Қазіргі қазақ жігітінің портреті

Еліміздің тізгінін ұстап тұрған ерлер. Оны Құдай әйелден артық етіп жаратты және берген барлық несібесі үшін жауапкершілік артты. Олар біздің қорғанымыз, сенеріміз, үміт арқанымыз. Сіздің достарыңыздың, әріптестеріңіздің, тумаларыңыздың арасында қайсысы көбірек? Қазіргі қазақ жігітінің дені қандай? Сонымен,…
Жігіттің сұлтаны. Ол жан-жақты. Техникадан да, саясаттан да, мәдениет, әдебиет, тарихтан да, діннен де хабары бар. Кез келген тақырыпта орысша да, қазақша да әңгіме өрбіте алады. Әдетте кем дегенде бір шет тілін меңгерген. Міндетті түрде әр құбылысқа өзінің көзқарасы болады.
Еңбекқор. Ес білгелі өзінің қажеттеріне жарайтын табыс көзін таба біледі.
Ибалы. Ата-анасын асырайды, жалпы қарттарды сыйлайды. Әрқашан олардың көңілінен шығуға тырысады.
Талапкер. Өзіне әрдайым сын көзбен қарайды. Қандай мамандық иесі болса да өз шеберлігін үнемі шыңдау үстінде болады. Міндетті түрде негізгі кәсібінен бөлек жақсы көретін ісі болады. Қазіргі тілмен айтқанда «хобби». Сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр сөзіне, әр ісіне жауап бере алады. Әйел затын қадірлей біледі. Жарына, анасына үнемі көмектесуге тырысады және оны жырлап мақтанбайды. Үш жылдық азығы дайын. Оның отбасы жақын болашағына алаңдамайды. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайды. Отбасын өзі асырап, әйеліне жүк артпайды, және оның бәрін міндетсінбейді.
Тырысқыш. Алдына мақсат қойып, соған жете біледі. Он рет жығылса да, еңсесін түсірмей, ақырында ойлағанын орындайды.
Сабырлы, ұстамды. Қиын жағдай туа қалса өзі шешім тауып, тығырықтан шығады.
Арақ ішпейді, темекі шекпейді. Салауатты өмір салтын ұстанады.
Намысшыл. Халқы, елі, жері үшін қасық қаны қалғанша күресуге дайын.
Мұндай жігіттің досы, ата-анасы, бауырлары, ең әуелі жары бақытты, арманы жоқ деп есептеймін.

Мігіт. Орыс тілді болса, жалпы өз ұлтының қандай болса да белгілерін менсінбейді, тіпті жек көреді десе де болады. Орысша сөйлейді, бірақ сауатсыз. Қазақтілді болса, қазақтан өзгені жек көреді, бірақ қазақша бір шумақ өлеңді де жатқа білмейді. Өзге ешқандай ұлтты менсінбейді. Сөздік қорында көп болса жүз сөз. Оның елу пайызы боқтық сөз. Өз көзқарасы болмайды. БАҚ я болмаса біреудің айтқан сөзімен сөйлейді.
Жалқау. Жұмыс істегенін міндетсінеді. Мұндай жігіт әйелін үйде отырғызбайды. Өйткені ол айналасындағылырдың бәрімен санасып отырады. Бірақ өзі жұмыссыз қалса, әке-шешесінің, әйелінің мойнында отыруға намыстанбайды.Таңертеңнен кешке дейін әйелі, я болмаса ата-анасы жұмсамаса, ештеңе істемей жата береді. Ал жұмсаған жағдайда, бұлқан-талқан болып, оның өзінде істі аяғына дейін тындыра алмайды. Содан соң шала істеген шаруасын он жыл жырлайды мақтанып.
Ата-анасын сыйламайды. Оны дүниеге әкеліп, өсіргеніне рахмет айтудың орнына оларды боқтан өзгеге кінәлайды. Тіпті әйелінің көзінше де оларды боқтап алуға ұялмайды. Қоғамдық көлікте қасында қарт тұрса да, іші шермиіп аяғы ауыр әйел тұрса да көрмегендей отыра береді.
