"Аруақ атқыр, Адайлар..."

Батыста бір қала бар Өзен деген.
Ісіне Тәңірімнің төзем деген.
Өрлігін, көкірегін басты талай,
Өзінше өңшең қырттың өжеңдеген.

Батыста бір қала бар Өзен деген
Қаруын дұшпан бар ма кезенбеген.
Жапқаның жаралы елге жылтыр шапан,
Бөз емес жан жарасын Сөз емдеген.

Үлкендер, қайдасыңыз, көрісейін!
Замандас, тай-құлындай тебісейін.
Тас шіркін ауыр дейді, түскен жерге,
Қайғыңды қараөлеңмен бөлісейін.

Береді көп тілегі батылға дем!
Батыр сол — қайрат болса ақылға тең!
Жылында сексен тоғыз лапылдап ең,
Тап бұлай Өзен бірақ, атылмап ең.

Өз халқын өзі қыру — сұмдық еді.
Сұмдығын сұмырайдың кім біледі?
Шырқырап шыңнан құлап кеткендердің
Онда да сұрағаны Шындық еді.

Білемін кешірімді ел, кеңдігіңді.
Бұл жалған кімнен қалмас кемді күнгі.
Тентекке теліп тағы күлді найсап,
Тарихтан тартып алған теңдігіңді!

Қаруын Қазақстан төкті зілді.
Көп солдат күлді көріп, көп қызыңды.
Ошағының басында осырақ шал
«Аруақ атқыр, адайлар»- деп кіжінді.

Сіз үшін шашылып ед жиғанымыз.
Қалайша құбылады иманыңыз?
Кеп-кеше Кендірліде күліп-ойнап
Кеткен шал сен едің ғой, мейманымыз.

Көңілдің күпті болған көп алаңы.
Төріңде өңшең сатқын демалады.
Дәміңді татып тұрып, сатып кетсе,
Дәм ұрсын деуден басқа не қалады.

Сұм теке сүйкенеді шоқша талға
Шырмалар ер талабы оқсатарда.
Өз елін өзі қарғап алжиды екен,
Айналып ақсақалың боқсақалға

Дос көрдім ытырынған басқалардан.
Қас көрдім сыпырылған маскалардан
Өзіңнің қара көзің зәрін төкті-ау,
Қап-қара сауыттардан, каскалардан

Маңғыстау, өскен кеше құмыңда аунап,
Ұлдарың не болғанын ұғынбауда.
Ал, мынау алаң кеше шейіт жатқан,
Менің маңдай терімнің құнын даулап.

Ерлікке басын билік иді ме екен.
Жоқ әлде шыныменен сүйді ме екен?
Қарғыс алған қаламыз алғыс алар,
Бекеттің атын алса дейді ме екен.

Жолына сені атқанның нағылет де!
Тілегін қорқаулардың қабыл етпе!
Алашқа олжа салған бұл қаланың
Жетпеген қолы жалғыз Әділетке.

Байқасаң батасыздың бағы кетпек.
Атыңды өзгертем деп тағы нетпек?
Ел өзі тілеп қойды жоғын сұрап,
Есімін бұл шаһардың Әділет деп.

А, Құдай, көңілімнен күзді ұмыттыр!
Өтпейін өмір бойы үздігіп құр.
Тілеген ізгу дұға көп шейітке,
Бір аты бұл қаланың Ізгілік-дүр.

Несібем мол, өйткені пейілім көп.
Пейілімді алмашы, ей, ұрым, тек!
Жолаушым соғып жатсаң білерсіңіз,
Бір аты бұл қаланың Мейірім деп.

Күрсінген күмбезінен айы мұңды,
Пір Бекет, ұрпағыңа зайырың бұл.
Алашқа несібесін бөліп берген,
Бір атын бұл қаланың Қайырым біл.

Жілігі жырымыздың тати ма, аға?
Сен ұстаз пәниге де, бақиға да!
Жаттаған Құдай сөзін Нұрға мырза,
Қариың қайда қалды, Сақи қала?

