Барымызды бағалайық немесе жоқтау.
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады.
XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған. «Қазақстанда 20-жылдардың басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917-18-жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927-28-жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнді», – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский.
1930-32-жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды. Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары көбейген ақбөкендер 1941-45-жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.
Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. мына жерден.
Кәкен КӨБЕЙСІНОВ, «Нарын» қоғамдық қозғалысының жетекшісі:
– Мұндай оқиға тек бір бұл емес. Қазақстанның әр түкпірінде бұрын да қылаң берген көрініс. Мысалы, 1984 жылы – 250 мың бас, 1981 жылы – 180 мың бас, 1988 жылы 500 мың басқа жуық киік қырылды. мына жерден
Тағы да қырылып жатыр. Жәймен тауысып қалатын шығармыз алдағы 5-6 жылда
Қосымша. Бейбіт Сейдуалиева — Жез киік
ayamusic.org/6294-zhez-kik.html
Бірақ, саны жылдағыдан артты дейді. Рас шығар.