Суға дәрет сындырма, кандиру бар.




Адам өмірі үшін өте қауіпті. Денеде қалып қойған өлі кандируды тек хирургиялық жолмен алып тастайды. Олай етпесе, көп ұзамай адам да қылжияды. Өліміңді «кандиру сілейтіпті» деп сипаттап жатса, масқара ғой, иә.

Жолың түсіп Оңтүстік Америкаға бара қалсаң, Трансамазония жолдарымен ызғыта жүріп, Амазония ормандарын аралап, Амазонканың мол сулы арнасына шомылу бақыты бұйырса, абай бол. Зәрімді төгіп кетейін деген жөнсіз ойыңа ерік берме. Сірне балық алдыңнан да, артыңнан да айдап алады.
Дуэйн «Жартас» Джонсон ойнайтын «The Rundown» (ор. Сокровище Амазонки) фильмінен осы балық туралы білген едім.