Боянбашы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Боянбашы
Сүйсінем де ойланам саған қарап,
Құм секілді сырғиды уысымда ой:
Боянбашы.
Жоқ себеп алаңдамақ,
Сен онсыз да бәрінен сұлусың ғой.

Ең қымбат опа-далап.
Сен кетірдің
сәніңді замананың кескіні деп.
Бояудың
тұнық көз бен келбетіңнің
сафтығының қасында еш құны жоқ!

Ойланшы.
Асықпашы, аялдашы!
Ажарыңды әлемге ашып өтші.
Мейлі!
Тіпті мен үшін боянбашы.
Мені өзіңе басқалай ғашық етші.

Боянбашы.
Көтергенде көп қылықты,
деймісің енді әріңнен үркем осы?
Шашыңды бүркегенің жеткілікті,
Құдай берген жүзіңді бүркемеші.

Сөйткен қыздан асатын жоқ қыз менше.
Және деме «Қалауды шектейді де»:
Айнаға қарап уақыт өткізгенше,
Көзіме ұзақ қарасаң жетпейді ме?

Білмеймін,
Сонша көркем үйлесе ме,
Маңызды деп өзгерту реңіңді.
Жалған ол.
Ноқат бояу тимесе де
Жақсы көріп келем ғой жүрегіңді.

p.s.
… Тәтті ұйқы.
Қасымдасың бүгін менің.
Мен жатайын зер салып.
Оянбашы.
Ал оянсаң – жетеді күлімдеуің,
Тек… боянбашы.
Бөлісу:

45 пікір

merekeee
Баяғыда бір ақын «Интернеттен өлең оқысақ, идеясын алып, басқаша жазып аламыз» деп еді. Идеясы әдемі. Ие бол ал! )
Ispek92
кім ақын ол? Яғни интернетте отыратын)))
qonyrbai
Қазіргі кезде журналистер де интернетте блогерлердің еңбектерін ұрлайды. Әлгі ақыныңа солай деп айтып бар.
NurbaiShakim-Bai
Блогер болмашыны жазып, аудиториясын алдайды. Кімнен-кімнің идея ұрлап жүргенін білмейді екенсіз. Мұндай пікір айтпас бұрын Нұртөре Жүсіп, Шамшаддин Паттевтердің мақалаларын оқы. Сайып келгенде журналистер блогер бола алып жүр, тек блогерлердің журналист бола алмай жүргені болмаса… Сосын осындай пікір айтпас бұрын аваңдағы «Журналисттің» деген сөздің бір «Т» әрпін алып тастасаң…
qonyrbai
1. natribu.org/kaz/ сайтына жеке жолдама.
2. «ЖурналисТтің/журналисТің». Қанша Т әрпі салынса да, түсіп қалса да сөздің мағынасы өзгермейді.
3. Н.Ж., Ш.П., т.б. мен үшін жай ғана адам, басқа ешкім емес. Қызметтері өздеріне! Неге мен маған қызық емес нәрселерді оқуым керек?!
4. Журналистер ОБЪЕКТИВТІ болып алсын әуелі. Жалғас Ертайдың қазақ журналистикасына қатысты барлық сөзіне толықтай қосыламын.
5. Сұрақ: Неге блогер журналист болуы керек, болуға тырысуы керек? Міндеті ма не?
6. Журналистер де БОЛАТЫН нәрсені жазып жүрген жоқ.
7. Журналист — бедел емес. Журналист — ақпаратты жеткізуші маман. Басқа ештеңе емес.
8. Жоғарыдағы пікірімде журналистердің блогшылардан ұрлайтыны туралы жазылған. Ал ол — өтірік емес.
9. Жеке жолдаманы жоғалтып алсаң, міне, қосымша жолдама: natribu.org/kaz/
10. Тағы да барғың келетін сияқты: natribu.org/kaz/
AlashkyzyAikumis
Құлақ өтірік көз шындық! менің айтпағымды түсінген шығарсыз!
buzau
Идея өзімізде жетіп жатыр, Айтысуға шықсаңшы болсаң батыр. Тұшытымды ой салу болсын ләзім. Жұп жұмыр боп жан жағы тілге татыр.
Ispek92
әлгі сыншыларды күтеміз, маған солардың айтатыны қызық бәрінен)))
buzau
Іспек інім жүрсің бе қашып, пысып. Пікір жазып Қоңырбайша лоқсып құсып. Сыншыларды іздесең қасыңдамын. Жауап жазсаң көрейін мен де тырысып.
Ispek92
Домбырамды келтіріп алдым да: жоғал нақ дедім, хәләу-хәләу
MERmukhanov
Менің романтика, лирикамның астында қуғынбай айтыс жасап қоятын пезнес шығарсыңдар нақ :))
buzau
Жоғал нах болсаң жоғал нақ, Жауабыңа берем шах. Шайнамай жұтсам өзіңді, Осылайша қылам мат. Иди нах…
Ispek92
Бляяя, бәззәр жоқ құрастырып құяды екенсің, ішің пысып отса аптырға тиіс микроб неме, сосын жоғал нақ пен иди нақ-ты айыра біл
buzau
Иди нах жоғал нақтың орысшасы, Бұл саған шах берудің болсын басы. Неге мен аптырға кеп тиіспекпін. Жұп жұмыр түзу болса айналасы. Сына деп өзің сөзді сұрап алдың. Бос былшылмен өлеңді құрап алдың. Құйрығын жатқан жылан баспай жүрсең, Мен дағы сынау айтпай тұра алармын.
qonyrbai
p.p.s. (n жылдан кейін)
… Тәтті ұйқы?
Жатсың әлі сасып-бықсып.
Асқазанға дауа жоқ, жатыр лоқсып.
Ояншы, білә!
Оянбасаң, болады удар жоскы.
Шәй-тамақты дайындашы, ой бір күлә!
buzau
Қоңырбайға… Шынындада лоқсыдым өлеңіңнен, Өлеңіңнен топастық көремін мен. Өлең жазсаң жазсаңшы авторға ұқсап. Бояусыз ақ сұлулық көре білген.
Ispek92
Мерей, мына бұзауға бірдеңе берсеңші, менен бірдеңе күткендей мөңірей береді))))
buzau
Достан көмек сұрадың енді келіп, Өлеңдеуден қалдыңба әлде жеріп. Сенген қойы сен болсаң Іспек інім. Сыбағаңды жүрмесін Мерей беріп.
ken
1:0 в пользу бузау
Ispek92
Братан не ғо, спорт немесе тағы басқа салыстырмалы пікір айта алатын дүние болса пікірлесер ем, ал ол өзімен өзі қуып жатыр, не үшін айтысамыз? Себеп не? Нені жақтап нені ақтаймыз? түсіне алар емеспін, ақын болса жырауларға тиіссін деп айта саласыз ба))))))))
Ispek92
Мен де мынадай да ойлар пайда боватр, шшс)))
MERmukhanov
өлеңге қатысты пікір білдіріп, екеуің де тайып тұрыңдарш нақ!
ken
міне, енді есеп теңестірілді — 1:1
VKM
әдемі өлең, той жақын ғой деймін)
MERmukhanov
Сен тұрмысқа кеткенше, мен үйленбейм деп шештім. Ал, жолымды ашқың келсе, қамдан… :)
VKM
Мерей :)))). Онда тездет, мен тұрмысқа шықтым
MERmukhanov
қап, өтпей қалД :)
ken
рас па? онда бақытты болыңдар!
Ispek92
нағып естімей қалдық екен, бақытты болыңдар! Бірге қартайыңдар, шырақтарым :)
merekeee
Кен екеуіңе енді жетіп жатыр ма? «Ымды түсінбеген дымды түсінбейді» :)
Ispek92
қазір трольдерге сенуден қалдық, қалжың пост деп ойлаппын))) рахмет, сіз де біз секілді тойдан қап кеттіңіз-ау деймін…
VKM
Ол пост күлкі үшін жазылған. Ешқандай шымкенттік жігіт ұрлаған жоқ. Құдалық болды,ұзату,үйлену тойы өтті.Өскеменде болды бәрі.Құттықтағандарыңа көп рахмет
Ispek92
Сарказм желі есіп тұр мынадан, кеш те болса құттықтап қояйық)))
VKM
Исабек, сарказм жоқ болған. Жәй құлаққағыс. Рахмет.Сен құттықтадың, енді тура бақытты боламын :)))
MickThatsMyNick
Боянбашы, қас жұлмашы, қырынбашы,
Сары түске боялған құрысын шашы,
Қара-торы қазақ қыздың басынан
Осындайда көрем кейде боқтың қасы.

