Өмір...

Не айтайын, айтатын сөзім бардай,
Қиындықпен күресіп, өмірден келемін талмай.
Бар болса ішімдегі мұңымды айтайын,
Досым тыңдашы сен, айтайын аузым талмай.

Сәулесімен, шуағын шашқан күн нұрындай,
Жан бересің, жылуыңды жүрегіме мұздай.
Қайта ояттың, тірілттің сен,
Мына өмір қызықтанып баражатқандай,

Кейде алдайсың, ей-өмір кейде мойындайсың,
Өз қатеңді жасаған, бірақ оны жоя алмайсың.
Не айтайын, «ӨМІР ОҢАЙ» деп айта алсамшы,
Жүректегі жылуымды озге адамға бере алсамшы.

Әмірхамзаева Әйгерім
Әрі қарай

Алтын қазық

АЛТЫН ҚАЗЫҚ
Қарттарды көргенімде,
Бір түрлі қалам налып.
Келмеске өздерімен кетеді-ау деп,
Ата-баба ұстанған ғұрпымды алып,
Ана тілім — қазына мүлкімді алып.
Шала қазақ, шұбар тіл олардан соң,
Он есе кететіндей сиқымды алып.
Ақ жаулығы жоғалса шешеміздің,
Жалаң бас қалатындай көрінеді,
Келешектің қара сөз сылқымдары.
Көкірегі — шежіре сырлы сандық,
Қара шалдың қатары сетінесе,
Жетімсіреп қалардай жұртым да азып.
Қазағымның қадірі қартында екен —
Ата жұртқа қағылған алтын қазық!

Үміт Жәлеке
Әрі қарай

Ақын болғым келмейді...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Ақын болғым келмейді...
Ақын болғым келмейді, өлеңім бар,
Өлеңім бар, қажетті көлемін ал,
Адам болғым келеді, адам болғым,
Бұл жалғанға бір-ақ рет келемін-ау.

Арам болғым келмейді-ау, ұятым бар,
Кетсін әрмен отқа май құятындар,
Мен өлгенде тәнімді жерге көміп,
Қу дүние-ай, сый қылып ұятымды ал.

Бастық шықпас, болмаймын, бата алмаймын,
Мүдделесті «бақ» үшін сата алмаймын,
Кішілермен қырлысып қырық пышақ,
Үлкендердің «астына жата алмаймын».

Болса дағы жүрегі мейірімді,
Дәрігердің, байқасақ, күйі мұңды,
Сынған қолға ағаш сап, түзетсемде,
Жинай алман, өлген жан, киіміңді.

Өмірінде көрмеген жоқ саласы,
Журналистер қоғамның бейшарасы.
Көз алдында халықтың қорғаны ол,
Қолындағы биіктің гитарасы.

Кейін қарай, ей көңіл, тартасыңба.
Жоғалмаған қадір бар әр тасыңда.
Дүниенің халыққа бақ болуы,
Дөңгелеткен адамның арқасында
©Ернар Сейтахмет
Әрі қарай

Жапырақ ем тағдырымнан үзілген...

Жапырақ ем тағдырымнан үзілген,
Ұрламашы,
Ұрламашы күзімнен
Неге келіп мазалайсың түсіме,
Бірге бола алмаймыз ғой біз мүлдем.

Ақ шәлі едім,
Ақ бұлт жерге түсірген,
Аппақ қардай көз алдыңа тізілген.
Қарайтпашы, қарайтпашы жанымды
Қабағыңа қатқан мұздың жүзімен

Жаңбыр ма едім
Жолдарыңа жауатын,
Талып кетті,
Талып кетті қанатым…
Мен қонатын биік енді белгісіз,
Мен киетін киім де енді қара тым.

Құс тартатын ноталарын қайғы — әнім
Жүрегіңде болған едім…
Қайдамын?..
Жылатпашы,
Жылатпашы жанарды
Жанар отым сөнгеннен соң айтамын.

Самал ма едім бағыңда есіп тұратын,
Мен шығармын жауабы жоқ сұрағың
Ғайып болғам, өзім күзбен көшкенмін,
Өмір сүріп жүрген менің құр атым.

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Әрі қарай

Күзгі елестер

Күзгі елестер
Арайланған таңғы уақ шырайымен
Жүрегімнің мұңлы әні Күн, Айым ең
Күзгі бақ… Мен таңдаған ақ қайыңның
Жапырағы сарғайды уайыммен.

Жарық әлем қарасаң бір шеті жоқ
Жан серігі барлардың көңілі тоқ
Бар дүние астан- кестең болғанымен
Күзгі бақ пен тек менде өзгеріс жоқ

Манаураған күзгі бақ жабырқатты
Жабырқатты жаныма қатты батты
Тереземді, бір менде өші бардай
Тамшысымен жаңбырдың тарсылдатты

Күзгі бақта қалайық екеуара
Пәк жүрекке салмашы мұңлы жара
Дәл қазір, көз алдыңда серт етейін
Мына бақ пен сүйемін сені ғана

Жасыңды тый, кел қане жұбатайын
Жұбатайын қайғыңды құлатайын
Бақытында бірге ойнап бірге күлген
Күзгі бақты мен қалай ұмытайын