Кезбе бұлт, төгіп шықшы кезеңге ана.
Сен әлі жылап жүрсің сезем, Дала.
Қайғысы түннен қара, түңілгенде
Қай қала, мына қала Өзен қала!

Жігіттер, аспаңыздар, таспаңыздар!
Жат жолға жарты қадам баспаңыздар.
Жедінің желді күні жылиды ертең,
Күн туса көктемеде қашқан ызғар.

Есіңнен езгі күннің өшір бәрін.
Кеш бәрін,
Кең дүние,
Кешір бәрін!
Жетім ұлың жетіліп кетер сенің
Ошағыңды күзетер жесір жарың.

Ойнасын билік мейлі көзірімен…
Туған әке ұстаспас өз ұлымен.
Төс табаны түйенің жұқа болар,
Терісі кең халықтың төзімінен.

Десеңде кесегіңді сыбай берем
Шыдаймыз Шыдағанбыз. Шыдай берем.
Атақ па, ақша ма әлде, мұнай берем.
Қайғыдан қара өлеңді құрай берем!
Шүкірміз, Шүкіршілміз. Шыдай берем.
Шыбын жан да шыдайды,
Шыдайды Өлең!
Шыда сен де бәріне Шындық Қала,
Шүкіршінің көзінен Құдай көрем!
Әнуарбек Бимағамбет
Бөлісу:

53 пікір

aza
«Всю боль через себя пропустил, поэтому так и пишет...» ©
kan
Шал айтты демегеніңізде адайлар біраз сізді сілкілейтін еді әлде өзіңізде адайсыз ба?
nurbergen_makym
Сабыр Адайдың мәнерімен болмаса Мэлстің мақамымен оқу керек екен…

Соңғы жолдары пафосты-лирикалық боп кеткендей, алдыңғы шымыр динамиканы сұйылтып жібереді. Жалғыз ғана батыс мектебіне тән жорықтық жырдың жойқындығы жойылады. Бәлки, оқығаннан көрі нақышында жырласа, басқаша сезілетін шығар. Әйтпесе, жырлай салу — жылай салудың айырымы жоқтай.

"Қасыңнан таба алмадың жан баласын.
Жас жуғанда жабырқау жамалыңды
Жүрек түгіл тырнақтан қан тамбағасын,
Мен қайдан түйсінейін азалы үнді?!
Елдің ортақ екенін ол — дағы шын,
Құдай бөлек қылғанмен қазанымды.
Көңілде сонда да аз ғана шым,
Сана қанша сауса да нала-мұңды.
Жарасын айға ұлып жалатқан мың,
Білемін Отпан тауда арлан бар-ды.
Жүрегім тасы екен сол Отпанның,
Азынап іздемесе ардағымды.
Пәруәрдигәр маңдайға жазбағасын,
Бөлісе де алмаймын азабыңды.
«Аруақ атқыр Адайға» шамданасың,
Құдай атып қойғанда қазағыңды..."
madikon
керемет жазылған… осы бір ақын өлеңдері қатты ұнайды.
a63a1
енді тағы бес алты пікірден кейін: «керемет жазылған… осы бір ақын өлеңдері қатты ұнайды. мен оны қатты құрметтеймін» — деген пікір жазасызба?
madikon
 неге олай сұрадыңыз?? мен шынымды аиттым ғой..
a63a1
біріншіден қызға тарқылдап күлуге болмайды екіншіден, Алғаш жазып кеткен пікіріңізді оқыңыз
madikon
солай күлкім кеп кетті… екіншіден — егерде екі өлең қатар жазылғанда мен айтар едім ғой: керемет, маған қатты ұнады екеуі де деп. мен коммент жазған соң екінші өлең жазылатынын қайдан білейін. шынымен керемет емес пе?!
a63a1
онда айып менен, кешіріп қойыңыз
Laila
шынында керемет олен екен… жалпы онда болмасам да, кандай ултжанды (ултшылмен шатастырманыздар) азаматтардын турып жатканын сезем…
konvict
Жаңаөзен ешқашан Желтоқсанның деңгейіне жете алмайды. Иманы саламат болсын өлгендердің, әрине. Алайда, олардан ұлттық батыр жасаудың қажеті жоқ. Назарбаев өз халқын атты дейтіндей, ол қолына мылтық алып біреуге оқ жаудырды ма? Бұйрық берген шығар бәлкім? Дәл сол кезде қасында болмағандықтан бұл да дәлелсіз.
Менің естігенім Жаңаөзендіктер айлығын көтермегені үшін жұмыс істемей қойған. Аз ақшаны менсінбеген. Бұлай болмаса, Жаңаөзеннің жыртысын жыртатын журналистер дәлелдесін. Айлық төлеген қағаздарын, зейнетақы қорын ақтарып көрсін. Бұл жерде мен билікті де жақтап отырғаным жоқ. Мен үшін елімізде тыныштық болғаны керек. Ол үшін 16 адам тұрмақ, мың адам өлсе де бәрібір.

