Футболды жалғастырсақ деген ұсыныс бар ма?

Өткен апта жігіттер футболға тоймай қайтып еді… Жалғастырсақ деп армандап кетіп еді… Тіпті жекелей хабарласып ниеттерін білдіріп жатқандар да табылды… Көптің сұрауы бойынша өткен аптадағыдай, яғни жұма күні сағат 19:00 футбол ойнайық…

Барамын дегендер жазылсын… Марко, Алдан, Аршат, Нұрғиса қалмасын, қалғандары қолдасын…

ПыСы: Өткен апта Қуаныш пармағын сындырып алыпты деген әңгіме жүр ел арасында..( Байқап ойнандар жігіттер…
Бөлісу:

105 пікір

konvict
Мен барамын! Не ғо, қай жақта ойнаймыз?
Nurgisa
Керуендегi adidas reebok жактан доп карап ем, жок екен.
Nurshat
Нұрғиса аға, футболды жақсы ойнайсың ба?
Nurgisa
Мектепте жаман ойнамадық, кейін ойнау сиреді. Бұрынғы бапты жоғалтып алдық қазір. Через себяны да бұрынғыдай тебу жоқ…
asaubota
жамағат-ы-футболун қайда болса мен де сондамын ғой. жазғы демалысқа дейін қарынды кетіру керек болып. тұр, сондықтан күнде ойнайық десеңдер де мейлі.
Dinara
Қарынды кетіруге обруч пен пресс те көмектеседі
Пікір өшірілді
Nurgisa
Жігіттер, футзалға арналған допты қайдан ала аламыз? Бүгін, ең кеші ертең алынуы керегін түсініп отырсыңдар. Ақыл қосып, шешіп алайық.
Ертеңге кворум жасақталмаған сияқты әлі де болса. Белсенділік көңіл көншітпей тұр. Осы жолы фоторепортаж жасауға Zhan келетін шығар деп ойлағым келеді. Aldeken екеуінің футбол матчынан жасаған фоторепортаждарын салыстырамыз кейін.
Zhan
Нұреке, точно барам деп айта алмаймын. Өткендегідей бара алмай қалсам ұят боп жүрер. Ал баратын боп жатсам Алдан или Аршатқа хабарласам)))
Nurgisa
Ұйымдастырып жатқан Бекжан ғой, нөмірі бар ма?
Zhan
Тел нөмірі жоқ. Өзіңнің де, Бекжанның да нөмірін берсейші. Или жекеге жаз))) «Мә, далада күн суық» дегенді сылтау қылғым кеп тұр.
asaubota
Артем жаққа ешкім соға алмай ма? футбол емес футзал добы керек.
aza
Мен ойнаймын, буйырса, ертен кешке айтылган жерден табыламын, алла каласа!
aza
Айтпакшы, матч кайда отеди, Бекжан брат, откенде ойын болган жерде ме?!
Nurgisa
Иә, сол жерде ғой, aza
konvict
Точні ме? Өткенде ендігіде бос болмайтындығын айтып еді Бекжан бырат.
Nurgisa
Сол жерде ойнаймыз, құдай қаласа
aza
Аякдопшыларды бир тугендеп жиберсениз, Нуркиси?! Кимдер боларын долбарлай отырайык
Nurgisa
Қәзірге дейін келетінін растағандар:

asaubota
Nurgisa
konvict
Bekzhan
Aldeken
aza
Janasil

Келу-келмеуі белгісіздер, толық растамағандар:
AL-ASTER
Rafaello
Marco
huanysh
technosyndrom
Zhan
konvict
Теріскей келемін деватр
Nurgisa
Ох, әнекей!!! Жастар ойнайтед трансферлік саясатта көш ілгері екенін аңғартуда. Шалдар юнайтед те қарап қалмас деп сенемін.
Rafaello
Мен футболды жақсы ойнай алмаймын. Алдағы уақытта келуге тырысамын. Өткенде бара алмадым.
konvict
Келіп жатсаң қай юнайтедке ойнайсың?
Rafaello
Мүшел жастан асқандар қайсысына жатады?
Marco
Сен келме! Көргім келмейді сені
asaubota
өткенде бір жігіт келіп ұзақ қарап тұрды ғой, көзілдірігі бар, толықша келген жігіт. сол шығар епты
Marco
Егер сол болса, реалда өзіне сенімсіздеу адам сияқты көрінді  Бірақ, здоровый екен!
aza
Биркауым ел екенбиз, адам коп болса, ойын да кызык бола ма деген даме гой. Маган Ал астердин келу ыктималдыгынын аздыгы батып тур, жаксы ак ойыншы еди. ВКМ нын Терискейимен танысатын болдык ко я)))
AL-ASTER
Теріскеймен жақында көрістік  көп сөйлеп көп күлетін адам екен  (Теріскейаға ойнавайтам)

