Футболды жалғастырсақ деген ұсыныс бар ма?

Өткен апта жігіттер футболға тоймай қайтып еді… Жалғастырсақ деп армандап кетіп еді… Тіпті жекелей хабарласып ниеттерін білдіріп жатқандар да табылды… Көптің сұрауы бойынша өткен аптадағыдай, яғни жұма күні сағат 19:00 футбол ойнайық…

Барамын дегендер жазылсын… Марко, Алдан, Аршат, Нұрғиса қалмасын, қалғандары қолдасын…

ПыСы: Өткен апта Қуаныш пармағын сындырып алыпты деген әңгіме жүр ел арасында..( Байқап ойнандар жігіттер…
Әрі қарай

Әлсіз тырнақтар


Қолыңыз мамықтай жұмсақ болса да тырнақтарыңыз әдемі болмаса ол ешқашан көз тартпайды. Тырнаққа да күн сайын күтім керек. Әлбетте өз бетіңше маникюр жасау әркезде жақсы нәтиже бермесі анық. Тырнаққа әдемі форма ма артық жалбыр еттерден тазарту ол мамандардың ісі саналады. Әркімге тырнағыңды әрлетпей, бір адамның көмегіне жүгінген абзал болар. Әрбір саусақтың өзі жеке дара күтінуді талап етеді.
Әрі қарай

Көңіл айту

Қазақта «Көрген жерде көңіл айт, көңілі қалмасын» деген сөз бар. Біреудің қазасына бара алмасаңыз, кейін кездескенде мейлі ол оқиғаға 1 жыл өтсе де көңіл айтудың еш сөлекеттігі болмаған. Әбден орыстанып кеткен бір қазақтың ағайындары қайтыс болғанда «Бақытты болсын» дегенін айтып еді бір кластасым.

Ақселеу Сейдімбек қайтыс болғанда ол кісімен аталас болып келетін Қр еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жақсыгелді Кемаловқа біраз адамдар көңіл айтса керек. Моңғолиядан елімізге көшіп келген сазгер Ысқақ Тәукейұлы (жасы үлкен кісі) денсаулығына байланысты кіріп шыға алмаса керекті. Ысқақ ағамызда Ақселеу марқұммен тығыз шығармашылық байланыста болған адам. Уақыт өте Қарағандыдағы бір концертте Жақсыгелді ағамыз Ысқақ Тәукейді алыстан байқап қалыпты. Ысқақ ағамыздың да өзін көргенін сезіпті. Арада біраз уақыт өтіп кеткендіктен көңіл айтудың ретін таба алмай отырған Ысқақ Тәукейұлы концерт соңында Жақсыгелдігі тақалып«Сен неге маған Ақселеудің өлгеніне байланысты көңіл айтпайсың?» деп, өзінің де онымен қатты араласқанын тілге тиек ете отырып, әдемі түрде көңіл айтқан деседі.
Әрі қарай

Олимп ставка жайлы.......


Міне бүгін Чемпиондар лигасымен Европа лигасы матчары жалғасы басталады.Соған ставка тігуге әркім өз ойларын айтып, қандай жақсы ставкалар бар айтып өтсе.Сонымен қатар қандай күшті коэфф-тер бар, яғни ұта алатын сенімді матчтар бар ма ?? Әркім өз ойларын айтып бірге ақша ұтайық
Әрі қарай

Махаббат күніне арнап сыйлығымыз!

Салем КерекИнфолықтар!!!
Ғашықтар күніне арнап сіздерге сыйлығымыз бар! Бұл жаңа бейнеклип!
Vbloggers.kz және Sen-ushin.kz сайттарының бірге қосылып жасаған бейнеклипі сіздерге ұнайды деген үміттемін. Бұл бейнеклип түсірудегі бірінші жұмысымыз. Келесіде бұдан да жақсы болады деген ойдамыз.
Міне бейнеклип:
Азамат Хасен — Твоя Нежная Походка (Cover)
Әрі қарай

Пирамида немесе МММ Қазақстанда!!

http://m-system.kz/
Үйімнің 2 бөлмесін ЕВРО жасатпақ ниетпен адам іздедім. Мастер табылды, енді қасына көмекке адам керек деген соң ауылда қолы бос жүрген құда баланы шақырттым… 1 айдың көлемінде бітіріп шықты. Келіскен ақшаны беріп елге жібермек болдым. Ол батшағар «Ауылға барсам малға қаратып қояды, жалықтым… Ең болмағанда қаланы аралайын»- деді.
Күнде таңертең кетіп кешке келеді. Кейіндері «Бөлемнің, жиенімнің, құдамның, ауылдастың үйінде қонып қалдым», «Жұмыс таптым, параға 100 000 берсем болды, жақсы жұмыс» — деп жүрген. Бақандай бір айдан кейін келіп тұр. «Лібә, қалада жүріп қара жұмыс істеп не азап. Қаламмен күн көретін 21 ғасыр бұл!» — деп миығынан күліп қояды. Кеше ғана малға шөп шауып беріп, жапасын тазалап жүрген амиго «Девальвация», «Инфляция», «Депозит» деген сөздерді қосып сөйлейтінді шығарыпты. Мавроди ағаның қарамағына «МММ»ге кіріпті сөйтсем. Алдап, арбау бабымен сотталған көкем енді қазақстанға келіпті… Үлкен көшелерге де жарнамалар ілініпті…

Керекте кіргендер бар ма МММ-ге? Сонда шынымен БАТПАН ҚҰЙРЫҚ па?
Әрі қарай

Жедел жад: hybrid memory cube



Hybrid Memory Cube — жедел жадтың келесі толқыны
Hybrid Memory Cube атауындағы жаңа шыққан жедел жад (қазақша түсінбесеңіз: ОЗУ) үш өлшемді болмақ. Оның ақпарат алмасу жылдамдығы, бүгінде соңғы деп саналатындар қатарындағы DDR3 модулінен 12 есе жылдам. Нарыққа 2013 жылы шығады деп күтілуде.
Әрі қарай

08 ақпанда "Мұстафа Шоқай", "Түркістан легионының ақиқаты" кітаптарының тұсаукесері өтеді

Ертең 08 ақпан, сағат 10:00-де «Отырар» кітапхансында Әбдіуақап Қараның «Мұстафа Шоқай», «Түркістан легионының ақиқаты» атты кітаптарының тұсаукесері болады.

Әрі қарай