П.С. жыл сайын арақтан, жол апатынан, спидтен өлетіндер қаншама? Олар қазақ емес пе? Әлде, олардың өлгені бәрібір ме?
aza
Ей, дауылбай, халыққа тіл тигізбе! Көрген күніңді көпсініп жүрмесең… Желтоқсан мен Жаңаөзенді салыстырып жүрген қай ақымақ?! Екеуі мүлде басқа нәрсе, Жаңаөзендегі еңбек дауы… Ал, оны ушықтыру басқа біреулерге қажет болды. Оны сен өте жақсы білесің! Жалпы, Қазақстан өте кең мемлекет болғанмен, Астана өте кішкентай қала… Өзі жаралы халықтың жүйкесіне ши жүгірте бермеңдер, жігіттер!
konvict
Амиго, халыққа ешкім тіл тигізіп жатқан жоқ. Менің айтып отырғаным Желтоқсан мен Жаңаөзенді теңестірмеу, екеуі екі бөлек ұғым екенін айту.

Пыросты кейбіреулер өтірік қайғырған болып атын шығарып алғысы келеді осыған байланысты. Жаралы халықтың жарасына тиісе берсең, одан сайын ушығып кетеді ғой. Мұңайған боқ© болып жылай бергенше, сол жараны жазуға тырысу керек.
Barsa
Жағдайды түсінбесең несіне жазасың? Не дәлел сұрап отырсың? Челахтың жазықсыз екендігін бүкіл Қазақстан көріп отыр, кім соны дәлелдей алып отыр? Дәлелді Назарбаев режимі құлаған соң табасың.

Жазықсыз бауырыңа оқ атылса басқаша сайрар едің.
konvict
Бәке, сәл сабыр ет те, менің пікірімді қайта оқып шықшы. Дәлел сұрап отырғаным, мұнайшылардың айлығы аз болғанына, 17 адамнан көп адам қаза тапқанына т.б. секілдіге сұрап отырмын. Челах жазықсыз еді дейтіндей сол кезде бүкіл Қазақстан шекараны күзетіп пе? Ол кезде не болғаны бәрімізге белгісіз. Істей алмаған істі Назарбаев режиміне тықпалай бермеси. Істейтін адам кез келген режимде жұмыс істейді. Одан да шындықты мойындап, қолымнан ештеңе келмейді деу керек. Соңғы сөзің амалсыздан айтылған сөз ғой. Қай кезде қалай сайрайтынымды уақытында көресің
Barsa
Былай ғой, Конвикт:
Челах жазықсыз еді дейтіндей сол кезде бүкіл Қазақстан шекараны күзетіп пе?
Оның жазықсыз екендігін дәлелдеу үшін как раз так и бүкіл Қазақстанның куәгер болуының керегі жоқ. Тәуелсіз Сот жүйесі болуы жеткілікті. Оған қоса адвокаттарға арнайы қызмет өкілдері қысым көрсетпеуі және тәуелсіз БАҚ өкілдеріне өзінше зерттеу жасауына тыйым салмауы керек. Ал біздің жағдайда көріп отырғанымыздай, тәуелсіз БАҚтар бірінен соң бірі жабылып, адвокаттар аяқ астынан «ауырып» қалады да, Елбасы тағайындаған Судья дәл сол биліктің өкілі — прокурор сұраған мерзімді «бере» салады.

