Жаңалықтар - 12 наурыз 2012

Бальзак жасындағы жолаушы әйелдің «Не істеп тұрмыз? Неге жүрмейміз?» классикалық сұрағына «Асықсаңыз таксиге мініңіз» деп төмен тонмен, әлсіз жауап берген контролердің стресіне жүргізушінің қаһары қосылып, маршрутка карьерасы сәтсіз басталды.

***

Аула белсендісі 64 жасар Люба апайдың ЦОНдағы шаруалары бар болғаны 12 минутта аяқталып, үйіне ашулы қайтты.

***

"Қайрат" капитанының «Мықты болсаң өзің ойнап көр» сөздерінен кейін ойынға қосылған жанкүйер әзірше 2 ойында 4 гол соғып, 2 гол пасын берді.

***

Францияда үйленген гей мұсылмандар туралы депутат Марсель Көшімхан өзінің Твиттер бетінде «Діндер аздық, дүрдараздық, барып тұрған п***раздық!» деп баға берді.

***

Құрсақта жатқаннан діни тәрбие алып келе жатқан 11 айлық Мухаммед-ханафияның алғашқы сөзі 1 күнде нағашысы үйретіп кеткен «Наху» сөзі болуы баланың ата-анасының көңіліне кірбің ұялатты.

***

Satibaldi Kerbabaev подружилась с Нуржан Тукой и Аскар Наймантаевым. 11 ч. назад возле Астана.
Әрі қарай

Тәрибенің керемет "үлгісі"

Бұл оқиға Украинаның Симферополь қаласындағы хайуанаттар бағында болыпты. Суреттерді Татьяна Жеребцова түсірген екен. Ғаламторды шарлап кетіпті. Хайуан да болса ана…
Баласын «тәрибелеп» алған көрінеді. Мына суретте Аю қонжығына «Балам, көп алыса бермеші, басым ауырып отыр...» деп тұрғандай.
Ал, келесіде...
Тағы бір сурет
Соңғысы

Бітті. Мұны қай халықтың бала тәрбиелеу стилі дейміз?
Әрі қарай

Қазақша конфеттер

Кеше көк базарға бір шаруалармен барғанымда «Рахат» кондитерлік фабрикасының сол жердегі фирмалық дүкеніне соқтым. Мақсатым ауылдағы апама базарлық беріп жіберу еді. Тізіліп тұрған қорап қорап конфет ішінен біреуі көзіме ерекше көрінді. Себебі, бұл конфеттердің сыртында қазақтың дәстүрлі музыка аспаптары бейнеленген екен.
Әрі қарай

Марсель Көшімхан нейтрино жылдамдығы туралы өз пікірін білдірді

Естеріңізде болса өткен жылдың қыркүйек айында Еуропа Ядро Зерттеу Орталығы (CERN) нейтринолардың жарық жылдамдығынан да тез екенін мәлімдеген болатын. «Осымен былай дейік» ток-шоуы да бұл оқиғадан тыс қалмай, жаңалықтың болғанына бірнеше ай өтсе де кешегі тақырыптарын осы оқиғаға арнады. Еліміздегі қазақтілді және интеллектуал пікір дефицитін ескере отырып, бұл бағдарламаға 33-ші рет суасты хоккейінен бастап, швед әдебиетіне дейін кез келген тақырыпта өз пікірімен ерекшеленіп жүрген бұрынғы Парламент депутаты Марсель Көшімхан шақырылды.
Әрі қарай

Ұлы Плагиаторлар Орденінің мүшесі, оның мәртебелісі Гильермо Велверда

Эквадорлық «Masosh» былғары илеу компаниясы лого керек болып, жергілікті жынД дизайнер Гильермо Велверда келіпТ.
Келісілген күні алқаш амиго келесі жұмысты тапсырыпТ:
Әрі қарай

Замана-ZIP

XIX ғасыр
— Ооооо, шықпағыр көзім, мынауың Бөрібайдың АҚИы ғой! Ассалаумағалейкүүүүүүүм!
— Төрден танып біреу түрегелмесе, үлкен басыммен табалдырыққа қалай жайғасам деп уайымдап келе жатқанда, өзіңнің кездескенің қандай жақсы болды, Әбеке! Уағалейкүммүссәләм! Ал ет пен шәйдің әңгімесін айта бер, не жаңалық?
Әрі қарай

Көзі тірі ұлы амиголар. Оның Мәртебелісі полковник Залтан Дени.

Залтан Дени, Югославия мен NATO соғысының кейіпкері, полковник. Енесстің атағы – «F 117 Stealth» «көрінбейтін» ұшағын атып түсірумен шықты! Оны қалай жүзеге асырды? Қазақтар құсап, өз сұхбатымызда өзіміз сөйлеп қана қоймай, Залтанның өзіне де сөз берсек:
Әрі қарай