Жаралы менің жүрегім

Негізі өлеңңң… дәл уақыты есімде жоқ енді 2010-2011 жылдары ақынсымақ боп жүргенде жүректі жарып шыққан ғо. Мәтіні төменде. Оқып бағасын бере жатарсыздар.

Жаралы менің жүрегім

Шықпай қойдың ғой миымнан
Ғашық болғам ба өзіңе?
Бой алдырмайтын адам едім ғой сезімге?
Ақылды шіркін ақымақ сезім жеңдің бе?
Қалай болғанын түсінбей тұрмын мен мүлде.

Қай жерің мені елітті екен өзіңе?
Шашың ба, қасың, қарақат қара көзің бе?
Ерінің шығар шиедей болған қып-қызыл?
Тәнің бе әлде ұқсамайтұғын ешкімге?

Айтарым осы, жаралы менің жүрегім
Бір көру сені қазіргі менің тілегім.
Сыздаса жүрек, сағыныш басса кеудемді
Ұйықтап түнде, қалайша күндіз күлермін?

Жаралы менің жалындап жанған жүрегім…
Әрі қарай

Сәттік сыр...

Қазанның күзі, асығам саған,
Жасырам деп сары көрпеңе мұңды.
Қазанның күзі, сағындым сондай,
Ертегі айтатын ерке желіңді.

Өлеңсіз жанған өгей көңілді,
Биыл тағы да басам дегенсің.
Мүсіркемейтін мөлтек мұңымды
Қазанның күзі,
Қашан келесің?

пы.сы: Майлагенттің блогынан алынган оленсымақ
Әрі қарай

Жақсы сөз

Жақсы сөз адамның жанын түртеді.
Ішіңдегі зарыңды қуаныш өлтіреді.
Жүрегіңнің терезесін шан басқанда,
Жақсы сөз жүрегіңнің шаңын сүртеді.

Жақсы сөз бесігіңдей тербетеді.
Жақсы сөз ыстық шайдай терлетеді.
Жақсы сөз құлағыңды жайлап сипап,
Жүрегіңнен орын тауып төрлетеді.

Жақсы сөз адамды да өзгертеді.
Көтеріп көңіліңді көлдетеді.
Жақсы сөз жаныңа жылу беріп,
Асқар таудың биігіне өрлетеді.

Жақсы сөз жорытқанда жолдасыңдай.
Жақсы сөз киналғанда жүрер қолдай.
Жақсы сөз жұбатады сенім беріп,
Ісіңе қалғанда қөңілің толмай.

Жақсы сөз тазартады санаңды.
Жақсы сөз жүрек кілтін табады.
Жақсы сөзді айтар болсам қорытып,
Жақсылықтың қайнап тұрған қазаны.

Жақсы сөз шығады тек жүрек жақтан.
Шықпайды жаман тілмен қисық жақтан.
Айыра біл алдам сөзбен жақсы сөзді,
Арзан сөзді айтуға тіспен сақтан.
Әрі қарай

Сайын дала

(2000 ж, Ембіге бара жатқанда)

Керілген кең дала,
Бір ойға батамын,
Сенде өстім, сен ғана –
Туған жер, Отаным.

Өзіңнен нәр алар,
Жабықса көңілім.
Сен үшін сан адам,
Қиды өз өмірін.

Сенде адам үміті,
Сенде ауыр жарасы,
Байтақ, құдыретті,
Қазақтың даласы!
Әрі қарай

Жасы үлкен қыз

Үміттенген көздеріңе қараймын,
Менен, сірә, күтесіз-ау жылы сөз
Кейде сізбен кездесуді қалаймын,
Көргім келген арманымның бірі сіз.

Бірі емессіз кезектегі он қыздың,
Бөлектенді байқадыңыз жол біздің
Құмарымыз қанбаса да сол кеште,
Жақсы болды басылғаны тормыздың

Салынбадық уақытпен ерегеске,
Біздер жүрген қараңғы ел емес пе?!
«Қарамайды махаббат жасқа» десе,
Сыңғырлаған күлкіңіз келеді еске…

***

Хабары оның кеп тұрады, неліктен?
Кездеспекке, бәлкім, сылтау іздейді
Әңгімеміз суыса да еліткен,
Жасы үлкен қыз үмітін бір үзбейді
Әрі қарай

Көктем - ана!