Арамызда қалмасын өкпе нала
Жырларыма куә ғой дархан дала
Қаншама ару жолыма тұрғанымен
Әлі күнге сүйемін сені ғана

Махаббатта тағдыр мені аямады
Аямады тек қайғы аялады
Мені тастап кеткенінді естігенде
Жүрегімнің дүрсілі баяулады

Көктен жаңбыр жауады арқырап дүр
Сар далада аунайын көсіліп бір
Күз болсада, сол сезімнің оты өшпей
Әлі күнге кеудемде жарқырап тұр

Жапырақтар айналаны нұрландырды
Нұрландырды кей сәтте мұңдандырды
Күзгі бақта жолығысқан сол бір ару
Өміріме өшпестей із қалдырды

Содан бері қанша күз, көктем келді
Күзгі бақ сол баяғы өзгермеді
Жараланған жүректерді емдеп жүріп
Жалғыз болып қалмасам жарар еді…
Әрі қарай

СЫКЫРЛАУЫК КЕРЕУЕТ

Бул омир коп сынады сан баланы
Тирлигиме менин де журт тан калады.
Биик уйдин жетинши кабатында
Турып жаттым патерде жалдамалы.

Корши уйдин де жайы жок, сыйкы нашар
Иеси орыс, аты Дима, бейкуна шал…
… Ал, жогаргы кабатта жесир айел
Кереуетти сыкыр-сыкыр, уйкы кашар…

Елитип, еликтирип жас баланы,
Тунги 1-2лерде басталады.
Жаланаш тани келсе коз алдыма
Кирпиктерим жумылуга жасканады…

Кей кездери подьезге бирге енемиз
Шашы – алтын, мандайы кунмен егиз…
«… Кереуетин мен де онын сыкырлатсам...»
Киялым ушин мени кундемениз.

Жесир айел, жасы отыз бес, кырыктарда
Берген оган сымбат пен кылыкты Алла.
Мен де оны тунимен ойлап жатам
Сезимди адам ишинде кулыптар ма?

Тирликтин тепериши, хакы ботен,
Мен де омирден оз таттимиди татып отем.
Кеше тагы масайрап, ести жыйсам,
Сыкырлауык сол тосекте жатыр екем!

Уйкысыз тундер ушин ош аларым
Белгили еди,
«Тирликтен» босамадым.
Шыртиган белдемшесин белге ысырып
Бултиган кыса тустим кос анарын…

Лагыл лаззатпен тун ауады
Напси ширкин курбандыгын куалады…
Мына ески кереуеттин сыкырынын
Тек осы тун жаныма унаганы…

Р:S.Осы ма екен, о, Кудай, куна мани?!..
Әрі қарай

Сенімен билеген вальс

Балқытып барып денемді,
Жанымнан кеттің дем үрлеп.
Жүрекпен тыңдап өленді,
Сезімім кетті дірілдеп

Тербелдік бірге ырғақпен,
Кеуде мен кеуде түйісіп.
Ауызыңнан шығып құрғақ дем,
Біз кеттік ойша сүйісіп.

Тамсандым сұлулыққа бір,
Алмадым сенен көзімді.
Әнші де әнін шырқап жүр,
Ән етіп мендік сезімді.

Жүрек пен жүрек қосылмай,
Арасы жетпей бір қарыс.
Тәп-тәтті болды осылай,
Сенімен билеген вальс
Әрі қарай

Қаңтардың қар желі еседі... ("Иван Васильевич мамандығын ауыстырады" к/ф-інен)


Пенденің дейтұғын
дөңгелек Жерді үйім,
Сүйгенін табуы —
мәселе ең қиын.
Жердің тек білгені —
тоқтаусыз айналу,
Оңай ма, оңай ма
Ғашық боп қалу?

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Сезімге тағы бір
қиындық бар қарсы:
Тапқан соң боп шықса
алдамшы, алдамшы?!
Жалғанын табасың,
Шатасқан бір күні
оңай ма, оңай ма
анықтау мұны?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң ешқашан таппайды.

Бір жақта жүрекжар
махаббат бар маған,
Мәңгілік,
ешкім де қайталай алмаған.
Көптен оны іздедім,
Күндерде зулаған
оңай ма, оңай ма
кезігу оған?!

Қаңтардың қар желі еседі,
Толассыз мазалап нөсері,
Жұлдыздар айнала көшеді,
Қала зар қақсайды.
Көрмейді адамдар бір-бірін,
Байқамай өтеді мұңлығын,
Жоғалтпас осылай кімді кім,
Содан соң таппайды
ешқашан, ешқашан,
Содан соң ешқашан таппайды.

пы.сы. Пост-түпнұсқа мен жеке орындаулардан өздеріңіз ұнағанын таңдап аларсыздар. 8-) *Angel*





Әрі қарай

Қар жауды бүгін...

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Қар жауды бүгін...

Қар жауды бүгін
періште билеп еңсені
Қар болып кетсем,
қалқам деп
қарсы аласың ба сен мені.

Ақ ұлпа біткен әуеде жүр ғой би билеп,
Қадірлі өзі,
Күтпейді көктен де мүлде сый-құрмет.

Ақ жастық — бұлттан үлбіреп түскен сыңайлы,
Еске
Әрі қарай