Тоқмейілсіп жүре береді. Уақытын теледидар мен интернетке жұмсайды. Компьютерде білетіні тек ойын мен әлеуметтік желілер. Тіпті ең қарапайым бағдарламамен әрең жұмыс жасайды.
Әйел затын қадірлемейді. Бірақ тек соның көмегімен ғана өмір сүреді. Бұндай жігіттер әйелі мен анасына күң ретінде қарайды. Олар үшін бәрін әйел жасауға міндетті.
Жауапсыз. Тапқанын жылтыраққа жұмсағанына мәз. Бұндайлардың әйелі отбасының болашағына үнемі алаңдаумен жүреді. Өйткені мігіттердің қолдарынан боқ та келмейді.
Сабырсыз, шыдамсыз. Жұмысында, жеке басына күн түссе, не істерін білмей, ашуланып, айналасындағылардың миын шірітіп жібереді. Күйгелек, түймедейді түйедей қылады. Өз бетімен ешқандай шешім қабылдай алмайды. Не болса соған көкбеттеніп ұрысуға дайын тұрады.
Намысы жалған. Отбасында қиын жағдай болса, бірінші қашады. Қара жұмыс істеуге намыстанады, бірақ көлігі сынып қалса, бөтен біреуден көмек сұрап жалынуға намыстанбайды.

Дүбәра. Я еркек емес, я әйел емес түсініксіз бірдеңе. Көп қасиеттері мігіттікіндей. Бар білетіні қарап жүріп өзіне, айналасындағыларға проблема туғызу. Мұндайлар ата-анасының, болса әйелінің, бауырларының соры. Эгоист. Өзінен басқа адам ол үшін адам емес. Ештеңемен шаруасы жоқ. Араққа, нашаға жақын. Жықындарын сабап алудан таймайды.
Сөзі бос. Айтқанында ешқашан тұрмайды. Айтқаны өсек-өтірік. Оған ешкім де сенбейді, одан әрі жүруге тырысады. Көбіне жұмыс істемейді.
Өміріндегі барлық сәтсіздіктері үшін міндетті түрде өзінен бөтен кінәлі адамды табады.
Әйелдерді жек көреді. Оған әлемдегі барлық әйелдер қас болып көрінеді. Тіпті анасы да. Оларға зорлық-зомбылық жасаудан тайынбайды. Және бұл ісіне әйелді кінәлайды.
Кекшіл. Келіспесе бауырын бауыздап тастауға да бар.
Бөлісу:

53 пікір

MickThatsMyNick
Қазіргі қазақ қыздарының портретін күтеміз. Орысша түсінетін шығарсыз, онда мына сілтемеге басыңыз, осында жігіттердің түр-түрлері туралы айтылған. Мысалы: жігіт не еркек өзіне сенімді болса, әйеліне адал болуы екіталай, ал егер өзіне сенімсіз болса, ол адал бола алады, бірақ ондай еркек әйелге керек пе?! Сондықтан әр нәрсенің қарама-қайшылықтары болады, ең бастысы бізге бірінші кезекте не керек екендігін анықтау, бәрі чики-чики болу өте сирек. Кейбіреулері «чики-чики»-ді кезеңдерге бөліп, бөлшектеп жинайды, бірақ көп жағдайда соңына шейін құрастыра алмай бір жерге тіреліп қалып жатады (ауыспалы мағынада). Сосын автобуста орын бермей отырған ерлер кеше қыз үшін төбелесіп, емханаға түсіп, одан шығып, аяғы ауырып отыру мүмкін ғой.)) Ерлер мен әйелдер арасында екі жақты түсіністік болған дұрыс.
