Марсель Көшімхан нейтрино жылдамдығы туралы өз пікірін білдірді

Естеріңізде болса өткен жылдың қыркүйек айында Еуропа Ядро Зерттеу Орталығы (CERN) нейтринолардың жарық жылдамдығынан да тез екенін мәлімдеген болатын. «Осымен былай дейік» ток-шоуы да бұл оқиғадан тыс қалмай, жаңалықтың болғанына бірнеше ай өтсе де кешегі тақырыптарын осы оқиғаға арнады. Еліміздегі қазақтілді және интеллектуал пікір дефицитін ескере отырып, бұл бағдарламаға 33-ші рет суасты хоккейінен бастап, швед әдебиетіне дейін кез келген тақырыпта өз пікірімен ерекшеленіп жүрген бұрынғы Парламент депутаты Марсель Көшімхан шақырылды.


Марсель Көшімхан «Осымен былай дейік» бағдарламасында:

«Церн менің білуімше жақсы мекеме. Жақсы істермен айналысады. Соңғы жаңалықтары да қызық. Дегенмен бұл жерде бір шикілік бар сияқты. Жақында осы шикіліктің қай жақтан шыққанын, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтаймын.», — деп өз пікірін білдіріп сөзінің аяғын қазақ интернетіндегі мәселелер және қазақша интернет неге дамымай жатырғандығы туралы жалғастырып кетті.

Ақпарат көзі: apai.kz
Бөлісу:

13 пікір

direct
33-ші рет суасты хоккейінен бастап, швед әдебиетіне дейін кез келген тақырыпта өз пікірімен ерекшеленіп жүрген бұрынғы Парламент депутаты Марсель Көшімхан шақырылды
Жазғыш екенсің, базарда жоқ!
Бірінші оқығанда түк түсінбедім, несі прикол екен деп, қайта оқып шығып әйтеуір бірдеңе түсінгендей болдым.
Негізі, сенің жазғандарыңды асықпай, былай түсініп оқу керек екен ©)))
Rafaello
Рахмет. Түсінсең болды ғой
a63a1
77 күн бағдарламасы неге жабылды осы?
Rafaello
Күшті пародия істеуші еді. Қазіргі Хабарда ондай формат істеу мүмкін емес.
direct
Қазіргі Хабарда ондай формат істеу мүмкін емес
Жалпы қазіргі Қозоғистонда десиш.
Rafaello
Солай деуге де болады. Пародияны түсінбей қалады ғой біздің қазақ. Тек ит, мысық дауыстарын салып, әншілердің даусын салу болмаса.
jazzgyw
мынауың мощный қазақ екен
asaubota
осыны Хабардағы БІЗ бағдарламасында жұмыс істейтіндер оқыса екен. интернет туралы тақырыптарына барып тұратын еім, бір күні отбасы мәселелері, айрылысу деген тақырыптарға сосын есімде жоқ бірақ «левый» бір тақырыпқа да шақырылдым.
Adiletshu
Ұнап қалғансың ғой