Сіздің жаңа жылға көзқарасыңыз?

Блог - Ereimen: Сіздің жаңа жылға көзқарасыңыз?Қайырлы күн керекшілер!!! көп болды блог жазбағалы, бүгін өзекті тақырыптардың бірі жаңа жыл туралы керекшілердің ойын білігім келіп отыр.
Қоғам болып қосылып, ел болып бірігіп тәуелсіздік тойлауы аяқталысымен қоғам пікірі екіге жарылады. тойлайтындар немесе бар білгенін айтып жаңа жылды таттаушылар ал сіз қай жағындасыз.
жалпы ғаламторды ашып қалсаңыз тілек іздеп шапқылағандармен тойлау дұрыс па деген сұрақ қойғандар толып жатыр.
сонымен
тойламайын деушілердің пікірі мынау.
Әрі қарай

Грант! Грант! Грант!

Менде бір керемет сюжет бар...: Грант! Грант! Грант!

Ұлы қолбасшы Улисс Гранттың мүрдесі қабірінде жылына екі рет аунайды: бір рет — туған күні — 27 сәуірде Ұлттық Мемориалдық Мұражайда еске алынғанда; екінші рет — қаззақтар тамыз айының басында грантқа түскендердің тізімін іздегенде.
Әрі қарай

Қымызды қалай ішу керек?

Қымызды ұлттық сусынымыз дейміз, жұрт патенттеп жатыр дейміз. Бірақ сол қымызымыз туралы қазақша нақты ақпараттар жоқ екен интернетте. Қымыз түрлері, дайындалуы, пайдасы туралы бар да, ал қымызды қалай ішу керегі туралы ешкім жазбапты. Амал жоқ Рунетті шарлауға мәжбүр болдым. Сонымен қымызды қалай ішеміз?

Бұрын қазақтар күніне 10-15 литрдей ішкен екен. Қазір әрине организміміз ондай жүкті көтере алмайды. Сондықтан арнайы графикпен ішкен дұрыс. Тәулігіне 100 миллилитрден 6 рет ішу керек. Мөлшерін көбейте отырып, бір күнгі норманы 2 жарым литрге жеткізуге болады. Қымыз ашқарынға, бөлме температурасымен аз ұрттаммен ішіледі. Таңғы және түскі астан кейін кем дегенде 1 жарым сағаттан кейін ішкен дұрыс. Ал кешкі астан кейін ішуге болмайды. Кешкі асқа дейін де 1 жарым сағат бұрын ішу керек.
Әрі қарай

"Аруақ атқыр, Адайлар..."

Батыста бір қала бар Өзен деген.
Ісіне Тәңірімнің төзем деген.
Өрлігін, көкірегін басты талай,
Өзінше өңшең қырттың өжеңдеген.

Батыста бір қала бар Өзен деген
Қаруын дұшпан бар ма кезенбеген.
Жапқаның жаралы елге жылтыр шапан,
Бөз емес жан жарасын Сөз емдеген.

Үлкендер, қайдасыңыз, көрісейін!
Замандас, тай-құлындай тебісейін.
Тас шіркін ауыр дейді, түскен жерге,
Қайғыңды қараөлеңмен бөлісейін.

Береді көп тілегі батылға дем!
Батыр сол — қайрат болса ақылға тең!
Жылында сексен тоғыз лапылдап ең,
Тап бұлай Өзен бірақ, атылмап ең.
Әрі қарай

Мен енді ұстаз емеспін

Қысқасы жұмыстан шықтым, осы екінші тоқсаннан бастап жұмыс істемейтін болып шештім.

Басты себеп жалақы мәселесі, былтырғы оқу жылында сағатым аз болғандықтан, педагог ұйымдастырушы деген лауазымсымақты қоса атқардым, негізінде біздің мектеп орталау мектеп (тоғыз жылдық) бала саны да аз болғандықтан педагог ұйымдастырушы лауазымына штат ашуға заң жүзінде болмайтын еді, бірақ директорымыз өзіме көмекші болсын деген оймен, жұмысшының жарты жүктеме айлығын маған жазып пед-ұйымдастырушы деген қалпақты кигізе салған еді.

