Euro 2012 іріктеу ойындары аяқталды
Кеше түнде іріктеу ойындарының топтық кезеңі аяқталды. Еуро 2012-ге тікелей шыққан командалар және плэй-оффқа қалғандар белгілі болды.
Тікелей жолдама алғандар: Польша мен Украина (алаң иелері), Германия, Ресей, Италия, Франция, Голландия, Грекия, Англия, Дания, Испания, Швеция (ең үздік 2-ші орын алған команда).
Плэй-оффқа қатысатындар: Түркия, Ирландия, Эстония, Босния, Хорватия, Черногория, Португалия, Чехия.
Бұл жерде рейтингтеріне байланысты топтық кезеңге 5-ші дорбадан қатысқан Черногория мен Эстонияның ерлігін айта кету керек. Әсіресе эстондардың жетістігі өте үлкен жетістік. Өз ойындарын 2-ші орында аяқтап, соңғы турда Сербияның Словениядан сүрінуін күтті олар. Словендер серб пенальтиін қайтарды және гол соғып, жеңіп кетті. Қазір Эстонияда мейрам, плэй-оффтан өтулері қиын әрине, бірақ сонда да үлкен жетістік бұл.
Плэй-офф жеребесі ертең өтеді.
мықтылар: Португалия, Чехия, Ирландия, Хорватия
әлсіздер: Түркия, Эстония, Босния, Черногория
мен жалпы АПЛ-де ойнайтын жұлдыздардың ЕУРОда жаратынына сенбеймін. әсіресе ағылшын құрамасынан фальсо күтем. лига + 2 кубок + еурокубок + құрама ойындары кез-келген ойыншыны «сығып» алады
Босния — Португалия
Чехия — Черногория
Эстония — Ирландия
Түркия — Хорватия
түріктер баяғыда хорваттардың аузын ұрып кетіп еді соңғы сеундта, соны қайталаймыз деп жатыр.