Сүйіншілер топтамасы.

Жақсылыққа жаны құмар халықпыз ғой. Сүйіншілетуімнің мәні мынада.
Түскі үзілісте серуендеп қайтпақ ниетпен далаға шығып едім.көшеден әнші Сейіл Аяғанды көрдім. Әңгіме арасында Мұқағали Мақатаевқа арналған «Кеш жарықтың» бағдарламасына түсіп келіпті.Мұқаңның әндерін гитарамен нақышына келтіре орындайтын әншілеріңізді, одан бұрын ақиық ақынымызға арналған кешті келесі сенбіде тамашалайтын боламыз.
Екінші сүйіншім, кеше қазақтың бард ақындары жайлы сөз қозғадық қой. Сол сөздерден шыққан қорытынды мен Қуаныш Мақсұтов ағамызға қоңырау соқтым. кең отырып өзімен сұхбаттаспақшы ниетте екенімді айттым.Әңгімеміздің басты тақырыбы бард жанры екенін білген ағамыз өзінің" Кеңес Одағы кезінде екі мәрте лауреат атанғанын және тұңғыш бард (қазақтан шыққан)Табылды екенін, одан кейін тағы бір кісінің атын айтты (ұмытып қалғаныма кешірім сұраймын)және де қазіргі уақыттатрда жақын туысының қырқын өткізіп алмай бұндай сұхбаттарға уақыты жоқ екенін айтты.Ақпан айының соңына таман хабарласатын болып келістік.
Халқымызда "Қашпаған сиырдың уызынан дәметпе«деген жақсы мақал бар екенін білемін. Дегенмен Алла сәтін салсын деп тілейік!
Бөлісу:

2 пікір

alisha
Кеше Мұқағалидың шығармашылығына арналған «Кеш жарықты» көрдік. Маған жүргізушілер ұнаған жоқ. Лирик ақынға арналған кешке басқа емес, лирика жетіспеді.
Abilakim
Жарнамалап алған кешімді өзім көре алмадым (кешірімді себептері бар).