Fanzone енді Европа лигасында!

Осындағы бірқатарымыз бірер күн бұрын УЕФА-ның чемпиондар лигасындағы фанзоунды бастап кеп жіберіп едік. Өз қалауымызша команда жасақтап, ұпай жинап, өзара жарысу бәсі. Енді бүгін кешке Европа алаңдарында жалауын көтеретін матчтардың да өз фанзоуны болғалы жатыр!

Мына бет арқылы өтіп, тіркеуден өтіп, өз командаңызды жасақтайсыз:
ru.uelfantasy.uefa.com

Ескерту: бүгін кешке, матч басталғанға дейін, бірер сағат алдын жасақтап қойғаныңыз абзал.

Рекомендация: Ойыншыларды ұзақмерзімді перспективамен таңдаған жөн. Мәселен, шабуылшының аты дардай болғанмен, ол сізге әр тур сайын алтын тұқым туып беріп отыра ма, сол мәселе. Одан гөрі, ортанқол командадағы еңбекқор, очко жинауға бейімдеу қорғаушыны таңдау дұрысырақ болып жатады кейде. Капитаныңызды таңдар кезде дұрыстап ойланыңыз, ол жинаған ұпайлар екі еселенеді!!!

Бүгінгі болатын ойындар:

21:00 Бешикташ — Маккаби Тель-Авив
21:00 Ганновер — Стандард
21:00 Динамо Киев — Сток Сити
21:00 Копенгаген — Ворскла
21:00 Лацио — Васлуй
21:00 ПАОК — Тоттенхем
21:00 ПСВ — Легия
21:00 ПСЖ — Зальсбург
21:00 С. Братислава — Атлетик
21:00 Хапоэль Тель-Авив — Рапид
21:00 Цюрих — Спортинг
21:00 Шемрок Роверз — Рубин
23:05 АЗ Алкмар — Мальме
23:05 Андерлехт — AEK
23:05 Атлетико — Селтик
23:05 Аустрия — Металлист
23:05 Бирмингем Сити — Брага
23:05 Брюгге — Марибор
23:05 Висла — Оденсе
23:05 Маккаби Хайфа — AEK Ларнака
23:05 Стяуа — Шальке
23:05 Удинезе — Ренн
23:05 Фулхем — Твенте
23:05 Штурм — Локомотив Москва
Бөлісу:

51 пікір

Nurgisa
Кешегі чемпиондар лигасына атсалысқан жігіттер, Әбіләкімдер қалыс қалмас деп ойлаймын!!!
asaubota
бұл командалардың көбісін дұрыс танымаймыз. ойыншыларды алған кезде сайттарды шарлап келген дұрыс, кімдер ойнайтыны туралы. өз чемпионаттарында соңғы турларда кімдер ойнағаны туралы.
asaubota
Лигаға қосылу үшін код: 37035-4207
Nurgisa
Лиганың аты да керек екен қосылу үшін…
asaubota
аты Kerek liga
Nurgisa
«Мини-лига не найдена. Пожалуйста, проверьте адрес электронной почты и попробуйте еще раз»
rauan97
жоға мен осы лигаға кірдім ғой кодты жаздым болды лиганың аты ошибка дегендер шыққын жоқ
asaubota
иә, Рауан қосылды ғой. мүмкін Нұрғиса сен байқамай Чемпиондар лигасы бетінде отырған шығарсың?
Nurgisa
Қосылдым. Жаңартудан кейін қосыламын сектаға сеткаға.
Бірінші турда Аршат мырза жаман жинамапсың! Әлемдегі 45 000 фанат қатысып отырған ойында 72, Қазақстанда 2 болу деген оңай емес…  Жарайсың, админ бей! Админ, бей!
asaubota
рахмет, соңғы ойындарға дейін жақсы жинап үлгердім де тек соңында А.Мадридтегі Фалькао мен Диего қалып еді. екеуі де жақсы жинады, голдар соғып
Nurgisa
Рыжиковтың қайтарған пенальтиін есептемегендері қызық болды. Статисттерінің қатесі ғой. Алкмаардан дұрыс таңдамаппын, сәл қиыс кетіпті.
asaubota
басқалардың құрамында бар болса берген шығар. мен қазақ болғасын әдейі бермей отыр еврейлер. ана бас жүлдедегі машинаны барынша бермеуге тырысуда қазақтың қара баласына.  сен қалай ойлайсың, дос?
Nurgisa
Негізі биылғы сыйлығы шынымен біраз брейнсторминг жасауға татиды екен. Чемпиондар лигасындағы фэнзоунда мұндай приз жоқ па деп қалдым?
asaubota
ЧЛ-дағы приздар:

