КерекИнфоға оралу
 
             Дабай.кз ашылғанына 2 айдай уақыт болды. Осы қысқа уақыт ішінде өзіндік аудиториясы қалыптасып үлгерді. Нағыз пікірталас платформасына айналып үлгерді. Басында техникалық тұрғыда әлсірей бастаған Кездесу.ком сайтына альтернатива ретінде эксперимент ретінде бастаған жобам еді. Кейін Асхат бастаған блогшылардың қолдауымен жақсы жобаға айналып шыға келді. Қолданушы пікірімен санаспауға болмайды, Дабай деген ат көпшілікке ұнамады. Менің өзіме сондай жеңіл атау ұнап тұрса да, мұндай атпен сайттың болашағы бұлыңғыр деген болжамдар айтылды. Сол себепті әлі жолдың басындамыз, кеш емес әлі деген оймен кезінде Қазнетте танымал болған КерекИнфо сайтының атын таңдадым. Дабайдағы белсенділікті біреулер сол баяғы КерекИнфоға да ұқсатты, сол кездегі рух қайта келгендей деген пікірлер болды. Ақыры осы сайтта ақпарат бөлісіп жүр екенбіз, ақпаратымыз керек болсын, керек инфо болсын! Осы атты жатсынбай бұдан кейін КерекИнфоға үйрене берулеріңізді сұраймын. Ал қолданушылар Дабайшылар емес кезінде қалыптасып қалған Керекшілер деп аталайық.
Дабай.кз ашылғанына 2 айдай уақыт болды. Осы қысқа уақыт ішінде өзіндік аудиториясы қалыптасып үлгерді. Нағыз пікірталас платформасына айналып үлгерді. Басында техникалық тұрғыда әлсірей бастаған Кездесу.ком сайтына альтернатива ретінде эксперимент ретінде бастаған жобам еді. Кейін Асхат бастаған блогшылардың қолдауымен жақсы жобаға айналып шыға келді. Қолданушы пікірімен санаспауға болмайды, Дабай деген ат көпшілікке ұнамады. Менің өзіме сондай жеңіл атау ұнап тұрса да, мұндай атпен сайттың болашағы бұлыңғыр деген болжамдар айтылды. Сол себепті әлі жолдың басындамыз, кеш емес әлі деген оймен кезінде Қазнетте танымал болған КерекИнфо сайтының атын таңдадым. Дабайдағы белсенділікті біреулер сол баяғы КерекИнфоға да ұқсатты, сол кездегі рух қайта келгендей деген пікірлер болды. Ақыры осы сайтта ақпарат бөлісіп жүр екенбіз, ақпаратымыз керек болсын, керек инфо болсын! Осы атты жатсынбай бұдан кейін КерекИнфоға үйрене берулеріңізді сұраймын. Ал қолданушылар Дабайшылар емес кезінде қалыптасып қалған Керекшілер деп аталайық.Осындай ребрендингке түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін, Дабай аты ұнайды дегендерден кешірім сұраймын. Бұрынғы доменмен де кіре беруге болады.

 
             Әріптесіміз баласының бесік тойына шақырған. Межелі уақытында сыйлыққа алған бесік-арба, әдемі костюм және шай сервизімізбен арқаланып кафеге бардық. Бір қызығы, сәбиге 40 күн толып қойғанына қарамастан, олар бұл тойды "қалжа" деп атап жүр. Білуімше, "қалжа" деген жас босанған әйелге әл жинауы үшін мал сойып, сорпасын ішкізу сияқты еді.
Әріптесіміз баласының бесік тойына шақырған. Межелі уақытында сыйлыққа алған бесік-арба, әдемі костюм және шай сервизімізбен арқаланып кафеге бардық. Бір қызығы, сәбиге 40 күн толып қойғанына қарамастан, олар бұл тойды "қалжа" деп атап жүр. Білуімше, "қалжа" деген жас босанған әйелге әл жинауы үшін мал сойып, сорпасын ішкізу сияқты еді. 
            
 
            
 
                                    
            