aza
Құдаша, тереңірек көз жіберсеңіз екен, бірдеңе шимайларда. Қазақтың жігіті тек осы үш типке ғана бөліне ме екен?! Мен, мысалы, сіз ұсынған үш типке де сыймаймын. Үшеуінде де де менің бойымда кездесетін қасиет, қылықтар бар. Сіздікі әлгі «болсаң зікірші бол, болмасаң уахабби дейміз» дейтін сматуллашылардікіндей болды…
bizbike
жігіттер қыздар туралы көп жазады, әйелдерге көп кінә артады. Бәрі әйелге байланысты деп жатады. Келісемін, басқа типтер де бар, бірақ мен бұл жерде тек осы үш түрлі жігіттен бөтені жоқ деп кесіп айтып отырған жоқпын ғой. Негізі қазақ жігіттері мен қыздары, ерлері мен әйелдері бір-бірін кінәлай бергенше, өз кемшіліктерін түзеп алса екен.
a63a1
Кез келген тақырыпта орысша да, қазақша да әңгіме өрбіте алады.
ағылшынша өрбітсе бұл критерийге кірмей қалама?
a63a1
Жігіт сұлтандары хатонының көзіне шөп салмайды деп кім айтты, жазғасын осыны да жазу керек. жалпы пенде пенделік жасамаса несі пенде?
a63a1
Арақ ішпейді, темекі шекпейді. Салауатты өмір салтын ұстанады.
Арақпен қоса салауатты өмір сүретін жігітті білем, ол да өзінің жарына жігіттің сұлтаны
a63a1
Мектепте жүргенде Сакошта жігіт сұлтанын жеңіп шығып, әдеттегіндей мектептің артына барып екі бөтелке «талас» бір палкі галбасамен жуып тастаған
bizbike
Мысалы, бабаларымыз жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалды. Ал қазір көп жерлерімізді көршілеріміз ерлеріміздің көзін бақырайтып қойып басып алып отыр. Бұрынғының ерлері кезінде әйел адамды қорлау, зорлап кету деген болмаған. Қазір көшеде сол бізді қорғайды дегендер қыз-келіншектерге зорлық-зомбылық көрсетеді. Бұрын әйелді ері асырайтын, ал қазіргі жігіттердің жазатыны "қыздар күйеуім асырайды деп оқымайды, масыл болып отырады". Бұрын ерлер ұрпағым болса екен деп, сол үшін өмір сүретін, қазір ажырасады да, тіпті алимент те төлемейді. Қыздарды оқымайды деп кінәлайды, спортпен айналыспайды дейді, бірақ айналаңа қарасаң ЖОО қыздар көп, мұғалімдердің арасында әйелдер көп, дәрігерлердің арасында әйелдер көп. Сонда ерлеріміз қайда? Олар көбіне көп күзетші, одан қалды шопыр т.б. Инженер, программисттердің дені басқа ұлт өкілдері ерлердің арасында. Қарап отырсаң әке-шешесіне пайдасын көбірек тиіп отырған да қыздары. Ұлы асырамай, қыздары асырап, бауырларын аяғына тік тұрғызамын деп, тұрмысқа шықпай қалып жатқан да қаншама қыздар бар. Одан қалды қайсыбір себептермен күйеусіз бала тауып, сол жүкті өзі артып жүрген келіншектер қаншама. Неге бұрынғының ерлері кезінде мұндай болған жоқ, ал қазір бар? Неге мұсылман елдерінде мұндай құбылыс жоқ, ал бізде тіпті қалыпты жағдайға айналып кетті? Қазір бұған бәрі әйелге байланысты деген жауап болатынын болжап тұрмын, сонда ерлер не үшін қажет?
edige
Сіздің тиек еткен аргументтеріңіздің дені қарсы жыныстыларды тең құқықты етуден басталған…
Неге мұсылман елдерінде мұндай құбылыс жоқ?
Бар.
айналаңа қарасаң ЖОО қыздар көп, мұғалімдердің арасында әйелдер көп, дәрігерлердің арасында әйелдер көп
Нәзік жыныстыларымыздың көптігі демографиялық жағдайға байланысты және де клининг компанияларда жүрген қыздарымызды тілге тиек еткеніңіз жөн шығар.
a63a1
Міндетті түрде негізгі кәсібінен бөлек жақсы көретін ісі болады.
