Қазақша конфеттер

Кеше көк базарға бір шаруалармен барғанымда «Рахат» кондитерлік фабрикасының сол жердегі фирмалық дүкеніне соқтым. Мақсатым ауылдағы апама базарлық беріп жіберу еді. Тізіліп тұрған қорап қорап конфет ішінен біреуі көзіме ерекше көрінді. Себебі, бұл конфеттердің сыртында қазақтың дәстүрлі музыка аспаптары бейнеленген екен.

Қуанып кеттім. Қораптың сыртында Қазақстан картасы бейнеленіп, егемендік алғанымызға 20 жыл толғаны ескертілген. Әрбір конфеттің сыртында асатаяқ, домбыра, қоңырау, нарқобыз, жетіген, дауылпаз, адырна сынды аспаптадың аты жазылған, сонымен қатар суреттері де беріліпті. конфеттегі қазақы бояулардың қатты ұнағаны соншалық, апама бермес бұрын суретке түсіріп алдым.
қазақша конфеттер

конфет

кампит

канфет

13 пікір

araika
Өткен тақырыптарға барлау жасасақ, артық болмас еді…
manfan
бұл конфеттер туралы жазылып қойды ма? мен түсінбей қалдымм
araika
Иә, жазылған. Латын әрпімен таңбалануымен есімде қалған-тын
manfan
ааа мен енді көрдім…
satibaldi
Қазақстанның дайын өнімнен жалғыз экспорттық статьясы бейшара кәмпиттер.
Арақ сосын айтпақшы, Орынбор облысы Ақтөбеден тасид.
a63a1
Арақ дисіңби, неғой араққа бұрыш қосып ішіп көрдіңбе пластмасс стақанмен ақ стақанды толтырып, лібәәә терді бұрқ еткізед екен
satibaldi
Түһ бауырым, шын айтам, былай шынайы ад* шығарсың, бірақ арақ жағынан көрсеқызардың әңгімесін айтып тұрсың. Иә, солай, оны ішпейтіндер де біледі. Сосын, ыстық суға бұрыш салып ішсең де дәл сол эффект.


шынайы ад — реальный чел
a63a1
неғой әлгі, тұмау деген зараза менімен айналысып жатыр, мә нақ дедімде бір стақан толтырып таржівердім, орнымда қалдым шешессс…
satibaldi
Не ғой, бұрышты аямай сал. Ыстық ауа кеңсірігіңнің барлығын күйдіріп, таңертең жазылып кетесің.
a63a1
бағана ұйықтап қалып едімғой рахаттанып терлеп-тепшіп, енді ұйқы шайдай ашылып отыр, бырқ-бырқ еткен мұрыным да ашылып әжептеууір кең тыныс алып отырм
madlen
Бул конфеттердин дами де сондай кушти  Жетиген дегенин жеп коргенмин, кУЧТ!
satibaldi
Қарақат жоқ сендей залымдарға!