Жаңаөзеннің жыртысын жыртатын журналистер дәлелдесін
Елбасына, Бас прокурорға, НұраОтанға, Самұрық-Қазынаға қанша хаттар жолданды мұнайшылар атынан 3 ай бойы. Кім жауап берді соларға? Сонда бар сұрағандары жалақыны есептеудің жаңаша жүйесі неліктен енгізілді және аймақтық коэффициентінің неге алынып тасталынғаны. 3 ай бойы алаңда жатып алған мыңдаған мұнайшының заңды сұрағын игнорға жіберіп диалогқа келмеді. Жауап берудің орнына бүлікшілер, қанағатсыздар деп айыптады. Бүкіл билік ресурстарын ақ-қараны анықтауға емес, мұнайшыларды алаңнан қууға, бас көтергендерін түрмеге қамауға жұмсады. Ақыр соңы қанды қырғынға ұласты. Мұнайшыларға қолдау көрсеткен журналисің де, қоғам белсенділері де алды түрмеге қамалды, арты көрсетілген қоқаң лоқыдан қорқып бұғып қалды.

Мен үшін елімізде тыныштық болғаны керек. Ол үшін 16 адам тұрмақ, мың адам өлсе де бәрібір.
Кім-кімде соғыс болып қырылғанды қалап отырмаған болар. Тем более, бірінші болып оқ атып отырған билік өкілдері. Саған бәрібір болса, өлген адамдардың ағайын-бауыры үшін олай емес. Айырмашылық сонда. Жазықсыз бауырыңа оқ атылса басқаша сайрар едің дегенім де содан. Шашылып жатқан бауыр жоқ.

Ақ-қарасын айыратын мен емеспін. Қарапайым халыққа оқ атуға бұйрық берген кім? Оған кім мәжбүрледі деген секілді сұрақтарға да мен де, сен де, мұнайшылар да жауап бере алмайды. Оған қазіргі режим мүмкіндік бермейді. Менің айтарым, ақ-қарасына жетіп алмай алаңда болғандарды айыптамаңдар, ғайбат сөйлемеңдер.

Істей алмаған істі Назарбаев режиміне тықпалай бермеси. Істейтін адам кез келген режимде жұмыс істейді. Одан да шындықты мойындап, қолымнан ештеңе келмейді деу керек.
Ал, мынауыңды түсінбедім. Сенің алдыңда бұғып қалған кезім болмаған секілді еді.

Қалай десең де, билік реально қателік жасады. Оқтың атылуы, жанайқайдың естілмеуі, оған тиісінше реакцияның болмауы жүйенің бір жақты болуынан — жоғарыдан төменге қарай бағытталған биліктің болуынан. Егер биліктің істегені дұрыс болса неге Елбасы халықтан кешірім сұрайды? Неліктен, миллиардтап қаржы құйып айыптарын жуып шаюға жұмыстануда?

Сонда, қарапайым ғана құқықтардың орындалуы үшін халықтың қаны төгілуі керек пе? Сонда ғана үніңді естиді ме?

