Сіз сөзі сөйлемнің ортасында тұрса кіші әріппен жазамын. Тек орысша арыз, түсініктеме, өтініш жазсам ғана Вы деп үлкен әріппен жазамын, сөйлемнің қай бұрышында тұрғанына қарамастан. Ал ол дұрыс па, әлде қате ма ойланып көрмеппін.
Сөйлемнің басынан басқа жерлерде «сіз» есімдігін бас әріппен жазу кейін шығарып алған бәлелері ғой. Ешбір тіл ережесінде жоқ нәрсе. «Сіз» деп сөйлеудің өзі-ақ сұхбаттас адамды сыйлайтыныңды білдіреді. Мыналары — шалбарды ұстап тұру үшін белдік пен подтяжканы қатар тағып алумен пара-пар нәрсе, ИМХО :)
Мен әке-шешеме ешқашан сен деген емеспін, дей алмаймын.
Жасы әжептеуір үлкеннің бәріне бірдей сіз деймін, бөтендеу және арада ара-қашықтықта ұстағым келгендерге сіз деймін қалғандарына сен деймін.
«Сен» деп сөйлеу жақындастырып тұратын сияқты көрінеді де тұрады маған. Менімен туыстық қатынасы жоқ және жақын араласпайтын адамдармен ғана «сіз» деп сөйлесем өзім, басқаларды қайдам.
қазақ тіліне де сол орыс тіліндегі сөйлем ортасында бас әріппен жазу әдеті арқылы келген сияқты :) деп ақылды болып кетейін, қазақшасында кішкене әріппен жазылады.
Бастығым «вы, вас» сөздерінің жекеше формасы бас әріппен жазылады деп бірнеше мәрте ескерткен, керісінше көпше түрдегісі кішкене әріппен. Соған қарап оның бір адамға, немесе бірнеше адамға қарата айтылғанын білуге болады деп түсіндірді. Ал қазақша кішкене әріппен жазылады ғой.
бас әріппен жазылады.
Неге орысшада Вы бас әріппен жазылса, қазақша сіз кішімен жазылуға тиіс? Айырмасы неде сонда?
Және мысалы:
Директору ТОО «АКБ» болса, «АКБ» ЖШС Директорына деген қате.
Кіші әріппен жазылады. Сөйлем басында келсе ғана, үлкен әріппен жазылады. Сіз сөзінің өзге сөздерінен бір бас озық тұратын жайы жоқ! Орыстар не жазса, оны жазсын! ИМХО
Сонда, Министрлік пен Ресми қоргандардан қорқып, дұрыс жазу ережесін бұрмалайық па? Жанашыр болсаң, тыныштық болмаса болмай кетсін, дұрыстап — кіші әріппен жаз ;)
Сөйлем ортасында келетін «Сіз» сөзіне қазақ тілінде ешқандай басымдық берілмеген. Тіпті бұл жөнінде айтылмайды ғой. Қаратпа сөз формасында айтылса жәй ғана екі жағынан үтірге алынады болды.
/Сәлем!!!!/. Айырмашылық жоқ емес қой негізі.Мысалы, Сіз — жекеше форма, көпше формасы — Сіздер. Ал орыстарда Сіз де — Вы, Сіздер де — Вы… Осыны ажырату үшін болса керек.
Мәдените министрлігінің Тіл комитетінен келген хаттардың өзінде «сіз» сөзін бадырайтып бас әріппен жазылғанын көргесін, бастықтарға бірдеңе дәлелдеуден қалдым. Амал жоқ, орыс тіліндегі «сіз (Вы)» және «сендер (вы)» деген сөздің мағынасы оның бас немесе кіші әріппен жазылуына байланысты ерекшеленетін емлесін қазақшаға да теліп алғандарға не қайран…
Сөйлем басында ғана үлкен әріп, ал ортасында кіші әріппен жазамын. Ал орысшада ресми, ұялатын жерге жазып отсам үлкен әріппен, қалған уақытта кішімен жаза берем.
Қалай қолдануыма байланысты: егер сөздің басында келсе- бас әріппен, ортасында кішкентай әріппен.Бірақ соңғы кездері поэзияда бас әріппен жазылатынын жиі байқаймын.
Мәссаған, 50 де 50-қазіргі дауыс қорытындысы
негізі бұрын кіші әріппен жазылған деп ойлаймын, кейін шығар үлкен әріппен жазылу керек деп шығарып жүргендері.
Артемий Лебедевтің де пікірін оқып көріңдер:
Вы всегда пишется с маленькой
Совершенно невыносима рекламно-подобострастная манера писать Вы с заглавной буквы. Вы — это множественное число, при обращении к одному человеку звучит уже достаточно почтительно (по сравнению с ты) и не требует дополнительных украшений.
В качестве особого исключения можно писать Вы при личном обращении к невероятно уважаемому человеку (у каждого таких адресатов в жизни наберется человека три).
В названии магазина «Все для Вас» и в рекламных словах «… потому что Вы можете себе это позволить» читается не уважение, а глупость. Не нужно бояться писать всегда и везде вы с маленькой буквы. www.artlebedev.ru/kovodstvo/sections/165/
контекстке байланысты. Мысалы, хатта: «Прошу Вас выслать дубликат бла бла бла» болса, бас әріп (бір адамға қаратып айтылса), көп адамға болса кіші әріппен жазам. Орысшада. Қазақшада, ағылшында ылғи кіші әріп. Сөз басында келмесе, әрине.