Ертең қайда жиналамыз???
Nurgisa
Откен аптада ойнаган жерде.
TERISKEY
бұйыртып жатса, танысамыз, Азеке!
asaubota
дұрыс доп болмаса ойнамаған дұрыс. бүгін кешке шығып доп қарадым, футзал добын таба алмадым. өтініш, ертең күндіз қолы тигендер доп тапсыншы.
AL-ASTER
Ертең футзалдың добын алып келемін.
Bekjan
маладес братішке..)
konvict
Бүгін ертемен дайындалып алдым. Енді, уақытты санап отырмын
Nurgisa
сегіз сағат қалды.
aza
7 сагаттан сал кобирек калды))) Алга, балдар ютд)))
asaubota
ол жақта дүкен жоғын ескеріп, суларыңды ала келіңдер. шыққанан кейін сол маңдағы бильярдтың кафесіне барамыз, оны да ескерерсіңдер барғысы келетіндер.
Nurgisa
Менімен Александр атты бір әріптесім келеді. Шалдар юнайтед сапында ойнағалы.
Zhan
Македонский ма?))))))))
Nurgisa
Слышь, Македонский, келесің ғой, иә?
Daniar-Alan
Македонский: каз Индияны жаулап алайн…
asaubota
сырттан ешкімді шақырмасақ қайтеді? жалпы сондай әдет болса деймін, тек өзіміз ойнасақ және басқа ұлт өкілі де болмаса  нацистік емес просто өзіміз ойнайық та
Nurgisa
Түсте үйіне арнайы барып, шабыт үстінде формасын алып келге Александрға жайсыздай жайды бір нәрсе ғып жеткіздім. Мен нашар адаммын ба?
sammita
весь апрель ни кому не верь деп құтылмадың ба
Nurgisa
Рақмет, Қаламқас!
konvict
Екі сағатты үпілеп өткізсек
asaubota
жігіттер, әзірше 2 команда жинай алатындай адам саны бар. керек болса кейін 3 команда болып та ойнармыз. сырттан ешкімді шақырмайық, бір жағдайлар болып көп адам келе алмай қалатын жағдайлар болмаса былай өзіміз ғана ойнаған дұрыс.
konvict
1 сағат қалды. кешікпей келіңдер әй
Nurgisa
Бірден ойнайтын жерде кездесеміз бе? Теріскейді кім қарсы алады? Жансая келетін болды ма?
TERISKEY
хехе, мен өзім келе алам ғо, Нұраға
aza
Мен карсылар ем, танымаймын гой, Солтустикти))) бурынгыша Билайннын касына топырласак кайтед, я))) Али танымайтын адамдарымыз бар дегендей, 18:40 тарда жиналсак уадели жерде, сосын тобымызбен дастурли залга беттесек, а, Нуркиси, осыным калай?!
aza
Бир сагаттан аз кобирек уакыт капты, камданындар, доптебЕрлер)))
asaubota
бірден сол жаққа барамын. шамалы кешігіп қалуым мүмкін.

Нұрғиса, нашар адам емессің. тек алдын ала жамағатпен келісу керек еді
Nurgisa
Кешікпей келіңдер, жігіттер, сыланып-сипанбай.
Теріскей, Билайнның алдында кездесейік Қабанбай батырдың бойындағы, сағат 18:40та.
asaubota
мықты ойын болды. шалдар балдардан жеңілді, бұл жерде енді физикалық дайындық алып кетті. ал шалдар әдемі ойын көрсетті, көрермендер яғни Алдан мен Данияр жақсы бағалаған шығар деген ойдамын.
Janasil
Фото есеп күтеміз. /бара алмағасын суреттерді қанағат тұтамыз енді/
aza
Утылгандар не айтса да жон. Женимпаздар кенбиз го, ширкииин))))
aza
Тәәәк, Жігіттер, ертең сағат 11 00 де дәстүрлі алаңға жиналамыз ба?! Кеше түгел құптағандай боп едіңіздер, бүгін үндемей қапсыздар ғой тегі… Әлде қайтеміз?! Алдекең, Марко, Нұркісі, Әдмин, Теріскей, Ал Астер, Конвикт, Бекжан бырат, Бекжан быраттың Баукасы… тағы кім бар еді еееу))) Жиналайық та, жігіттер, ұтқан сайын ұта бергің келеді екен)
Bekjan
Жігіттер ертең алаң бос емес, дүйсенбі күні бос сағат 15,00 мен 17,00 арасында… Ертен бірақ басқа алаң бар… бірақ ол далада, сырты коршаулы болганымен, ертен жанбыр жауып кету ыктималы туындап тур… Ол аланда сагат кешкі 19,30 мен 21,00 арасында бос…