Бұның бәрі де ештеме емес. Егер қазіргі режим осылайша әрекет ете беретін болса, Желтоқсан мен Жаңаөзеннің сорақысына тап боламыз. Дәлелі, күні кешегі Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы төңкерістер.
Adiletshu
Тек билік емес, екі жақтың да кінәсі бар. Қанша әділдік болмай жатса да билікке қарсы келмеу керек еді.
rymbek
Жалпы сол оқиғада тек адайлар ғана болды дегенге сенбеймін, өйткені ол аймаққа Қазақстанның түпкір түпкірінен жиналады адамдар. Бұл мақтанбаса іші ауыратын адайлардың әдеті ғо. Менің мой мирдегі адай достарымның бәрінде адайдың стрелкасы бар логотипі тұр.
Қазақ деген бір атадан шыққанымыз рас болса, адайлар қай нағашысына тартқан екен) Өйткені мен Шеркешпін деп мақтанған емеспін және табынмын, әліммін деп мақтанған адамды кездестірмеппін, тек адайлар руымен мақтанатын.
Айта кетейін, қай рудан да тараған ұлылар көп, бірақ мен Мәншүк Мәметова Шеркеш руынан деп ешқашан кеудемді керген емеспін. Ол қазақтың батыры.
Zhanka
Шеркеш болсаң конечно мақтана алмайсың. Сен Астанаға келіп көрсейші, Адайдікі жөн мақтанса, наймандарға не жоқ дешиш. Найманкамын, бірдеңемін, т.б.дегенді естігенде менің бір жерім құрысып қалады.
rymbek
Менің айтпағым, Маңғыстау адайдыкі, адайстан жасаймыз деп ел ішінеде іріп, бөлектенгісі келетіні. Оған дәлел келтіріп қажеті жоқ шығар, сірә. Сол тайпа болып, ру болып, ауыл болып, жүз болып бөлектенген тапқан жоқпыз ба барлық қиынықты. Қайсысын алсаң да, сол бөлінгендіктен таптық ауруды. Жоңғар шапқыншылығы да, орыстың қол астына өткеніміз де осының кесірі. Енді бірігіп, ел болып жатқанда бұларың жөн емес. Маған мұның арты ұнап тұрған жоқ. Тек сау басымызға сақина тілеп алмасақ дегенім да. Аман болыңдар, бірақ адаймын дегеннен гөрі алымен қазақпын десең жарасар.
Мен Астанада болғанмын, тап сол адайдың мақтанғанындай ешкім мақтана алмайды. Тек 10-20 жылдан кейін тағы да базғы ауруымызды асқындырып алмасақ болғаны. Онсызда запад, южанин болып бөлініп жатқанымыз аздай. Мен түсінбейм, өзі азғантай халықпыз, қай жеріне бөлінетін.
Сосын адайдың жасағанын шеркеште жасаған, сондықтан да өйтіп кемсітуіңді қой.
madikon
мақтанса мақтана берсін сонша ашуландыңыз ғо! кімнің қалай мақтанғанында әркімнің қандай шаруасы бар!
мен Мәншүк Мәметова Шеркеш руынан деп ешқашан кеудемді керген емеспін
мақтанып көр! бәлкім, ұнап қалар!)))))
Makhabbat
Бұл мақтанбаса іші ауыратын адайлардың әдеті ғо.
Көпке топырақ шашпаңыз,
мақтанбасақта ішіміз ауырмай-ақ жүрміз.
Adiletshu
Бір кісіні подтекст ғайбаттағаны ұнамады
ruben
Эх, қолданылғандарды айтақтағандардың тұқымы құрысын! Ешкімді ашындырмасын, ашынғанға өлім берсең — иманмен…
Zhanka
Жаңаөзен ешқашан Желтоқсанның деңгейіне жете алмайды. Иманы саламат болсын өлгендердің, әрине. Алайда, олардан ұлттық батыр жасаудың қажеті жоқ. Назарбаев өз халқын атты дейтіндей, ол қолына мылтық алып біреуге оқ жаудырды ма? Бұйрық берген шығар бәлкім? Дәл сол кезде қасында болмағандықтан бұл да дәлелсіз.
Менің естігенім Жаңаөзендіктер айлығын көтермегені үшін жұмыс істемей қойған. Аз ақшаны менсінбеген. Бұлай болмаса, Жаңаөзеннің жыртысын жыртатын журналистер дәлелдесін. Айлық төлеген қағаздарын, зейнетақы қорын ақтарып көрсін. Бұл жерде мен билікті де жақтап отырғаным жоқ. Мен үшін елімізде тыныштық болғаны керек. Ол үшін 16 адам тұрмақ, мың адам өлсе де бәрібір.