Өзім келіспесемде — Сіз деп сыздағаннан(сызылғаннан) гөрі Сен деп сенгеніңнің тәуір екенін білген бабамыз Ол.ардан көп зиян шеге тұрып, қолтығын кең ұстағандығнан зиян шекпеген сияқты....<Бабаларымыз болашақты көп ойлаған сияқтыма өзі>
Мәселе сызылу мен сенімде емес қой, аға. Ресми хаттар бар, оған қоса жасы үлкенге сен деп сөйлеу дөрекілеу емес пе? Мен ата-анама, өзімнен үлкендерге сіз деп сөйлеймін, сызылғанымның белгісі емес, белгілі бір сыйластықтың, тәрбиенің көрінісі мен үшін. ӘРине, сен деп жақын досыңа, құрдасыңа қаратып айтатынын білемін.) Бәрінің, әр сөздің өз орны бар дегім келген.
Хыхыхы…
Ресми хаттарда үлкен әріппен жазылады. Бірақ ол барлық уақытта үлкен әріппен жазылмайды.
Егер хат нақты бір адамға жолданып жатса, мысалы, Әділет министрлігінің директоры Қ.Пәленшеевке деп жолданатын болса ғана хаттағы «сіз» сөзі үлкен әріппен жазылады. Ал егер жәй ғана Әділет министрлігі деп жолданатын болса, онда кіші әріппен жазылады.
Бұны кім ойлап тапқанын білмеймін. Бірақ солай.
Арнайы пәнге арнаған біп пәннің кітабын оқып шықтым. Әуесқой жазушы екен, Гаста сияқты. Сол кітапта сөйлем ортасында «Сіз» деп жазылған сөздер есімде сақталып қалды, содан кейін кей жерлерге үлкен әріптермен жазамын. Әсіресе, лауазымды адамдар болса.
Ресми құжаттардың көбінде соңғы кездері бас әріппен жазылып жүр. Жалпы кішкентай әріппен жазған дұрыс деп есептеймін, «сіз» есімдігі басқа есімдіктер сияқты қолданылуы керек деп ойлаймын. Ал, өмірде өзімнен үлкендерге, ата — анама «сіз» деп сөйлеу бала кезден қалыптасқан, өз ортамда достарыммен «сен» деп сөйлесемін. «Сіз» деген мен үшін жағымпаздану емес, құрмет, мәдениет, өзімнен жоғары қойғанымның белгісі, тіпті «сіз» деген қай жағдай болмасын жұмсақ, «сен» деген сәл дөрекі естіледі.
Ауыз әдебитетінің төрдегі орынын ескерсек; осы бір ауыз сөздегі ілтипатты — үлкен немесе кіші әріпке сыйғызу мүмкін еместігіне қарсы болар Қазақты кім табады? Ұпайымыздың түгелдігіне елдің назарын аударуға тырысу керек сияқты.(Қытайдың мың иілгенінссссс)
қазақша ресми қағаздарда кіші әріппен, орысша бұрындар кіші әріппен еді, деканым түзеткеннен бері бас әріппен жазамын, сол әдетпен ағылшында да солай кетіп қалып жүр :)
Қазақша бейресми байланыста акцент жасағым келгендіктен бас әріппен кетеді :) Осы сайтта көбіне
Жасы әжептеуір үлкеннің бәріне бірдей сіз деймін, бөтендеу және арада ара-қашықтықта ұстағым келгендерге сіз деймін қалғандарына сен деймін.
Неге орысшада Вы бас әріппен жазылса, қазақша сіз кішімен жазылуға тиіс? Айырмасы неде сонда?
Және мысалы:
Директору ТОО «АКБ» болса, «АКБ» ЖШС Директорына деген қате.
қоргандардан қорқып, дұрыс жазу ережесін бұрмалайық па? Жанашыр болсаң, тыныштық болмаса болмай кетсін, дұрыстап — кіші әріппен жаз ;)Жазылмаған ережелер бұлар.
Мәссаған, 50 де 50-қазіргі дауыс қорытындысы
Артемий Лебедевтің де пікірін оқып көріңдер:
Вы всегда пишется с маленькой
Совершенно невыносима рекламно-подобострастная манера писать Вы с заглавной буквы. Вы — это множественное число, при обращении к одному человеку звучит уже достаточно почтительно (по сравнению с ты) и не требует дополнительных украшений.
В качестве особого исключения можно писать Вы при личном обращении к невероятно уважаемому человеку (у каждого таких адресатов в жизни наберется человека три).
В названии магазина «Все для Вас» и в рекламных словах «… потому что Вы можете себе это позволить» читается не уважение, а глупость. Не нужно бояться писать всегда и везде вы с маленькой буквы.
www.artlebedev.ru/kovodstvo/sections/165/
Ресми хаттарда үлкен әріппен жазылады. Бірақ ол барлық уақытта үлкен әріппен жазылмайды.
Егер хат нақты бір адамға жолданып жатса, мысалы, Әділет министрлігінің директоры Қ.Пәленшеевке деп жолданатын болса ғана хаттағы «сіз» сөзі үлкен әріппен жазылады. Ал егер жәй ғана Әділет министрлігі деп жолданатын болса, онда кіші әріппен жазылады.
Бұны кім ойлап тапқанын білмеймін. Бірақ солай.
Нақты бір лауазымды адамға жолданса Сіз, орган атына жолданса сіз.
Қазақша бейресми байланыста акцент жасағым келгендіктен бас әріппен кетеді :) Осы сайтта көбіне