Сенімен билеген вальс

Балқытып барып денемді,
Жанымнан кеттің дем үрлеп.
Жүрекпен тыңдап өленді,
Сезімім кетті дірілдеп

Тербелдік бірге ырғақпен,
Кеуде мен кеуде түйісіп.
Ауызыңнан шығып құрғақ дем,
Біз кеттік ойша сүйісіп.

Тамсандым сұлулыққа бір,
Алмадым сенен көзімді.
Әнші де әнін шырқап жүр,
Ән етіп мендік сезімді.

Жүрек пен жүрек қосылмай,
Арасы жетпей бір қарыс.
Тәп-тәтті болды осылай,
Сенімен билеген вальс
Бөлісу:

4 пікір

Abilakim
Оқып отырсам «Кеудемен кеуде түйіскен» екен.Бірақ,
Жүрек пен жүрек қосылмай,
Арасы жетпей бір қарыс.
дейсіз. Соған қарағанда қыздың емшегі бір қарыс болғаны ғой деп шамалап отырмын…
KONILDI
нормально ия бір қарыс деген?! Ойша алғанда 3-ші размер