Сонымен не керек бір жыл бойы мектептің қағаз жұмыстарының көп бөлігі менің мойныма түсті, сабақ өтілмей қалатын кездер көбейді, директор таңдауның маған түсуі компьютерден аздап хабарымның болғандығында еді. Биылға оқу маусымында мен бұл жұмыстан бас тарттым, тыныш сабағымды өтіп жүрейін дедім, бірақ ойымдағыдай болмады, маған тиесілі 5 сағатқа директордың әйелі иелік етіпті, ол кісі анау-мынау емес ЖенПИ-дің сырттай бөлімінде 1-курс оқып жатыр екен, қош дедік, сонымен менің еншіме 8 ақ сағат бұйырыпты, айлығым 23000 теңге екен. Мұғалім үшін қыркүйек айында сағат алу өте маңызды, сағатыңа қарай жалақың да болады. Күзде сағат алу үшін өзге жыныстылармен жаға жыртысуға тура келетін кездерде болады, бірақ ондайға бармадым.

Екінші себеп ол жер менің ортам емес еді, мысалы мен мұғалімдерге арнап веб сайттар ашумен айналысатынмын, әрі веб бағдарламауға аздап әуесқойлығым бар екенін осындағылар білетін шығар, бірақ біздің ұжымнан ондаймен айналысатынымды ешкім білмейтін, білгісі де келмейтін немесе түсінбейтін еді, есесіне сайтқа байланысты әртүрлі қолдау қолпаштаулар мен сын-ескертпелерді басқа мектептің, басқа ауданның, басқа облыстың мұғалімдерінен еститінмін.

Үшінші себеп өзімді басқа саладан сынап көру көптен ойымда жүретін тек жақындарымның көңілдерін қимай мектепте істей бердім, жоғарыдағы себептер жақсы сылтау болды бір жағынан, енді біраз уақыт басымды тауға да тасқа да ұрып көрмекпін.

Бұл сіздерге мұң шағу емес тек ой бөлісу, сыбайласып қамқорлық жасаймын дегендерге алғыстан басқа айтарым жоқ, негізі жұмыстан шығу аса қорқынышты нәрсе емес екен.
Әрі қарай

Қазіргі қазақ жігітінің портреті

Еліміздің тізгінін ұстап тұрған ерлер. Оны Құдай әйелден артық етіп жаратты және берген барлық несібесі үшін жауапкершілік артты. Олар біздің қорғанымыз, сенеріміз, үміт арқанымыз. Сіздің достарыңыздың, әріптестеріңіздің, тумаларыңыздың арасында қайсысы көбірек? Қазіргі қазақ жігітінің дені қандай? Сонымен,…
Жігіттің сұлтаны. Ол жан-жақты. Техникадан да, саясаттан да, мәдениет, әдебиет, тарихтан да, діннен де хабары бар. Кез келген тақырыпта орысша да, қазақша да әңгіме өрбіте алады. Әдетте кем дегенде бір шет тілін меңгерген. Міндетті түрде әр құбылысқа өзінің көзқарасы болады.
Еңбекқор. Ес білгелі өзінің қажеттеріне жарайтын табыс көзін таба біледі.
Ибалы. Ата-анасын асырайды, жалпы қарттарды сыйлайды. Әрқашан олардың көңілінен шығуға тырысады.
Талапкер. Өзіне әрдайым сын көзбен қарайды. Қандай мамандық иесі болса да өз шеберлігін үнемі шыңдау үстінде болады. Міндетті түрде негізгі кәсібінен бөлек жақсы көретін ісі болады. Қазіргі тілмен айтқанда «хобби». Сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр сөзіне, әр ісіне жауап бере алады. Әйел затын қадірлей біледі. Жарына, анасына үнемі көмектесуге тырысады және оны жырлап мақтанбайды. Үш жылдық азығы дайын. Оның отбасы жақын болашағына алаңдамайды. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайды. Отбасын өзі асырап, әйеліне жүк артпайды, және оның бәрін міндетсінбейді.
Тырысқыш. Алдына мақсат қойып, соған жете біледі. Он рет жығылса да, еңсесін түсірмей, ақырында ойлағанын орындайды.
Сабырлы, ұстамды. Қиын жағдай туа қалса өзі шешім тауып, тығырықтан шығады.
Арақ ішпейді, темекі шекпейді. Салауатты өмір салтын ұстанады.
Намысшыл. Халқы, елі, жері үшін қасық қаны қалғанша күресуге дайын.
Мұндай жігіттің досы, ата-анасы, бауырлары, ең әуелі жары бақытты, арманы жоқ деп есептеймін.

