Гастарбайтердің 2014-і

Бұрын жыл соңында қорытынды пост жазу, өз алдыңда есеп беру үшін болса да, блогер үшін расында да маңызды дәстүр болатын. Бүгінде арнайы сервистер мен әлеуметтік желілердің арқасында қорытынды жасау, біріншіден, барынша жеңілдесе, екіншіден, қажеттілігін де жойғандай. Дегенмен, эстафета бұтағы маған берілді, ал есімде қалғандары мынау:

2014 жылдан 10 естелік:

1. 4-жылдан бері алғаш отбасыммен жаңа жылды қарсы алдым.
2. Алматыда өткен "Қыстық психоанализ мектебіне" қатыстым.
3. Блогиадаға тіркелдім.
4. Түркістандағы кіші Палау-патиде Жәнібек Нұрышты алғаш көрдім.
5. Алғашқы блогиада-пати. «Көне» корештармен қауқылдасып, Абзал Сариев, Жандос Құсайын, Өркен Кенжебек және басқа да сырттай таныс блогерлермен жүздестім.
6. «Eleven Group» -пен кездестік.
7. Ұлды болдым.
8. Екінші мәрте бажалы болдым.
9. Алматыдағы Медиақұрылтай.
10. Блогиаданың жеңімпазы атандым.


Эстафеталар: Гастарбайтердің 2014-і

Әлеуметтік желіде тіркелген кез-келген блогердің жыл бойына жазған статусы мен суреттерін ерікті еріксіз-қарап жүрген адам қорытындының қандай болатынын да біліп отырады. Менің жағдайымда да ешқандай ережеден тыс айырықшалық жоқ деп ойлаймын, сондықтан фейсбуктағы 235-ке жуық жарияланым мен осындағы 30 посттан сырт қалған жаңалық өте аз және олар көбіне тек өзімнің жеке өміріме қатысты егжей-тегжейлер ғана.
Эстафетаны қалаған керекші жалғастыра берсе болады. Сұрақтарыңыз болса, төменде пікір ретінде жауап беремін.
Алдағы 2015 жыл құтты болсын!
Әрі қарай

Бұл қай Керекші? #9

Бұл эстафетаның таяғын жұма күні Korkem маған ұстатты. Интернетке тек жұмыс күндері ғана қол жеткізетін мен: уақыттан ұтылдым. Кешіккеніме кеңпейілділік танытып, «ерунда, ештеңе етпейді» деп қойып,, келесі жасырылған керекшіні тауып көріңдер. Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын. Жауап ретінде тек бір ғана қолданушының аты көрсетілуі — міндет

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Танысу-сұрақ: Әдепкі күн тәртібі қандай?
Ж: Таңертең тірі оянғаныма шүкіршілік айтып, бұйырған несібемді теріп жеп, жатарда Алланың хақ екенін тағы да мойындап жату;

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Ж: Екеуі бір-бірімен тығыз сияқты меніңше. Менде көп сұрақтар бар, бірақ көбісінің жауабы мардымсыз. Мардымсыз жауап алған сайын өзім топас сұрақтар қоятынымды мойындаумен келемін;
Әрі қарай

Бұл қай керекші? #4 (Эстафета)

Эстафеталар: Бұл қай керекші? #4 (Эстафета)

1. Менің ең сүйіп оқитын блоггерларымның бірісіз. Жазбаларыңызды оқып жатқанда сізді қандай адам болды екен деп ойлаймын. Басқалар сияқты профиліңізге сурет те қоймадыңыз.Өзіңізді құпия ұстауыңыздың сыры неде?
Әрі қарай

Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

Эстафеталар: Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

1. Керекинфо дегенде ойыңа ең алдымен не келеді, немесе кім келеді?

Атына сай «еркін блог». Керекинфо десе — әрбір құбылыс пен оқиғаның біз ойламаған тұстары келеді. Оның үстіне айтылғандардың көбі шындыққа жанаспаса да жанға жақын. Нағыз троллингтің ордасы дер ем.
Әрі қарай

Керектегі эмоциялар

Эстафеталар: Керектегі эмоциялар
Керекте көптеп посттар жазылып жатыр. Шива жарылқай берсін (kariim ағасы ренжи қоймас) жазбалар көбейсін. Керемет-керемет жазбалар бар, құсықтарда бар. Мен бір осы жазба секілді (бір нәрсе енді) жазбамда керекшілердің ойын, ойын болғанда эмоциясын, эмоциясы болғанда (тіфу не деп кеттім) түр эмоциясы жайлы білгім келді.
Әрі қарай

Әнуарбек құданың қызымен сұхбат

Таныс болыңыздар: Anuarbekkyzy

Қала: Ақсай, БҚО
Сала: Аударма

— КерекИнфоға қалай келдің?

Негізі студент кезімде тарих пәнінің оқытушысы «Керек Инфо» газетіне жазылыңдар, оқыңдар деп жүретін. Сол газетті іздеп осы сайтқа тап болдым. Шынымды айтсам, сол студент кезімдегі дебат ойындарына, түрлі конференция, жастар мәслихатының қатысушылары болған жастармен аралас-құралас болған уақытты жоқтаймын. Сол жоғымды осы блог жүйесінен тапқан секілдімін.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?

Бұл жерде қазақтар жиналған. Маған сонысы ұнайды. «Бұл не айтып отыр, айналасында қазақ аз ба?» деп ойлап отырған шығарсыз. Шынымен де, қазақтар жетеді, бірақ олардың біразы орыстілді. Рухани шөлдеп жүремін, сол шөлімді КерекИнфода қандырып аламын қолым бос уақытта.
Әрі қарай

Блиц-сұхбат: Tyulpan

Жылды қортындылау және жаңа қолданушыларды таныстыру мақсатында жаңа эстафета басталды. Бір қызығы бұл эстафетаны тек бір жерден емес әр жерден бастап кетуді ұсынамын. Яғни басқа қолданушылар өздері бастап кетсе болады, алдымен бір қолданушыдан сұхбат алып, соны сайтқа шығарады. Одан кейін кезекті сұхбат берген қолданушы алып, өзі қалаған басқа қолданушыға сол сұрақтарды қояды. Тек сұрақтар өзгермесін. Мен Tyulpan -нан бастадым.

Tyulpan

Қала: Атырау (уақытша)
Сала: Атырау болса, әрине, мұнай

— КерекИнфоға қалай келдің?
— керекинфоға таксимен келдім деп айтат дит шақырушылар болды алдында. қазақ тілді жылы ортаны сағынғаннан, өзім іздеп келдім…
Әрі қарай

Тепси кебап

Естеріңізде болса, былтыр Теріскей амиго маған эстафета таяғын ұсынған еді. Содан бері дені дұрыс бірдеңе жариялаудың еш ыңғайы болмады да, бір жылға жуық уақыт өтіп кетіпті. Опшым, кеш те болса, үрдісті жаңғыртып жіберсек

Ұсынайын деп отырғаным — тепси кебап деген түріктердің тамағы. Ескі офисте әбет уақытында күнделікті түскі ас ішіп жүрген түріктердің асханасында осыны алып жеп тұрушы едім. Енді өзім де бірдеңе қылып үйреніп алдым. Үйдегі ас мәзіріне алуандық қосу үшін жақсы ма деп қалдым.

Әрі қарай