Босанғандай бұтақтарым бүр жарды

Қолын бұлғап тал шақырды құстарды

Тіршіліктің белгісі ғой

Оянды

Көктем — ана қолда деді ұшқанды

Сәукелесін киіп алды сарғалдақ

Қыр төсінде қызғалдақтар ән салмақ

Қиыршық құм жел қуалап күлгенде

Ауыл дедім көктен түсіп қалған бақ

Жер көрпесін имене ашты шөп керім

Көрді күннің қақ маңдайдан өпкенін

Күн құшады қара жерді жұмақ деп,

Жер елжіреп дем бердің дер көктегі үн.

Сай-салалар бозбаладай тебіскен

Жүгіргендей мал қайтқанда өрістен

Таудан аққан апам сынды сол өзен

Қолындағы бармен елмен бөліскен

Бұлт – тостақтан шашу шашты аспан да,

Домбыра үні шықты жерді басқанда

Үйіп едік, жылтырынан жинап ап

Көктеммін деп жазу жазды тастар да.

Балалықтың иісіндей таң лебі

Бұл ғұмырым, ғұмыр емес бал ма еді

Әр тал шашым раушан болып гүлдеп тұр

Көктем-ана, құшағыңа ал мені.

Жұлдыз БЕЙСЕК
Әрі қарай

Үйсіз мысық

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Үйсіз мысық
Үйсіз мысык. © Абылай Шаймерденұлы.

Шулы коше, мазасыз шақ болатын
Әне адам жерге қойды пакетті.
Әлі ұйқыда жатқан мысық баласын,
Осы жерге қалдыруға әкепті.

Ал оянған мысык тұрды мияулап,
Сезгендей ме енді жалғыз қалғанын.
Жаутаңдайды бөтендерге таяулап,
Қайда кеттін ием менін арманым?

“Қарашы бір көздеріме қожайын,
Көзіңдегі мейірімге қанайын.
Мені өзіңмен ала кетші қожайын,
Пыр пыр етіп ерке әніме салайын.

Маңызды емес ата тегің, кім едің,
Сипап өтші болды сенін досыңмын.
Анам барда еш алаңсыз жүр едім,
Бүгін міне жабайыға қосылдым!”

Естілмеді адамдарға жанайқай,
Бұлай адам болғандарың бар болсын.
Қарамайды: “Асығыспын балақай,
Ал өзіңе жаратқаның жар болсын”

Иттер қуды, байғұс суға былғанды,
Тағдырынан алған қатал жарлықты.
Бұрын жүріп көрмеген ғой бұл маңды,
Шырылдаумен әлсіз даусы қарлықты…

Ащы сабақ, оған да жоқ таласым,
Адамдарға суытқан көз қарасын.
Ол көңілді марғау емес ендігі,
Қасқыр еді жалап жазған жарасын…
Әрі қарай

Көктем деген - бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?..

Көктем деген кім өзі?

Өзің бе екен,

Өзіме қадалатын көзің бе екен,

Даланың кеудесінен сен гүл үзіп,

Еркелейтін, ұялшақ кезім бе екен.

Бұл дауыс па?

Дүниеде бармын деген,

Қараңдаршы жүректе жандым деген,

Аялаңдар, жоғалтып алмаңдаршы

Қар сияқты,

Енді мен қармын деген.

Көктем деген көк майса шалғын ба екен,

Бүр атарын білемін талдың неден…

Жаңбыр салды бейнесін әйнектерге,

Сен мені жүрегіңе салдың ба екен?!..

Шымшықтарды үркітіп, сай жағалап,

Бөліп ап енесінен тайды аралап

Бұл, әлде, бейқам бала шағымыз ба —

Жұлдызды қызықтайтын, айды алалап

Апам да шалын түртіп назданатын,

Атамыз жер иісіне мас болатын

Бұл — біздің ақпейіл ме,

Жаңбыр төксе,

Жаңбырға шомылып ап мәз болатын.

Көктем деген кім өзі?

Өзім бе екен,

Сәттерім бе бақытты сезінбеген…

Айдың жарығындағы, түсімдегі

Саған айтамын деген сөзім бе екен?!

Әлде, өрімін тарқатқан бұрымым ба,

Далада ойнақтаған құлыным ба?

Желмен бірге жүйткіген,

Көктем деген –

Бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?!

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Әрі қарай