Бесік тойға бардым...


Ұнағаны, шара еш ішімдіксіз, қымызбен өткізілді. Сәбидің атын Ислам қойыпты, осыған байланысты діни тақырыпта викторина өткізіліп, сұраққа жауап бергендерге сыйлықтар таратылды. Оған қоса, қолымызға бір-бір «Ақ бата» атты кітапша ұстатылып, әркім тілегіне қосымша, баталар жинағынан шумақтар оқып отырды. Соңында өрнектелген әдемі қоржындар сөгіліп, жиналған қыз-келіншектерге шашу таратылды.
Үстіне бархат фрак киіп, мойнына бабочка таққан Ислам (щанем-ау, кіп-кішкене размерін қайдан тауып алған десеңші) бесік-арбада ештеңемен ісі болмай ұйықтап жатты)))
bk
Солай ғой. Анасы қалжаны тойып ішпесе, бала тойғанын білмейді деседі. Оны маған даярланған қалжа перзентханадағы медбикенің қарнынан жылы орнын тапқан кезде ғана ескертті ғой;) Қазір қарап отырсам, ұлым шынымен де тойғанын білмейді.