Призы

Игровые дни 1-13
Лучший тренер по итогам каждого игрового дня на групповом этапе получит PlayStation 3.

1/8 и 1/4 финала
Победители этих фаз получат полный комплект PlayStation 3 с джойстиком PlayStation Move controller.

1/2 финала
Победители полуфинального эпа получат PlayStation 3, PlayStation Move и PlayStation Vita.

Гран-при
Лучший тренер сезона получит PlayStation 3, PlayStation Move и Sony 3DTV.


какой то бір ойыншық үшін анус жыртқым келмейді. бар күшімді ЕЛ-на саламын
Nurgisa
 ЧЛда небір жындылар барын растау керек. Мойындау керек.
Түсінбегенім: мысалы екінші ойын күнінде сен біраз ойыншы алмастырдың делік. Тиісінше, тегін ауыстырылатын біреуге қоса, қосымша ауыстырсаң, аздап жинағаныңнан минусталады. Сосын, мысалы, сол турда ең көп ұпай жинайсың визавилеріңнен. Бұл ретте сенің таза жинағаның есепке алына ма екен, әлде рұқсат етілгеннен астам ауыстыру жасағасын, ол ұпайлар да шегеріле ме екен…
asaubota
шегеріп жатады әйтеуір. оған қарамай жасай берем мен трансферлерді.
Nurgisa
Бұл жерде 90-ақ шартты ақша берілген. Тиісінше, қатты қымбат ойыншылар да жоқ.
Бәстің фавориттеріне Тоттенхем, Рубин, Лацио, Шальке және Динамо Киевті жатқызуға болатын сияқты.
asaubota
бұларда "құрғақ" ойындар аз болады. сондықтан қорғаныстан гөрі шабуыл жағын көп ойлау керек. кеше Чемпиондар лигасында жалғыз шабуылшымен ойнасам, бүгін 3 шабуылшымен шығудамын
asaubota
бас жүлде мынау екен:

Nurgisa
Мотивация бар, демек
rauan97
менде лига европа жарысында өз командамды жасап қойдым… мұныда корейк
asaubota
қалай, кешегі ойын ұнады ма? тур сайын қызық болады, әлі трансферлер жасайсың, кей ойыншылардың бағасы өседі. оларды сатып орнына басқаларын аласың. қызық обшым
rauan97
ия өте ұнады рахмет сізге сіздің арқаңызда біліп алдым осындай жақсы сайт, ойындарды
balzaminka
бізге ужы кеш пе? машинаны көріп қызығып кеттім
asaubota
кеш емес әлі. келесі турдан бастай бер, көп жинасаң тез жетіп аласың.
Nurgisa
Иә, кеш емес. Команда жасақтамас бұрын кемінде бес-алты жыл футбол нарығын зерттеп, ойыншылардың өмірбаяндарын електен өткізгейсің
TERISKEY
мәссаған! Барлық қызық мұнда екен ғо, мен де ойнайм!
Nurgisa
Мдәәә, TERISKEY… таныдым, таныдым сені…
balzaminka
новичкам и дуракам везет деген ғо, кім біледі азулы жеңе ме, несібелі жеңе ме
Nurgisa
Олай казинода айтады. Аңқауларға алдында жеңгізеді де, кейін терісіне дейін сыпырып алады. Оларға сенбе.
balzaminka
Жиырма тоғызына дейін команда жасақтап қажеті жоқ шығар, ия?