Қас жұласын, айнаға қарап, аузыңды ашып,
Бақты білдірер қосылған қастан қашып,
Қолдарыңды кезекпенен көтеріп ап,
Кеп қырасын қолтық шашын жерге шашып.

Қыртпашы, дерсің маған тағы қазақ қызы,
Өзім білем кіммен жүрем қостың тұзын
Гендер мендер, демократия шимократия
Шықпасын осының бәрі жарып мұзды. ©
VKM
маған осылай жазатын жігіттер «слабактар» сияқты көрінеді.Әрине, шектеусіз,қалай болса солай боянған,қырынған бір басқа, ал заманауи, шектеп,әдемірек болу үшін боянған тіпті де басқа ғой. Қастарыңда әдемі қыз жүрсе жаман ба, не?Қайтыңдар 19 ғасырға онда :))))
ken
19 ғасыр қыздары әдемі болмаған деген ойыңды білдіріп қойдың.
MickThatsMyNick
саған жай ғана көрінеді.)))) ойыңа қатты алып қалғансың ғо… .)))) аптығып қатты оқығансың ғо, асықпай жұмсақ оқу керек мұндайды, лирично :)))))
Gastarbaiter
заманга сай бояну кыздарды конвеерлык оним кылып жвергендей болад маган.
стандартная внешность кой кобынде сонын кесырынен.
Боянбауга угиттемейм ешкимды свое дело. Бирак адамзат туптин тубинде акрил-полиакрилдан жалыгып табигилыктан сулулык коре бастайтын сиякты. Тренд соган келе жатыр.
Секрет Виктории деген кыздарга трусы сататын фирма кешеги куни озине гламур кыздарды, бес батпан бояу, одан калды фотошоппен арленген пластмасс кыздарды емес, шынайы фигура аздап толыктау кыздарды модель кылган еды.
Стандарттар модадан калды. Шектен тыс бейстандарт монстр фриктар, оныншы размер бюсттар да калды.
Болашак табиги ерекшелыктерде болады.