Балаңды берер ме едің?
Менің әкемнің анасы 28 жасында дүние салған. Тым жас кеткен соң, әрі өзім көрмеген соң әжем деп те жаза алмай отырмын. Сол 28 жасқа дейін 4 баланы дүниеге әкеліпті.
Тұңғышы — менің әкем. Қазақ салтына сәйкес, ол, әрине, әжесінің баласы болған. Екіншісін, қызын, бәлендей қатаң дәстүр болмаса да, нағашыларына беріпті. Үшіншісін туған бойда бала сүйе алмай жүрген қайнысына ырым қылып «сыйға тартыпты», ол баласы 5-6 жасқа жеткенде ауырып қайтыс болған. Келіннің салтқа беріктігі сондай, ұлы өлім алдында қиналып жатқанда, оның маңдайынан да сипамаған көрінеді.
Төртінші сәбиін босанып, есін енді жиып жатқанда үстіне ауылдағы жынды кемпір кіріп келіп, жас босанған әйел шошынып, баланың жолдасы түспей, өліп кеткен. Нәресте қыз — Орынша уызына жарымай қала берген…
Байғұс әйел соңғы жүктілігінде осы баламды өзім иіскеймін, қасыма алып жатам деп ойлаған шығар-ау. Тағдырға амал бар ма?
Сол кездердегі қазақтың ісі кеңдік пе, кемдік пе, түсіне алмадым…
Juredi sosyn bala kimnin balasy ekenin bilmei,70tegi kempirdi mama dep…
Ертеңгі ұрпақ, немерелерің ойбай менің 14-ші Әбіләкім атам дамбал кие бастаған мықты кісі болды, содан бастап біз бұтқа бірдеңе жапсыратын болдық! — десе жақсы емес пе?
Маған да айтып қояды ата-анам: «Тұңғышыңды бізге әкеліп тапсырасың ғо». Оған менің әйелім «Аха, щась!» деген реакция танытты :)
Кейін өзі немерелі болғанда да тиген жоқ, өздеріңе құт болсын деп. Бірақ «Атамның баласымын» деген сөзге мәз боп қалады, «сөйтіп, алдап қойғандары жетеді» деп))
Отырардың қақпасын ашып жіберген адам, жасында нағашысының қолында болған екен" дегендей жолдар
Ойыл жақта солай 2 қыз ауысып кетіпті. кейін түсінген негізі ауысқандарын. бір отбасының тұрмыстары нашарлау екен, соған түскен қыз өзінің шын әке-шешесіне кетіпті ал сол үйдегі қыз да сол үйде қалыпты аналарға бармаймын деп. сөйтіп тұрмысы жақсы отбасы 2 қызды да бағыпты.
аттыбектің тоны брендке айналып кеткен бе?
Баяғыға қайта оралайық деушілер соны ескермейді. Баяғыға оралу жоқ. Тек өрге басу не құлдырау бар. Артқа жүру құлдырау, осы күнге дейінгі қазақтың өзінен өзі шеккен азабына түкіре салумен тең.
Баяғыға оралу, осы күнге дейінгі қазақ ағартушыларының, ғалым-ғұлама, шейіт болған дана-қайраткерлердің ісіне түкіре салу.
Баяғыға оралу деген қайтадан өзге ұлттың қол астына кіруге дайын мүсәпір, қараңғы, салттың құлы болған халықтың күйіне түсу.
Дәстүрге оралудың қажеті жоқ. Осы күнге жеткен салт-дәстүрлерімізді жаңа заманға лайықтап, түрлендіріп, дамытқан әлдеқайда тиімді, әлдеқайда санаға қонымды.
әлгі дәстүрден зығыр көргендер… денги передке көшкен ғо деймі ә? ;)
менікі жүр әзер шыдап, 7 ай бойы ауылда.