Нағыз аруақ атқырдың өзі екенсің. Сен сияқты қорқаулар тұрғанда қазақ ешқашан ел болмайды. Қазақ тілі сен сияқты басын бір жеріне тығып алып, күл болмаса бүл болсын дейтіндер тұрғанда ешқашан көктемейді. АДАЙЛАРЫМ керемет қо, намысты. Мен Астанада тұрамын, байқағаным, мына жақтың адамдары қу бастарының қамынан басқаға қинала қоймайды. Батыстың адамдарынан мүлде бөлек, қу қара бастары аман болса, болды. Басқасы с…ді бұларға.
konvict
Әруаққа сенуге болмайтыны айтқанда мені біраз адам қарғаған болатын. Ниче, әзірге аманмын. Қазақстанның қорқауы мен секілді болса, одан өткен қуаныш бар ма?!
aza
Жалпы, қараңдар өздерің… Тарих түбі әділдік жағына шығады ғой, тарихтың өзі таусылып қалмаса егер. Ал, Адаймын деп мақтану дұрыс емес дегендерді ұқпаймын, ұғуға тырыспаймын да. Себебі, білмейді олар Адай болудың қандай екенін))) Солай, жігіттер, мақтаныңдар өздеріңнің кім екендіктерімен)
ПыСы: «Кетем, на» ©
Aldeken
бұның артық, інім…
мақтауды жақсы көресіңдер, бірақ, мақтаған сайын еліріп кетесіңдер, айналып келгенде бәрің сол қазақтан шықтыңдар, қазақтан ұлы емессіңдер, соны ұмытпаңдар.
Пы.сы. әлде «адайлар, қазаққа түрікпен әйелмен еріп келген өгей ұл» деген қыртыған гипотезаны растағың келіп отыр ма, а?
пы.сының пы.сысы.
«Кетем, на»
бұның жауабын өзің білесің… такышто жүрген жердің лаңын шығармай, қысатын жерді қысып, кеудені шамалы бос ұстау рекоменделеді.
Makhabbat
«адайлар, қазаққа түрікпен әйелмен еріп келген өгей ұл» деген қыртыған
қыртыған деген сөзіңіз рас,
Ешқандай дәлелі жоқ, жұрт қырти беред
aza
Жоға, мен ненің артық, ненің кем екенін бағамдай аламын, иншалла!
Әрине, мен барша пікіршіні құрметтеймін, жақсы көремін, десек те КЕУДЕ ол менің КЕУДЕМ, Жүрек менің Жүрегім, Ел менің Елім. Қалай ұстаймын, қаншалықты қастер тұтамын, қайтіп құрметтеймін өзім білемін. Барша пікірді құрметтеймін, алайда ӨЗ Пікірімде қаламын! Себебі, Мен Адайдың тамшысымын, ха!
Zhanara2012
Алдекең мәләдессссссс кой…
Zhanka
Алдекең бір жерін жемесін.
ErNur
Адайлар жайлы әнек:
Пойызда екі бала танысып отырып ру сұрасыпты дейді.
Содан екеуі де адай болып шығып, бауырымдап, арқа-жарқа болып жатыр дейді.
Анадай жерде көріп отырған шал балдарға жақындап келіп,
о о… маған жақын екенсіңдер ғо, мен де адаймын депті.
Адайдың қай бөліміненсің десе, айғырынанмын деген екен шал.
Үйіне келгесін балдардың бірі, әкесіне айтып жатыр дейді, пойызда ағайындарыммен танысып келдім,
бір ақсақал болып еді ол да адай екен, адайдың айғырынан екен деп.
Әкесі ептбайымайыт ай, ол жезделерің ғой, депті.
Barsa
2011дегі Жаңаөзен 1986дағыдай Алматының деңгейінде болсын-болмасын, тәуелсіз ел атанғаннан бергі Назарбаев режиміне нақты қарсылық көрсетілген қозғалыстардың бірегейі болды. Оны бағаламауға болмайды.