Сосын ана кодты қайда жазу керек, код сұрап жатқан ешкім жоқ
Nurgisa
My team, Transfers дегеннен кейін, LEAGUES дегенді таңда, шыққан бетте Аршат көрсеткен кодты енгіз. Арамызға қош келдің!!!
balzaminka
Рахмет, Аршаттың ойыншыларын сатып алып ұпай жинайм ғо дим
Nurgisa
Жоқ, олай жасама. Бұл турда қырып ұпай жинағандар келесі турда мүлдем аз жинауы мүмкін. Әр турға ойындарға қарап лайықтап құрастыру керек тобыңды. Содан соң аздап аналитиканы оқу керек. Біраз тырыссаң, бірінші болуға болады әбден.
zhastar
Командаға гол салады ау деген шабуылшыларды және гол жібермейтін команда корғаушылары мен қақпашыларын жинаса жақсы ақ)
Кешегі ЛЧ ойындарын осылай толтырғанмын. Бәрі ойдағыдай болып 1 ойыннан 72 ұпай жинадым
asaubota
жарайсың, құттықтаймын!

менде бүгін нашар басталды. Рыжиков өткен турда ең үздік болып еді, бүгін бір ұпай ғана алды.
Nurgisa
Рубин лағып кетті. Фулхемнен неге алмағанымды түсінбеймін. Қазақстанның біріншісі әлемдік рейтингте де жақсы орында, елдің жалауы мен мұндалайды жалпы лидербордта.
Қорғаушылар негізі жақсы таңдасаң көп ұпай әкеледі: гол жібермесе +4, гол салған адамға пас берсе +3, өзі гол соқса +6, қарсыластың бір біріне асырған 5 пасын бөгеттесе +1… 20 ұпай жинайтын қорғаушылар да бар. Сондайларды капитан етіп қойсаң…
Abilakim
Ал, мен тіркелдім Керек лигаларыңның ақырғы жағынан орын алдым…
Nurgisa
 Қош келдің! Чемпиондар лигасы онша қызық емес қой: ел аузында жүрген ойыншылар болғасын шамамен білесің шама-шарқын. Ал Лига Европада ортанқол командалар, шынымен мықты сараптауың керек. Сәттіліктер тілеймін!
Abilakim
Екеуіне де екінші турдан қосылдым.Сендермен келесі жылы сөйлесем)))
asaubota
мен 12 ұпай ғана алыппын
Nurgisa
Саламатсыз ба  Кеше өзі бір тентек күн болды. Бірақ, 75 ұпай алғандар да бар екен…
konvict
Менікі 18 ғана, Лигада қол жүрер емес
Nurgisa
келесі турға Стоук ситидің қорғаушылары мен Шалькенің шабуылшыларын алуды ойланып көріңдер.
rauan97
оййййй мен керек лигада 3 орында тұрмын бұл деген нашар көрсеткіш крауч, фалькао, модрич, пасторе дегендерге сеніп едім тук шықпады жақсы көрсеткіш көрсетіп 80 нен асам деп ойлаған едім 64 кеп тоқтапты
Nurgisa
Жаман емес, Рауан. Бұл турда 49 ұпай жинапсың, жалпы 64. Бұл жаман көрсеткіш емес. Ана машинаны жеңу үшін бар интуицианы қосыңдар іске. Командаларыңды қазір ауыстырмаңдар, тур ойналатын күні ауыстырыңдар. Қай команадада қай ойыншылар шығатынын да зерделеп біліп алыңдар. Тағы бір кеңес: байқадыңдар ма, қорғаушылар жақсы жинап жүр? Тиісінше, капитан етіп өзіңіз сенім артқан қорғаушыны таңдап алғаныңыз абзал.
rauan97
рахмет кеңісіңізге