Санжар Сұлтанов: Burning Daylight (Уақыт күттірмейді). Трейлер.



Канадада өзінің жеке киностудиясын ашқан Санжар Сұлтановтың алғашқы әлемдік деңгейдегі киносы таяу күндері экранға шығады. Соның ішінде қазақстандықтар да бұл киноны көре алады. Дәлерек айтсақ 3 наурызда. Сюжеті Джек Лондон әңгімелерінің негізінде құрылған екен. Жамбыл облысы Қордай ауылынан шыққан жас режиссердің фильмі өткен ғасырдың 20-жылдарындағы Уолл-Стриттен шыққан ұрылар мен банкирлердің өмірін баяндайды. Криминалды драма жанрындағы кинотуындының бюджеті 250 000 доллары екен. Айтпақшы, кинода Санжардың өзі де ойнайды. Ал басты рөлді бізге «Побег» фильміндегі педофил рөлімен таныс Роберт Неппер сомдайды.

Трейлері назарларыңызда:
Бөлісу:

29 пікір

asaubota
мынауың қызық жаңалық қой! Санжар Сұлтанов туралы жазшы, кім ол?
patick
Өзім де бірнеше күн бұрын естідім. Өмірбаяны мында бар: malimetter.org/?p=10312
omarbirat
Опшым, бір көрерлік фильм болатын түрі бар.
patick
Трейлері баурап алды. Қызық кино сияқты әр түрлі қаржы махинациялары жайында.
omarbirat
Қызық фильм болып шықса, Сәкеңе респект жауатын түрі бар. Қазірдің өзінде риза боп отырмын :)
Nurgisa
бір көрерлік фильм болатын түрі бар
Омеке, бұныңды қалай түсінсек? ;)
omarbirat
Көргенге дейін «жақсы фильм шығар, міндетті түрде тамашалау керек» деп қызығушылықпен, ал көріп болған соң, фильм онша болмаса, «бір көргенге болады» деп кеткен уақытты ақтап алу үшін екіұшты қылып жазған алдын ала сақтандыру шарам ғой :)
omarbirat
*сақтану
Nurgisa
Бәсе… Сақтандыру шараңнан сескеніп қап ек :)
Кеше тилибизірде көрсетіп еді.
Бюджеті аз бола тұра қалай түсірді екен деп таң қалдым.
Әдетте, Голливудтағылары анау-мынауға пысқыра қоймайтын еркелеу жұрт қой.
Баратын дүние. Барамыз да.
asaubota
кәдімгідей американ киносы, қазақ түсірген, өзі ойнап жүр, керемет!
asaubota
бұл мақаланы соц.сетьтегі достарыңмен бөлісе отырыңдар.
monti
Осы Санжар, Цой, 3Д да болатын афганистандағы кинолард міндетті түрде көрем деп отырмын ;)
Ал мына Санжардың әңгімесі* бөлек :)
Aikona
Кеше жарнамасын көріп елең ете қалып ем. Шынымен қазақ түсірді дегесін көргім келіп тұр.
Zilola
басы бос па екен?
Nurgisa
Басы да, қалтасы да бос болса ше? Бос, бірақ босс емес болса, мисалы?
Zilola
қалтасының қалыңдығы мен тереңдігі басты мақсатым :)
а так басы бос болса неге қазақ жігітін армандамасқа, нешетүрлі кәріс актерлеріне ауырғанша, өзіміздің Отандық өнімге ауырған дұрыс ғо :)
monti
Торонтоға тарт! )))
Abilakim
Тағы бір қазақтың «Ближний бой» атты фильмі бар деуші еді
patick
Ол тек америкалықтарға ғана көрсетілді
Abilakim
Оны қайдан таба аламыз?
omarbirat
Ол фильм шықпаған күйі қалды дейді Википедия.
Nurgisa
Шымкенттік біреудің шығарғалы жатқан фильмі ме еді ол?
Abilakim


трейлер қалпында қалды ма,әлде «запрет»қойды ма, мүмкін қаржы дағдарысына орай шығармай тастады ма екен?
omarbirat
Дегенмен, IMDB сайтында 135 адам дауыс беріп үлгеріпті. Рейтингі — 7,9/10. Дауыс берген 135 адам түсіру тобының мүшелері ме екен әлде. Ялгашев, Тагава, Боло Янгтардың өзі дауыс беріп жүрген болмасын :)
aza
Анау Джеки Чан ше… Қай киносында да "Қытай лапшасы бар ма, Қытайлық конфу үйретемін, нағыз қытайлық төбелеспейді" тағы басқа толып жатқан қытайландырғыш сөздерін тықпалай беретін еді ғой… Қарап отырып, қызығатынмын(қызғанатынмын). Енді Қазақ та сондай күнге жеткеніне қуанып отырмын! "Қазақта етті қолмен жейді, Қымызға ішің өтіп кетсе қазақ емессің, сатушы, теңгемен ақ есептесе салсам болады ма?!)))" деген сөздерді әлем есітіп қалатын күн де алыс емес болар, сірә! Қазақ! Жаса, Қазақ!
Алла сәтін салса көреміз, және де зәредей сынау мінеусіз, шын разылықпен режиссерге қалпақ алып, иіліеміз! Қазақ болғанымыз үшін, Қазақ болмағымыз үшін!
Gastarbaiter
Болды енді түсе ғой трибунадан)) Халық онсыз да саған шапалақ ұрып жатыр.
qisyq
Киноға Қарасақал да түскен ба? Баннерде суреті жүр ғой. Анау ше қара сақалды:)