Жай мына жердегі пікірлерге қарай жазып жатқаным, Ал, өлең керемет туынды дей алмаймын. Жанайқай болған соң да «топорный» болып шыққан болар.
Adiletshu
Сонда сол жерде қатысқандардың барлығы адай ма
Aldeken
жоға, беріш те бар, шеркеш те бар, қарақалпақстаннан келген типі «басқа рудың өкілдері де» бар.
Gastarbaiter
Көргенсіз адам Адай болмақ түгіл, Төреден таоаса да көргенсіз мен үшін. Шыққан тегінен ұялатын, не желбіретіп әр жерде мақтан қылатын надандық заманы өтті деп білем.
Мен пәленнен туғамде, сүйегім ақ дегендерді жабайы қоғамның қалдығы деп білем.
aza
Гастарбайтыр, лайктадым… Сенің де өз пікірің ғой, енді, адам ретінде)
Hetrou
Әңгіме өзің туралы ма? Жазған коммент, тақырыптарыңды оқып отырып, кешірерсің, сенен көргенсіз адам көріп отырғаным жоқ.
Gastarbaiter
Ал біліп жүрген әлбетте керек.
ken
Өлгендердің туыстарынан олардың руларын сұрап шыққан екен деген қорытындыға келдім.
Zhanka
Менің айтқым келгені, біз, атыраулықтар не кез-келген батыстықтар, патриотпыз, айтысатын жерде айтысып, тартысатын жерде тартысамыз ғо, ал басқа жақтың адамдары олай емес. Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараздың адамдарымен жұмыстаспын. Көбінің келгеніне 5-10 жыл. Жаңаөзендегі қырғынның кезінде, Атыраудағы, Құлсарыдағы, т.б. жердегі террорист деп жап-жас жігіттерді атып-жарып жатқанда бұларға еш әсер етпеді десе де болады. «Ойпырмай» деген біреуі жоқ. Оларды саясатың да, басқаң да қызықтырмайды.«Сен тимесең, мен тимен, бадырақ көз» деп отыра береді. Ақша болса болды оларға.
Hetrou
Адайларға әңгіме айтпаңдарш осы.
User
Адайларға әңгіме айтпаңдарш.Қазақ халқының мықты руы десе Адай дер ем.Қалған найман,қыпшақ, керей,ұлы жүздің құрт шабақтары херня рулар. ) Қазақстанда ру туралы әңгіме болса бірінші Адай есіне түседі.Я біз шулы, гэнгстэрміз бірақ адами құндылықтарды жоғарыға қойған жұртпыз.
Hetrou
Е, бала, мені адай емес деп кім айтты саған
polat-uly
қазақ руды мақтану үшін емес генетикалық жағдайды сақтау үшін шығарған… мқтанар болсақ кез келген ру тарихында пазор болған жерлері де бар абыройы асқақтаған жерлер бар… тарихта еш бір батыр мен пәленше рудан шығып қазақ абыройы үшін күрестім мен түгенше руынан шығып қазақ абыройы үшін күрестім демеген мен қазақпын деп жаумен соғысқан сондай ұрпақтан туыла тұрып ши бөрі сияқты үйірге бөлінбең…
Nodar
Ру туралы жазылса, бірден қазақтар руға бөлінбеңдер деп ақылситындарға жыным келеді. Руға бөлінген, ру сұрастырған маған ұнайды. Санасы бар адам онсыз да руды өзінің артықшылығы не кемшілігі деп қарастырмайды.
Бірақ әр рудың жалпылама ұқсас бір ерекшеліктері болады. Оны байқайсың. Адайлар мақтаншақ, бірақ әділетті өзгелерге қарағанда қатты сүйгіш. Бәрі шетінен жүректі емес. Еріншек, қолда барын пайдалана бермейді. Пафосқұмар, еліктегіш халық, қу, екі қадам алға ойлайтын ру емес. Жалпылама.