Шыныбас балық
Өткенде National Geographic сайтын қарап отырып, бір біртүрлі балықты көрдім. Басы әйнек секілді. Яғни, басының ішкі құрылысын сырттан бақылауға болады. Ғылыми атауы Macropinna microstoma екен. Теңіздің терең жерлерінде мекендейді екен. Алғаш рет бұндай балықтың табиғатта бар екені туралы 1939 жылы оның балықшылар ауларынан табылған кезінде белгілі болыпты. Тек 2009 жылы ғана ол туралы толықтай зеріттелген екен.
Басы неге прозрачный? Өйткені көздері басының ішінде орналасқан. Егер басы прозрачный болмағанда ол көздерімен көре алмаушы еді.)))
Ал көздерінің бас ішінде орналасу себебін «көзді қорғау мақсатында оны бас ішіне тыққан» деп түсіндіріпті зеріттеушілер.