Артем Ахметұлы деген көрші подъездті паналайтын бомж ағайдыңда қоқыс жәшігін аралаудан басқа ішіп алып ән айтатын әдеті бар, тым қатты жақсы көреді сол ісін
bizbike
мұнда әйелінің көзіне шөп салады/салмайды деген әңгіме қозғалып отырған жоқ. Әйелдің көзіне шөп салмайтын мыңнан біреуі болар. Жалпы ер адам полигам болған соң ол тақырыпты қозғау артық. Меніңше кім болса сонымен байланысқаннан салғанынан көрі, жағдайын жақсартып, екінші әйел алған дұрыс. Өзіне де сауабы көбірек болар еді, еліне де бұдан пайда көбірек болар еді. Мәселе тек, ер адам оның барлығын ойламай, тек нәпсісіне еріп оңайырақ жолды таңдап отырғанында.
a63a1
Мен көбіне оңайдан ойыстырып жүрем, менде мігіт?
seyh
әр жыныс қарсы жынысты сынап түзетуге тырыспай, әркім өз жұмысын тыңғылықты істесе болды мен үшін. Жынычсаралық тартыс бітпеген әрі бітпейтін тақырып. Қанша адам болса сонша пікір айтылады бұл турасында.
omarbirat
Аталған үш санаттағы адамдар табиғатта таза күйде кездесе қоймас. Біреуді мақтау немесе жамандау үшін бір ғана қасиеті көрінсе жетіп жатады әдетте
Ereke
Сөздік қорында көп болса жүз сөз. Оның елу пайызы боқтық сөз.
Шымкенттіктер жайлы айтудасыз ау)))
Marco
Ол жан-жақты. Техникадан да, саясаттан да, мәдениет, әдебиет, тарихтан да, діннен де хабары бар.
Марсель Көшімхан?
VKM
Мына квалификацияға күлкім келіп отыр, керекші жігіттерді бірнәрсе қылып осы 3 топтың біріне келтірсе)))
Gastarbaiter
Мынаны бұрын көрмеппін. Бірінші топты оқып отырып, "Өй, мынау мен ғой, мынау да мен нақ" деп мәз боп отырдым да, екінші топтан да өзімді тауып, "өөйөй, нақ мігіт те мен екем ғой" деп енегім езіліп, жаныма батып кетті.

Біртүрлі жағымсыз әсер қалдырды жазбаңыз. Бірақ мен сияқты сұмырайларға осындай шымшыма алып отырған артық етпейді. Басқалар да пайдасына жаратады деп ойлаймын.
Соңғы түзету:
konvict
Мен де өзімді екі топтан таптым))
asaubota
мынаны Сатыбалды да көрмеген шығар? көрмегені дұрыс негізі.

тым біржақты жазылған.
Adiletshu
Ұнады. Осыған қарап өзіңді түзеп отыруға болады
Adiletshu
Сосын, Әнуәрбекқызы, сіздің жазбаларыңызды оқығанда еркектер көп қиянат жасаған, еркектерден көңілі қалған, жалғыз басты әйел болып елестейсіз. Неге өйтесіз…
Aya
Gastarbaiter
Ай бір жаның кіріп қалады-ау. Өмірімде қатындардан ұйымшыл, бір-біріне тілеулес, бір біріне бауырмал халық көрмедім.
Sashok
Соны айтам, жырқылдап жаны кіріп қалд.
