Deprecated: Function get_magic_quotes_gpc() is deprecated in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/engine/Engine.class.php on line 241
Deprecated: The each() function is deprecated. This message will be suppressed on further calls in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/libs/vendor/DklabCache/Zend/Cache/Backend.php on line 68 Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы... / Бет 4 / КерекИнфо
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...
КерекИнфо ақындары, жазған өлеңдерімізді осы жерге салайық.
Негізі өлеңңң… дәл уақыты есімде жоқ енді 2010-2011 жылдары ақынсымақ боп жүргенде жүректі жарып шыққан ғо. Мәтіні төменде. Оқып бағасын бере жатарсыздар.
Жаралы менің жүрегім
Шықпай қойдың ғой миымнан
Ғашық болғам ба өзіңе?
Бой алдырмайтын адам едім ғой сезімге?
Ақылды шіркін ақымақ сезім жеңдің бе?
Қалай болғанын түсінбей тұрмын мен мүлде.
Қай жерің мені елітті екен өзіңе?
Шашың ба, қасың, қарақат қара көзің бе?
Ерінің шығар шиедей болған қып-қызыл?
Тәнің бе әлде ұқсамайтұғын ешкімге?
Айтарым осы, жаралы менің жүрегім
Бір көру сені қазіргі менің тілегім.
Сыздаса жүрек, сағыныш басса кеудемді
Ұйықтап түнде, қалайша күндіз күлермін?
Уақыттың қадірін сен білесіңбе, Көп уақыт босқа ойнап жүресіңбе. Алланың берген заты өлшеулі ғой, Қанша күн қалды екен үлесіңде. Қаншама уақыт жайлы жазсаңдағы. Еш нәрсе қолдан келмес атсаңдағы. Зуылдап өте шығар секундтарың. Тек қана өткен күннің бар салмағы. Сондықтан мағыналы өмір сүрген жақсы, Жатқаннан жаяулатып жүрген жақсы. Әр уақты тамашала уақытында. Әр қашан жылағаннан күлген жақсы. Уақытты шідерлеим деу бос қиял ғой, Тек қиялға сияды ғаламат ой. Аспандағы жұлдызға қолың жетпес, Мән мағналы өмір сүр оны ойлап қой.