Менің екімыңонбесім

Бұл эстафетада өзімнің бір жылыма қорытынды жасау керек-ау деймін.
Эстафеталар: Менің екімыңонбесім

«Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, алдағы жылың солай өтеді» дегенге сенбейтінмін. 2014-жылдың желтоқсанының отыз бірінің түнгі он бір елу бесін күтпей ұйықтап қаппын. Келесі жылы бір-ақ ояндым.
Биыл Алматыда қыс болмады десе де болады. Жып-жылы, көктем.
Ақпанда отпускке шықтым. Бірінші рет ресми түрде рәсімделді, отпускной алдым.
Көктем бойы айлықсыз жұмыс істедім бірақ. Сөйтіп жүріп үш айдың зарбладын бірден алдым.

Наурыз мейрамында Орталық саябаққа Орда тобының концертіне бардым.

Коллективпен Бутаковкаға шықтық. Табиғатқа шығып, палау жеу деген өзіме жаңалық болды, мектептегі походтардан кейін шықпаппын.

Эстафеталар: Менің екімыңонбесім
Инстаграмға тіркелдім.

Эстафеталар: Менің екімыңонбесім
Туған күнімді коллективпен тойладым.

Эстафеталар: Менің екімыңонбесім
Осындайларға қызыға бастадым. Бір айлықпен байып кететініме сенбеймін. Бірақ байып кеткім келеді.

Тарифтерге қосылып, кино көре бастағалы көзім бұлдырайтын болыпты. Тіпті, көшенің ар жағындағы дүкен атауын көре алмай кеттім.

Эстафеталар: Менің екімыңонбесім
Көзәйнек жасаттым. Үнемі болмаса да мәжбүр болам кейде.

Эстафеталар: Менің екімыңонбесім
Коллективіммен Жаңа жылға дайындалудамын. Суретті мен емес салған бірақ.

Эстафеталар: Менің екімыңонбесім
Мағынасыз тұжырымдар, пайдасыз тәжірибелер жасаған жыл болды.

Айтпақшы, «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, алдағы жылың солай өтеді» дегенге сене бастадым.
Жаңа жыл құтты болсын!
Бөлісу:

10 пікір

ken
Көзілдірігің күшті екен
merekeee
Оправасына бола айтып отырған шығарсың. 11 000. Күшті болмай ше
BalgynBalgyn
Мешін и одан кейінгілер де күшті өтсін
merekeee
Аха рахмет. Просто мешін өз жылым болғасын үміт көп
Daniar-Alan
Ұттың ба?
merekeee
Пока ұтпадым. Билеттер өз құнын ғана өтеп тұр :)
MamaAya
Қалай қарсы алсаң, солай өтедіге сенгім келмейді. Олай болмаса екен. Мен 31-ін ауруханада өткізбекшімін, демек жыл бойы өмірім ауруханада өтпек пе??? :C:C:C
merekeee
Медиксің бе?
MamaAya
Жок, емделушіміз.
merekeee
А, кім-кім? Тез сауығып кетіңдер! :**
Қайда немесе қалай қарсы алғанның алдағы өмірге әсер ету-етпеуі әркімнің өзіне байланысты ғой. Басы қатты болса, ертеңнен бастап тәтті болады :*