Мігіт. Орыс тілді болса, жалпы өз ұлтының қандай болса да белгілерін менсінбейді, тіпті жек көреді десе де болады. Орысша сөйлейді, бірақ сауатсыз. Қазақтілді болса, қазақтан өзгені жек көреді, бірақ қазақша бір шумақ өлеңді де жатқа білмейді. Өзге ешқандай ұлтты менсінбейді. Сөздік қорында көп болса жүз сөз. Оның елу пайызы боқтық сөз. Өз көзқарасы болмайды. БАҚ я болмаса біреудің айтқан сөзімен сөйлейді.
Жалқау. Жұмыс істегенін міндетсінеді. Мұндай жігіт әйелін үйде отырғызбайды. Өйткені ол айналасындағылырдың бәрімен санасып отырады. Бірақ өзі жұмыссыз қалса, әке-шешесінің, әйелінің мойнында отыруға намыстанбайды.Таңертеңнен кешке дейін әйелі, я болмаса ата-анасы жұмсамаса, ештеңе істемей жата береді. Ал жұмсаған жағдайда, бұлқан-талқан болып, оның өзінде істі аяғына дейін тындыра алмайды. Содан соң шала істеген шаруасын он жыл жырлайды мақтанып.
Ата-анасын сыйламайды. Оны дүниеге әкеліп, өсіргеніне рахмет айтудың орнына оларды боқтан өзгеге кінәлайды. Тіпті әйелінің көзінше де оларды боқтап алуға ұялмайды. Қоғамдық көлікте қасында қарт тұрса да, іші шермиіп аяғы ауыр әйел тұрса да көрмегендей отыра береді.
Тоқмейілсіп жүре береді. Уақытын теледидар мен интернетке жұмсайды. Компьютерде білетіні тек ойын мен әлеуметтік желілер. Тіпті ең қарапайым бағдарламамен әрең жұмыс жасайды.
Әйел затын қадірлемейді. Бірақ тек соның көмегімен ғана өмір сүреді. Бұндай жігіттер әйелі мен анасына күң ретінде қарайды. Олар үшін бәрін әйел жасауға міндетті.
Жауапсыз. Тапқанын жылтыраққа жұмсағанына мәз. Бұндайлардың әйелі отбасының болашағына үнемі алаңдаумен жүреді. Өйткені мігіттердің қолдарынан боқ та келмейді.
Сабырсыз, шыдамсыз. Жұмысында, жеке басына күн түссе, не істерін білмей, ашуланып, айналасындағылардың миын шірітіп жібереді. Күйгелек, түймедейді түйедей қылады. Өз бетімен ешқандай шешім қабылдай алмайды. Не болса соған көкбеттеніп ұрысуға дайын тұрады.
Намысы жалған. Отбасында қиын жағдай болса, бірінші қашады. Қара жұмыс істеуге намыстанады, бірақ көлігі сынып қалса, бөтен біреуден көмек сұрап жалынуға намыстанбайды.

