«Как будто в мире больше нет меня...»

Көкжиекке мен келермін,
Сені іздеумен сенделермін,
Ажыраған күн естен шығады енді.

Керең жандай күйге енемін,
Көрмеуді де үйренемін,
Мені жоқ деп елестет мына әлемді.

Қайырмасы:
Қарсы аламын әр таңымды,
Қайғы-мұңның алқабында,
Сен ұнатқан гүл иісі кеуде кернеп.

Күндерім де, түнім де,
Сырғып жатыр білінбей,
Мен жүремін елеңдеп сен келер деп…
Сен келер деп…

Ән салмаймын, көз ілмеймін,
Ештеңе де сезінбеймін,
Тұңғиықты кеземін кей түндері.

Бұлт емес ендігі мекенім,
Түсіндім кұр елес екенін,
Өмір сүрем өзгенің кейпіндегі.

Қайырмасы:
Қарсы аламын әр таңымды,
Қайғы-мұңның алқабында,
Сен ұнатқан гүл иісі кеуде кернеп.

Күндерім де, түнім де,
Сырғып жатыр білінбей,
Мен жүремін елеңдеп сен келер деп…
Сен келер деп…

Сен келер деп…

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Как будто в мире больше нет меня...»


Cкачать Батыр Твои Шаги бесплатно на pleer.com

Я приду на край заката,
Ожиданием распятый,
Навсегда забуду день, что потерял.

Научу себя не слышать,
Научу себя не видеть,
Как будто в мире больше нет меня…

Қайырмасы:
Я каждый день встречаю,
На алтаре печали,
И цветы целую, что любила ты…

И днями, и ночами,
Часы не замечая
Снова, снова, снова жду твои шаги…
Твои шаги…

Не пою, не засыпаю,
Помню то, что забываю
И брожу ночами словно под водой.

В облаках дома не строю,
Видно дом того не стоит,
Я научил себя не быть собой.

Қайырмасы:
Я каждый день встречаю,
На алтаре печали
И цветы целую, что любила ты…

И днями, и ночами,
Часы не замечая
Снова, снова, снова жду твои шаги…
Твои шаги…

Твои шаги…
Бөлісу:

12 пікір

buzau
Өлеңнің мәтінін әнімен бірге қарау керек. Онсыз пікір айту қыйын.
MERmukhanov
өлең жақсы, әніне сай кей жерін сүргілеп жіберу керек
bizbike
мына жерге қосып қойдым
аудармаларыңызды осында қосуыңызды өтінемін, рақмет
merekeee
Рахмет дейін бе? ) Келесіде алдын ала ескертсеңіз екен. Бірақ, сайтты меңгере алмадым. Аударма Мереке Есендікі екені қай жерінде көрсетілген?
bizbike
Submitter's comments деген жерде. Басқа да әндерін аударуға атсалыссаңыз екен, аудармаңыз сондай жақсы.
ken
Шындарыңды айтыңдаршы, бұл әншінінің әндерін бұрыннан тыңдаушы ма едіңдер, әлде қайтыс болғалы тыңдай бастадыңдар ма?
VKM
Мен тыңдайтынмын, осы әнді(бірақ ол менің плейлистымда «Твои шаги»деп тұратын) ,«Дождь» деген әндерін.
ken
ал күйеуің ше?
merekeee
(бірақ ол менің плейлистымда «Твои шаги»деп тұратын)
Неге бірақ? Әннің аты «Твои шаги» ғой өзі де.
bizbike
Плейлистімде әндері бұрынна болған, бірақ мен бұрын естімеген тамаша әндер көп екен. Алтынның қолда барда қадірі жоқ деген осы.
meirman_kz89
Мен теледидардан көрсетіп жатса ғана тыңдайтын едім. Ұялы телефоныма бірде бір әнін жүктеп алып көрмеппін.