Хуторянка

Аудан әкімдеріне жергілікті халық лақап ат қояды екен. Көбінесе сүйікті арақтарының аттары. Поезд жүрмейтін болғандықтан 250 км қашықтыққа халық таксимен барады. Бір күні таксиге бір жасы үлкен апай мініпті. Біздің аудан Ойыл туралы сұрап келе жатыр дейді қасындағы жолаушылардан. Бір кезде әкімдерің қалай дегенде таксист “Ой әкімнің аты Хуторянка, арақты сілтейді, алқаш” десе керек. Содан Ойылға да жетіпті, таксист әдетте жолаушыларын үйлеріне апарып тастайды. Жаңағы апайдан сұраған ғой қайда баратынын, сөйтсе апай “мені Хуторянканың үйіне апар, мен Хуторянканың мамасымын” депті” :)
Таксист ойбайлап жатыр дейді “ой ол негізі жақсы кісі, тек ішетіні болмаса” деп. Бірақ, Хуторянканың мамасы Хуторянкаға бір “концерт” қойғаны анық :)
Бөлісу:

12 пікір

Abilakim
Баяғыда бір ауданның әкімін алып тастапты.Бір отырыстың әңгімесінің тұздығы әкімнің орнынан алынуы болса керек.сонда бір шал:" Ол ит әкесіне тартқан ғой, баяғыда жас кезімізде жарысып келе жатқанымызда атынан құлап қала беретін" депті
Тағы бір отырыста«Біздің әкімді жоғарылатып, облысқа жіберіпті»деген әңгімені естіген әлгі шал «ол бала әкесіне тартқан дейм.Баяғыда жас кезімізде жарысып келе жатқанымызда әкесі аттан ауып құлап қалды-ау деп ойлап үлгергенімізше екінші жағынан қарғып мінуші еді жарықтық...» деген екен.
gunner
:))) Алдында Заттыбек таксовать етіп жүргенде қыздар Заттыбекті танымай, жамандаған екен деген әңгіме оқығам ))
sammita
Аршат, осыны бір жерге жариялап едің бұрын, ия:)
asaubota
қауымдастықты аты Жұма күнгі бояннндар екенін байқамадың ба? :)
sammita
байқадым, пыросты сенімен сөйлескім кеп кетті:))
AKY
Әкім дегесін, есіме түсіп кетті, бұрын бір ауылға ауданның әкімі келіпті. Сөйтіп оны мал сойып қонақ қылыпты. Сөйтіп әкімнің өз делегациясы бар, ауылдың «игі жақсылары» бар, біраз адам жиналса керек. Халықтың естері шығып дайындалғанры соншалықты, бәріне шай құйылғанда, басты қонаққа шай құйылмай қалыпты. Ешкім оны байқамапты да. Әкім олай отырады, былай отырады, «маған да шай құйыңдаршы» деп айту біртүрлі)) Ақыры отырып-отырып, «Мен мына жерде не істеп отырмын, шай ішіп отырған кісіше?» деп сөз тауып кетіпті.
Zere
Менің бір інім бар. Кішкентай кезінде үстел үстінде балалар көп болғандықтан оған шай құюды ұмытып кетіпті. Содан отырып-отырып, «Мен шай ішпей-ақ қояяям» демесі бар ма ))) Сөйтіп, апайымыз күліп шай құйып берген екен. Әлі күнге дейін сол прикол бар арамызда. Әлдекімге шай құюға ұмытып кетсе, «Мен шай ішпей-ақ қояяям» деп есіне салып жіберіп, күліп аламыз )
ErNur
Ия Аршат лақап атты жазып мына бір әнгімені еске түсіріп жібердің ғо)))
Ауылда Ғазизов Марат деген кісі болды ғой телефон байланысын қарайтын. Сендермен рулас болатын. Түлкі Марат дейтін кличкасы. Бір соғымда ма әйтеуір қонақтықта отырғанда тағы бір рулас ағаң Қабанов Болат(марқұм болып кетті жарықтық) деген бухалтер болды, сол кісі ішіп алған көрінеді Марат ағасына, аға сен түлкісін дейтін көрінеді. Анау ашуланып боқтап ұрғысы келіп ұмтылса Бакең, аға ашуланба сен еркек түлкісің дейтін көрінед. Мына Дінислам деген бар ғой, нағыз ұрғашы түлкі,- деген екен марқұм. Бұлардың бәрі нағашыларым ғой шешемнің руластары )))
asaubota
иә, Болат ағамыз сөзге мастер еді. кішкентай кезімде қорқатын едім содан, әтшу бер деген кезде алыстан лақтыра салатынмын :)))
alisha
Біздің бір әкімді халық «Жаппар төре» дейтін. Түсінбей жүрсем, ол бір түрік сериалдарындағы қаһарман екен. Тағы бірде мынадай қызық болды. "Әкім ауысады" деген хабар елге тарап,әркім өз нұсқаларын айтып жатқан көрінеді. Содан біреуі: "Әкім болып Тұрлан келеді екен" десе, екіншісі:«Тұрлан келсе, мен мұрнымды кесіп берейін»депті. Мұны айтып тұрған білдей бір басқарманың бастығы. Содан не керек, әкімдікке Тұрлан келеді. Мұрын туралы әңгіме оның да құлағына жетсе керек. Жаңа әкім басқарма бастығына: «Мен келдім. Бірақ маған сенің мұрның көк тиынға да керек емес, орныңды босат» ,-депті.
bazuka
хе хе менің Базука нигім арақтың аты. өзім өмірі көргем жоқ мұндай арақ бар екенің, шамасы вимпекстен шығатын көп арақтың бірі шығар. Оралда оқып жүргенде құрбым ақтөбеде қалған жігітін сағынып өліп жүрді. бір күні отырды да маған мәәәәәә(бір нәрсе айтқысы келгендегі эмоциясы ослай басталады)сені Базука дейінші деді. не болып қалды десем. Базука деген арақ бар, соны жігітім жақсы көреді тоңазытқышқа салып қойып ішеді, енді сені Базука дим деп қарап тұр)) шығармайтынын жоқ, арақ нес деп көзім бақырайып кетті. баста үйренісе алмай жүргенмен артынан өзімде бауыр басып кеттім бұл лақап атқа))
ПыСы. ееее мынау қыз ваще екен деп қалмаңыз, арақ ішіп атым шыққан жоқ))