Gastarbaiter
Меніңше екеуін бірдей көрген. Әйтпесе, жігіттің сұлтаны болмайды деуші еді. Есесіне еркекке жақпай қалудан қорқып сынауға бата алмай, аузын көт қылып бүрістіріп, өтірік сызылып ғана отыратындардан еместігі ұнайды.
bizbike
негізі бұны орташа есеппен қазақ қызы деген постты оқып жазғанмын. Яғни неге ер кісілер, әсіресе қазақтың, бір жеріне қарап алмай әйелдердің кемшіліктерін айтудан/жазудан жалықпайды екен деген оймен. Жалғыз басты емеспін, еркектен көргенім қарапайым қазақтың әйелінің көргенінен артық емес, бірақ кейде аға-інілерімнің, әріптестерімнің, одан қалды кейде жұбайымның жасағандарына қарным ашады да, бұл бәрі де сондай дегенім емес, не бәрінен көңілім қалды дегенім де емес. Менің екі әріптесім бар, күйеулері орыс (салыстырды деп ренжімессіздер), олар әйелдеріне үй жұмысына көмектесуге еш арланбайды, ал қазақтың жігіті көмектессе де, оған басқа бір еркек: ей не қатынның жұмысын істеп кеттің десе, бәрін тастап, әйеліне мен қатын емеспін деп ұрысып, «арланып» қалады. Бірақ өзі жұмыссыз қалып, оны жалғыз әйелі асырап отырса, оны «көмек» ретінде қабылдап, еш арланбайды. Қайталап жазам, бәрі дерлік мұндай емес, бірақ көөөөөбісі
Соңғы түзету:
Emilia
Жігіттің сұлтаны болу қайда қазіргі жігіттерге!
Armanjan
тіпті сенімдісіз ба соншалықты?
Emilia
Өтірік па? Қазіргі жігіттер әлсіз, ынжық, мәрт емес. Бәрінің ойы бір нәрсе ғана.
Adiletshu
Ойы не нәрсе? Адамның ойын оқитын қабілетіңіз бар ма?
Emilia
ОК, жақсы жігіттер де бар. Менің ағам сондай мысал үшін. Адам ойын оқымасақ та белгілі нәрселер емес пе?
Adiletshu
Біздің бір көршіміз — мент. Көршілермен араласқанда асты-үстіңе түседі. Сондай сыпайы, мәрт, адамгершілігі мол жан. Ал жұмысында қарапайым адамдарды шырылдатып, жылатады
Abilakim
Ағаңызды әсіре мақтап жібердім деп ойламайсыз ба?
Armanjan
Жігіттің сұлтаны болу қайда қазіргі жігіттерге!
мынауыңызға біреу: "қазіргі күні селкі қызды табы мүлдем мүмкін емес" десе қайтесіз,
Өтірік па? Қазіргі жігіттер әлсіз, ынжық, мәрт емес. Бәрінің ойы бір нәрсе ғана.
ал мынаған: "қазіргі күні аяғы түзу қыз тіптен тапшы, жоқ деуге болады" десе қайтесіз, Emilia ханым кішкене былай аттан түсіп, су ішіп, аптығыңызды басып барып сөйлеуге болмай ма?
Gastarbaiter
Қазіргі жігіттер әлсіз, ынжық, мәрт емес. Бәрінің ойы бір нәрсе ғана.

Сәл күте тұрыңыз. Жасыңыз қырықтан аса бере, «Осыкүнгі жігіттер тіпті сол бірнәрсін де жарыта алмайды» деп зарлайсыз)))
Соңғы түзету:
Adiletshu
Төлегендей жігіт керек болса, Қыз-жібектей қыз бол
Gastarbaiter
Төлегеннің пафосы көп, Бекежан форева)
Adiletshu
Сол киноны әлі көрген жоқпын
Gastarbaiter
Мақтанғандай айттың ғо))
Adiletshu
Абай Жолын аяғына дейін оқыған жоқпын, Қыз-Жібекті ара-арасынан ғана көрдім. Елге қарауға бет жоқ
edige
Қазіргі қазақ жігітінің портреті
Қазақ жігіті емес бұл барлық еркек атаулыға арналған сипаттама… Адам с.ғ.у. бастау алған.
Бұл қасиеттер бар жігіттер көп болған сайын қу тізесін құшақтап өтетін қыздар қоғамды қаптайтын тәрізді мен үшін… )))
omarbirat
«Хабар» арнасында «Жігіт сұлтаны» деген шоу пайда болыпты дейді. Көріп жүрсіңдер ме?
