Таныс болыңыздар: Kasymolzhas
Kasymolzhas — Олжас Қасым 1989 жылы 22 сәуірде ШҚО, Семей қаласы, Абыралы өңірі, Таңат ауылында дүниеге келді. Сол ауылдағы Т.Ысмайылов атындағы орта мектепті бітірді. Сосын алты ай Семей университетінде оқып, ҚазҰУ журналистика факультетін былтыр тәмамдады. Биыл осы факультеттің магистранты атанды. Студент кезінде «Қазақстан-Заман», «Үш қоңыр» газеттерінде бөлім редакторы болды. Қазір ерлерге арналған «Дарабоз» журналының жауапты редакторы. — КерекИнфоға қалай келдің?
— Мені мұнда алып келген осы сайттың қолданушысы — Мәншүк. Екеуміз шәй ішіп отырғанда керекинфоға келдім. Мен бұл сайттың бастапқы кезеңдерінде мүлде көре алмадым. Біз әуелі, өз блогымызды жүргізіп, соның қамымен басқа сайттарға көп кіре бермейтінбіз. Маусым айында уордпресс жабылғаннан кейін, араға уақыт салып осы сайтқа кездейсоқ кірдім. Содан бері керекинфоны айналсоқтап жүрміз.

Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.
… Мимырттанған тіршілік ай десейші. Ағаш(шөлке, бұтақ, ағаштың көзі, тақтай, қарағаш...) жармағандар жоқ шығар. Балтаны таңдаудан бұрын(…… ...) сабы сынып діңкемізді құртатын кездеріндегі өкініш пен ызаға не тең келеді?(Балта сермеуден басқа қолынан түк келмейтін пенде үшін).