Ойланындар… asaubota ойнамаймын деп жатыр гой…
Nurgisa
Запшәстәрі кеткен ғой
Кешегі ойын ұнады. Тек үзбей кеп тұрсақ екен. Жанасылды келеді деп күтіп едім. Қуаныш та қалмас деп сенгім келеді. Қалған жігіттер түгелдей келді. Тіпті какой-то Баука да.
konvict
Келесіде араласып ойнайық. А то, ұта-ұта жалығып кеттік
sammita
Кеше азанда Жанасылды семинарда жолықтырғам, футболға барам деп отырған, дұғай сәлемімді жолдап мен қала бердім сеніп
konvict
Не ғо, Хейли бэриді сұрап көру керек екен. Ертерек ойнаған жақсы ғой
aza
Ашық алаңда да ойнауға қарсы емеспін, футбол қайда да футбол
asaubota
3 күнде 1 кәсіпқойлар да ойнамайды. бүгін сынып жатырмын, ертең бара алмаймын, айып етпеңдер. физиканы дамыту керек болып жатыр. кеше пәшти барлық голдар бос қақпаға соғылды, доптан айрылып қалып қуып жете алмай жаттық. бірақ, өз голдарымыз таза еңбекпен келді. техника мен тактика жаман емес, тек физиканы күшейту керек.
aza
3 күнде 1 кәсіпқойлар да ойнамайды.
Қызық болсын, біз ойнап көрейік, Админ, келсеңізші
asaubota
жұма күні футболды ерте аяқтап, сосын Мегаға киноға барсақ қайтеді Мың балаға? кестесі ертең белгілі болатын шығар. ертең бірінші күні бармай-ақ бірден футбол екеуін біріктірсек деген ой, жұмыс аптасының аяғы дегендей.
Nurgisa
Олай да болады. Футболды бір сағаттан сәл астам ойнап, сегіз жарымдардағы сеансына баруға болады…
asaubota
солай дұрыстау болатын сияқты. Димаштың рецензиясынан кейін кинодан гөрі футболды көбірек ойлаудамын  алдағы ойынға бір тактикалық ойлар бар, соны тексеріп көру керек. қорқыңдар жастар
konvict
Құпия қару табу керек болД ғо.
asaubota
сендердің 2 ойындарың да бірдей болды. тарсыл-гүрсіл, салдыр-күлдір ойын. келесіде де солай ойнайтын болсаңдар айдаймыз
konvict
Жұма көреміз. Кім ұтылады соның сөзі құрысын
Nurgisa
Жас балалар тактикамызды ұға қойды ма екен? Алдын фора беріп, кейін аяусыз жазалауы мүмкін-ау деген бастарына кіріп-шығып жатыр ма десейші… Бір жағынан аяймын, көз таныс, сөз таныс інішектер. Бірақ ойынның аты ойын емес пе еді әлімсақтан… Шынымен, қорқулары жөн бе деп ойлап отырғаным…
konvict
Жазалаудың қай түрін қолданады екен деген ой маза берер емес.
meirzhan
мазохшы детектед
Nurgisa
Сонымен қандай байламға келдік? Киноға бүгін барамыз ба, ертең футболдан кейін бе?
aza
Кызык болгалы тур екен дееее
Marco
Ертең футболдан кейін деген вариант маған ұнап тұр!
Nurgisa
Сонымен, ертең жұма. Футбол болатынын осы бастан еске сала отырайық.

Күтетіндеріміз:

TERISKEI
konvict
AL-ASTER
aza
Bekjan
Marco
asaubota
huanysh
Aldeken
Rafaello

Мен қосуды ұмытып кеткендерім және келемін деушілер болса, өрбіте отырайық.
aza
Топырактан тыскары болсак, алла колденен бир пале кезиктирмесе барамын. Шалдар шаршап калмады ма?!
konvict
Дайынсыңдар ма?
Nurgisa
Адамдарыңда түгендеп алдыңдар ма? Кім-кім келесіңдер, Теріскей, Жанасылдар келмесінші тек.
Adiletshu
Қатты ойнай ма
konvict
құрысын, айтпа. қатты ойнайд
Nurgisa
Либойын сындырад TERISKEI , Janasil , Marco , AL-ASTER , aza дегендер!
konvict
Оу, кім бар өзі балдар юнайтедтен. Ұтылып қалып ұятқа қалып жүрмейік
Janasil
Баруға тырысамын, түстен кейін жағдайға қарап.
asaubota
квнщиктер де ойнағысы келеді екен. бір күні жолдастық кездесу өткізейік олармен.
konvict
Біздің бір тілші ойнағысы келіп жатыр. Ертіп барайым мы?
Nurgisa
Жігіттер! Жаңа спортзал дирекциясымен сөйлестім, бүгін футбол залдағы жөндеу жұмыстарына байланысты болмайды екен, келесі аптаға шегерілді.

Bekjan
asaubota
huanysh
TERISKEI
konvict
aza
AL-ASTER
Janasil
Marco
konvict
Мен бара алмайтын болдым демекші едім
asaubota
ертең әбедтен кейінге зал таба алатын мүбәрек жандар бар ма екен?
aza
Осы тақырыпты да бір көтеретін уақыт болды, әкесстер!