
Abilakim
Ол Димаш екеуміздің арамыздағы әңгіме, а былай басқа -басқа нәскі-тұрсыға баймыз
sammita
Ол Димаш екеуміздің арамыздағы әңгіме
уооой, білеміз ғо, құпиясының түрін. Қисық Бішкекте саған нәски іздеп жүрмін деген.
satibaldi
Роха қалай???
qisyq
Изыди, изыди! Кет, бәлекет, кет! Айтпа ондайды! Тіфә, тіфә! Кет!
asaubota
маладес бауырым! осындай інішектердің бар болғанына қуанасың, щаруа істеп, жер дүниені шарлап қайтып жүрген.

репортажың күшті екен. ана Гитлер сөйлеген жерге барғым келіп кетті.

қыздары қалай екен? марқұм нағашы атамның соғыстағы күнделігін оқып едім, Австрияның қыздарын мақтап жазыпты
qisyq
Қыздары… вкусқа байланысты ғой. Бірақ, азиаттарға европалықтар, ал европалықтарға азиаттар (оның ішінде әсіресе тау халықтары, тсс) ұнайды деген теорияны ескерсек, бек жақсы. Жалпы немістер жақсы ғой… қыздары да жақсы…

Ал жалпы алғанда (бағана Саммитаға да айтып ем) адам сияқты өмір сүретіндердің ортасында болып келдім.
AKY
Керемет қала екен! Қызықтым
asaubota
енді, Австралия ғо
qisyq
Австралия
asaubota
Швецияның қасындағы ел емес пе?
alisha
Австрия, әлеумет, Австрия!
asaubota
соны айтып тұрған жоқпыз ба?
Altygradus
Қисық кенгуруларды көрдің бе
СЕндер Аршаттың приколын ұқпадыңдар
БушІІ Австрияға барып ап «кенгурулары қайда?» деген прикол бар
Ал ыдыстың астындағы тасбақалар ұнадыкүЧт
qisyq
Е, жалған-ай…
alisha
Деймін де… Буш туралы приколдарға қызықпайды екенмін…
blackbeard
Базардан шығып, он екінші ғасырда алғашқы кірпіші қаланды деген әулие Стефанның шіркеуіне кірдік.
Басты арманың орындалғанына қуаныштымын
qisyq
Қайда барасың жастарым-ау…
Aizhantabyn
oooo, inimka! Kuwti))) Aitpa, men Venaga bara almaityn siyaktymyn. Erten Geneve aralamak niet bar.  Suretter super! Gajap. Inim dese inimsin au  bir uakytta Europa aralap kettik DD
Suy kalai? Super ma?