Балборсық. Ең шатақбас хайуан

«Балборсықтай ержүрек.»
— Оң түстік Африка теңеуі
Омар бырат нун-чакиді қалай ойнатса, бұл амиго да ең қауіпті әбжыланды дәл солай шыр айналдырады. Иә, бүкіл ютубқа әйгілі, ең айбарлы, қатыгез, көлденең келген арыстаныңды тасынан ұрып талдыруды «шаруа» деп білмейтін тура да, ауыспалы да мағынасында көтінің түгі бар Африкалық Балборсық жайлы бүгін айтпағанда қашан айтамыз?!

Кандиру («тіс тазалағыш», «кәдуілгі ванделлия») — тоя қоректенгенде ұзындығы 15 см-ге дейін жететін балық-паразит. Әдетте сіріңкенің көлеміндей ғана болып келеді. Амазонка суларында мекендейді. Пиранья екеш, пираньяның да жыртқыштығы кандирудың жанында асылып қалады. Мөлдір, түссіз, сынаптай сырғымалы, тіліктей ұзынша келген бұл титтей неме айналасындағы басқа балықтың желбезегі арқылы өткен су ағымын сезіп, оттексіз судағы аммиак иісіне елітіп, жөңкіген бойда, желбезек арқылы балықтың ішіне енеді. Мейлінше тереңірек қуысқа кіре түсетін ол, орналасып алып, айналасын тістелейді. Тістелеген жерінен аққан қанға тойып алып, жемтігін тастап шығады. Кандирудың қорегіне айналған ұсақ балықтар сол мезетте өліп кетсе, үлкендері көбіне тірі қалады.
Адам үшін қатері сол, қуығына ие бола алмаған бейбақ суға шаптырып, не шомылған орнында жіберіп тұрса, судағы аммиактың иісін, не өзге температура мен құрамға ие сұйықтықты сезген кандиру зәр бойымен жылжып, еркек болса бұтағына, әйел адам болса сәйкесінше қайнарына енеді. Уретраға жайғасқаннан кейін, қанға тойып, не шығып кете алмай, не қалып қойғысы келмей — аласұрып, жан-жағын тістелеп, ақырында қонжиған орнында өледі. Жан шыдатпас, азапты ауырулар сонда болады. Сәті түссе, анусқа да кіреді. Тік ішектегі жағдай да уретрадағы оқиғаға ұқсас аяқталады.






"Қой, енді қасқыр мен мангустты шежіренің бір бұтағына мінгізуің қалды," — демей тұра тұрыңыз. Сіз, бәлкім, гиенаны ірі мысықтардан «отдуши» таяқ жеп, «чмо» боп қалған қасқырға ұқсататын шығарсыз. Кешегінің қазақтары да солай ойласа керек. Алайда, бұл қанқұмар жыртқыштың қанында ит пен қасқырға тән мінездің ізі де жоқ. Неге?


Қалай болғанда да, тақтұяқтылардың даму жолына көз жүгіртсек, анық ұқсастықты байқауға болады. Мысалы, мүйізтұмсықтың аяғында үш «башпай» бар…