Дүбәра. Я еркек емес, я әйел емес түсініксіз бірдеңе. Көп қасиеттері мігіттікіндей. Бар білетіні қарап жүріп өзіне, айналасындағыларға проблема туғызу. Мұндайлар ата-анасының, болса әйелінің, бауырларының соры. Эгоист. Өзінен басқа адам ол үшін адам емес. Ештеңемен шаруасы жоқ. Араққа, нашаға жақын. Жықындарын сабап алудан таймайды.
Сөзі бос. Айтқанында ешқашан тұрмайды. Айтқаны өсек-өтірік. Оған ешкім де сенбейді, одан әрі жүруге тырысады. Көбіне жұмыс істемейді.
Өміріндегі барлық сәтсіздіктері үшін міндетті түрде өзінен бөтен кінәлі адамды табады.
Әйелдерді жек көреді. Оған әлемдегі барлық әйелдер қас болып көрінеді. Тіпті анасы да. Оларға зорлық-зомбылық жасаудан тайынбайды. Және бұл ісіне әйелді кінәлайды.
Кекшіл. Келіспесе бауырын бауыздап тастауға да бар.
Әрі қарай

Қай (кімнің концертіне) концертке барар едіңіз?

«Талғамға талас жоқ» деген сөз бар. Оған дауым жоқ. Бұл жолғы талғамымыздың құрбандары әншілер болсын делік. Мысалы, сіздің қолыңызға бір күнге, бір уақытқа екі билет берілді делік. Біреуін таңдап сол әншінің концертіне баруыңыз керек. Сіз қайсын таңдар едіңіз? «Бармаймын» деген жауап саналмайды, біреуін таңдаңыз және себебіне тоқтала кетіңіз.

1) Бақтияр Тайлақбаев және Құдайберген Бекішов
2) Меруерт Түсіпбаева және Айгүл Иманбаева
3) Еркін Нұржанов және Қайрат Нұртас
4) Қайрат Байбосынов және Рамазан Стамғазиев
5) Гауһар Әлімбекова және Баян Нұрмышева
Әрі қарай

Жалғас Ертаймен болған сұхбат


Мына фигураны «Керектіктерге» таныстырудың қажеті жоқ шығар. Биылғы блогқұрылтайда өз басыма Жалғастың презентациясы қатты ұнағанын айта кетейін. Әрине, «Керектіктер» үшін Жалғастың кейбір айтқандары «тізесі шыққан» тақырып болуы мүмкін. Бірақ, жұрттың барлығы бірдей емес, біреу біледі, біреу білмейді дегендей. Айтпақшы, құрылтайда Нұрғисаның да жасаған презентациясы ұнады.

Жалғас ЕРТАЙ, блоггер, «WikiBilim» қоғамдық қорының қызметкері, «Центр тяжести» сайтының редакторы:

«Қоғам қандай болса, оның интернеті де дәл сондай болады»

«Интернет журналистен универсал болуды талап етіп отыр»

«Қазақтілді интернеттің бар екендігін дәлелдейтін уақыт келді»
Әрі қарай

"Ө"-ге оралу

Осы жолғы демалысымның 3 күнін қиып Өзбекстанға барып қайттым.
Әкем екеуіміз 16 сәуір таңертең Шымкент қаласынан Жібек Жолы өту бекетіне (таксимен 1000 теңге) келдік. Шекарадан өтпей тұрып, ақшамызды айырбастадық (айырбастау бөліміндегілерден аздап консультация алып, бар жоғы 40 мың теңгені 19,2 курсымен 768 мың сумға айналдырдық).
Әрі қарай

СЕН МЕНІ ЕСІҢЕ АЛ....



Менің өмірімдегі сәулелі сәттердің көбі Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп – интернат қабырғасында өтті
Әрі қарай