Марсель Көшімхан нейтрино жылдамдығы туралы өз пікірін білдірді

Естеріңізде болса өткен жылдың қыркүйек айында Еуропа Ядро Зерттеу Орталығы (CERN) нейтринолардың жарық жылдамдығынан да тез екенін мәлімдеген болатын. «Осымен былай дейік» ток-шоуы да бұл оқиғадан тыс қалмай, жаңалықтың болғанына бірнеше ай өтсе де кешегі тақырыптарын осы оқиғаға арнады. Еліміздегі қазақтілді және интеллектуал пікір дефицитін ескере отырып, бұл бағдарламаға 33-ші рет суасты хоккейінен бастап, швед әдебиетіне дейін кез келген тақырыпта өз пікірімен ерекшеленіп жүрген бұрынғы Парламент депутаты Марсель Көшімхан шақырылды.
Әрі қарай

Гейлер Олимпиадасына ұлт жанашырының қате пікірі

Жақында Дания елордасы Копенгагенде өткен Гейлер Олимпиадасынан кейін танымал ұлтшыл қозғалыс көшбасшыларының бірі Марсель Көшімхан өзінің Твиттер бетінде осы ойындар туралы өз пікірін жариялаған болатын. Естеріңізге сала кетейік біздің елдің гейлері дойбыдан жалғыз қола медаль алып, қатысушы 24 ел арасында 21-ші орынды місе тұтқан еді. Әр оқиғаға өзіндік пікірімен көзге түсіп жүрген ұлтжанды Марсель Көшімхан твиттер арқылы:

"Құрама сапы түгелдей өзіміздің қаракөз қазақтардан құралмай, бұл іс болмайды. Жасасын қазақ ұландары"

деген болатын.
Әрі қарай