Tyulpan
ұят бағдарлама. ұйымдастыру деңгейі тым төмен (( жюри қыз әсіресе қуып кеткен ((
Aldeken
не ғо, Аршаттың құдасының қызы, шынымен қатты кеткен екенсіз… )))))
біріншіден, сіздің постыңызға арқау болған (осы керектегіні айтам, қалғанын қайдан оқығаныңызда шаруам жоқ) «Орташа есеппен қазақ қызы» деген пост болар, иә… Ол посттың әуелі тақырыбын алып қарасақ, «Орташа есеппен» деген сөздерден басталады, яғни онда көрсетілген қазақ қызының образы жинақталған образ, әр қазақ қызында болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін, немесе, сонда аталған қасиеттер кей қыздарда көп болуы мүмкін, кейбіреуінде мүлдем болмауы да мүмкін. Сол себептен, ол постты бұл жердегі нәзік жынысты керекшілер, жеке тұлғасына моральдық шығын мен эмоциялық күйзеліс ретінде қабылдаған жоқ. Бәрімен бірге оқып, бәрімен бірге талқылап, тіпті кей жерінде өздерінің араласатын адамдарының ішінде ара-тұра сол қасиеттердің тасымалдаушылары да кездесетінін тілге тиек еткен еді. Оның үстіне ол пост, қыздарды мазақтау, немесе, оларды кемсіту үшін емес, достық әзіл, стеб, шарж, прикол (көңіліңізге жаққанын таңдап алыңыз) ретінде жазылған болатын. Ал, сіздің постыңыз "Қазіргі қазақ жігітінің портреті" деп аталды, яғни, аты айтып тұрғандай, қазіргі таңдағы өзін қазақпын деп есептейтін (амалсыз мойындайтын, лажсыз мойынсұнған, жай айтып жүрген) еркек кіндіктілерді тек өзіңіз көрсеткен 3 топқа бөліп, кесіп-пішіп, диагнозын қойып, үкімін шығарып тастадыңыз. Бірақ, кейін, «жоқ, басқалары да бар, бәрі бірдей ондай емес» деп ақталуға тырысасыз. Басқалары дегеніңіз кім? 130 ұлт пен ұлыс өкілі тұратын елде өмір сүретіндігімізді ескерсек, қазақтан басқасының бәрі «басқалар» деуге де келеді, ия? Ендеше ізгі ниетпен (солай болғанына, әйтеуір, сенгім келеді) жазған постыңыздың негатив пікір мен теріс пиғыл тудырғанына өзіңізді кінәлай салғаныңыз дұрыс деп есептеймін.
Пы.сы. Жігіттердің бәрі охрана мен шопыр болып жүргеніне шүйліккен кезде, қыздардың да көбі еден жуушы, ыдыс-аяқ жуушы, бала күтуші, аула сыпырушы болып жүргені назарыңыздан тыс қалмаған болар деп үміттенемін.
Саулығыңызды тілеймін!
bizbike
ииииии сіз де сонша таусылып не болды, әзіл шыны аралас ретінде қабылдай салыңыз да
Sashok
Әнуарбекқызы, қайтесің осы теманы. Еркектің де, ұрғашының да жаманы бар, бірақ Құранның өзінде еркекті әйелден бір саты жоғары қояды ғо. Жаманын жасырып, жақсысын асыра сал қолыңнан келсе. Келмесе, жылай бермей, бір әрекет қылшиш.
bizbike
ok, айтсаңыз болды, Құраннан аса алмаймыз, дұрыс. Құрметті еркектер, әйелден жоғары болыңыздар! Мұхаммет пайғамбардың с.ғ.с. сүннетіне еріңіздер, бәріңіздің де амандықтарыңызды тілеймін!
temir1986
Ай қыздар — жігіттер қәзір айналамызда қарап отырсам жалшылар мен жезөкшелер көбейіп кеткендей сезіледі маған.