Ильич ата ізімен



Шіркін, субботник асарға аз да болса келеді. Ленин де кезінде капиталисттердің көтіне тұз сеуіп, өзі сенбілікті бастаған еді. Қалай болғанда да сондай сеніммен өскенбіз.
Кейін ғой, қазекемнің мұрты майланып, шеге қағып, лампочкі бұрауға гастарбайтер жалдауды әдет қылғаны.

Бүгін бәріміз үй ішімізбен көктемгі сенбілікке шықтық. Ауланы тырмалап, ескі құсқыны өртеп, өртейтінді өртеп, ауылдың даласы осы күнде тезек пен түтін сасиды. Күн майдың айындай жадырап тұр.
Рахат)
Әрі қарай

16 күн!

Иә, бұдан кем де емес, артық та емес. Тура он алты күн керек бізге Қазақстандағы әр интернет қолданушыға жеке блог бастату үшін. Қалай санадым десеңіз, қарапайым математика арқылы. Қазіргі таңда елімізде үш жүздей блоггер бар. Төрт миллион интернет қолданушы бар. Егер белсеңді блоггерлер санын жүз елу деп алсақ, әрқайсымыз бүгін бір досымызға блог бастауды үйретсек, ертең біздің санымыз 300 болады, арғы күні — 600, одан кейін — 1200. Солай келе-келе 16 күннен кейін Қазақстандағы блоггерлер саны 4915200 болады. (калькулятор алып, тексеріп көріңіз.)
Әрі қарай

Бәкі

Баяғы ата-бабаларымыз (баяғы болғанда қазіргі жетпіске жеткендерді де қосуға болады) қонышына кездік, бәкі салып жүретін болған екен. Онысы екіталай күн туса қару, қонаққа барса ет турау үшін. Қазіргідей пышақ күтіп отырмаған.
Әрі қарай

Махаббат арман (Бақытжан Мұстафаев)

Өзіңменен талай бардым өткелге,
Аппақ гүлдер бүрін жарған көктемде,
Көз алдымнан кетер емес сол бейнең,
Балалық кез бізден ұзап кеткен бе?
Сені іздейді әлі күнге жат жаным,
Сағынышты тек өзіңе сақтадым,
Сол кездері мен өзіңе ғашық боп,
Саған арнап алғаш рет хат жаздым.
Әрі қарай

Келем саған (Әлішер Кәрімов)

Өмірімнің бақ-тұрағы,
Мен өзіңді таңдадым,
Қос аққудай теңіздегі.
Көңілімнің шаттық әні,
Алып-ұшты арманым,
Іңкәр жүрек сені іздейді…

Қайырмасы:

Алаулаған от па екенсің,
Жана алмаған шоқ па екенсің?
Тағдырымның тармағында бар ма екенсің, жоқ па екенсің?
Күнім десең, күнде келем,
Айың болам түнде де мен,
Арамызда жатса да алқап келемін саған…
Әрі қарай

Сүйген адам кешірімді (Бәйтерек)

Сөзі: Қанат Жүнісов
Әні: Қайрат Баекенов


Аңғармадым қалай?
Өтті күндер талай,
Айтшы, алыстады арамыз неге?
Жүрек күйін шертер,
Өзегіңді өртер,
Жылаттық-ау біз бекер…
Бал сезім тәтті,
Қауышқан сәтті,
Қия алмадым, көңілімнен кетер ме?
Біз аңсаған арман,
Бақыт болып алдан,
Жанымызға жетер ме?
Әрі қарай

Шкафтағы скелет

Бұл жазбаны жазуға сенімділік берген Қылизаманның мына тақырыбы еді.
Шкафтағы скелет
Мұны жасау аса қиын емес.
Қажетті компоненттер: көнетоз шкаф, қартамыс көңілдес.
Қытайлық он саусағынан және сонша башпайынан өнер тамған шеберлер көңілдесіңнің қайтыс болғанын күткіңіз келмесе, жергілікті мәйітханалардың көмегіне жүгінуді ұсынады. «Шүкір, шахта мен жолда мерт болатындар бұ күні тірілерден көп» деп сақ-cақ күледі паталоганатом Ху Циань.
Рас, классикалық үлгідегі өз көңілдесіңнің скелетіне не жетсін! Бірақ бәзбіреулер қара топырақсыз көкөніс өсіріп жатқан ит-шошқа заманда скелетті мәйітханадан ала салған да тез заманның жылдамдық талабына сай сияқты.
Әрі қарай

Астарын ақтарамыз…


Әр апта сайын КТК телеарнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасының шыққанына біраз уақыт болды. Негізінде шындықты айтудан, біз естуден ешуақытта тайған емеспіз. Тіршілікті қызғылт түспен көруге құмар болғанымызбен, ондай емес екенін түсінеміз. Бірақ, жаңалықтың да жеткізілу жағынан бір ұстанымы болуы керек сияқты. Шығатын уақыты да прайм-тайм, 20:00. Ол уақытта адам баласы көбі үйде демалып, теледидар көрумен айналысады. Кейде отбасы болып та жаңалық көреді. Дәл сондай мезетте тыр жалаңаш әйелдер, еркектер, тіпті анайы сценаларға да куәгер боласың. Ата-анаңмен отырсаң, кірерге тесік таппай кететін мезеттер де болады. Басқа арнаға бұрайын десең, жаңалық көріп отырмыз.

Әрі қарай