Блиц-сұхбат: Tyulpan

Жылды қортындылау және жаңа қолданушыларды таныстыру мақсатында жаңа эстафета басталды. Бір қызығы бұл эстафетаны тек бір жерден емес әр жерден бастап кетуді ұсынамын. Яғни басқа қолданушылар өздері бастап кетсе болады, алдымен бір қолданушыдан сұхбат алып, соны сайтқа шығарады. Одан кейін кезекті сұхбат берген қолданушы алып, өзі қалаған басқа қолданушыға сол сұрақтарды қояды. Тек сұрақтар өзгермесін. Мен Tyulpan -нан бастадым.

Tyulpan

Қала: Атырау (уақытша)
Сала: Атырау болса, әрине, мұнай

— КерекИнфоға қалай келдің?
— керекинфоға таксимен келдім деп айтат дит шақырушылар болды алдында. қазақ тілді жылы ортаны сағынғаннан, өзім іздеп келдім…

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
— керекинфода орыс боқтық сөздерін қазақшалап алған ғой — сол шын айтсам ұнамайды. шынайы сөйлейміз деп, соларды қолдана беретін болсақ, әдетке айналдырып, басқа жерде байқамай айтып қалу қаупі бар. мысалы, «зайып ал» деген сөзді алайық. байқамай бір сыйлы ортада айтып қалдың дейік, оларға түсіндіріп жатпайсың ғой, «керекинфо деген сайт бар, онда осылай немесе былай» деп… ИМХО )) басқасының бәрі ұнайды.

— 2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не?
— 2012 жылды өзіме «позитив» жылы деп атағанмын. бәрінен позитив іздеуге тырыстым. өзің позитив шашсаң, саған екі есе позитив шашылатынын көзіммен көріп, жүрегіммен сездім. )) тіпті, суық өткен қыстың суығын да сезбедім, шын айтам.)) басты оқиғасы — мықты бір тұлғамен таныстым, одан көөөөөп нәрсе үйрендім. жетпегенін жетістіріп, толмағанын толықтырып деген сияқты.

— 2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?
«Кел, билейік. Бачата» деген тақырып. бірталай тақырып ұнаған, аттары есіме түспей тұр. ))
Бөлісу:

106 пікір

aza
Сұрақтар тупой ғо, на, өзгертуді ұсынам, ашылып әңгіме айтардай болмаса да, ерекшеліктерін байқататын бір-екі сұрақ қоссаңыз жақсы еді, Асаубота?!
Marco
лібәд-ау (кешір Жауқазын), енді пікір ретінде қоюыңа болады ғо сұхбатты! Қызығы да сол емес па?!
aza
а, мен сөйтіп отырғым келмесе ше?! Мен тек оқимын да кетем… Маған қызықсыз…
a63a1
Осы эстафеталар жақсы еді бұрынырықта, тағыда бастаңдар біраз танысайын мына жұртпен, адамдар толып жүр бірақ кім қайдан келгенінен хабарсыз қалдық
Nurgisa
Біраз жақыннан таныдық. Мен жігіт деп жүріппін Тюльпанды.
Ал сұрақтар… оның бәрі журналистік сарында болуы шарт емес. Ашылам деген адам кез-келген сұраққа көсіле жауап береді.
aza
Абайлаңыз, Тюльпанға тигізіп алмай, еппен әзілдейміз, Нұреке)
konvict
Жаңа мүшелерді танымайды екенмін. Бірақ біреуден блиц сұхбат алғым келіп отыр
Nurgisa
Мысалы, Barsa мен үшін беймәлім мүше. Сол кісімен сұхбаттасып көр, Абай.
Tyulpan
ал, сұрақтарыңыз болса қоя беріңіздер. мен дайын деп қоян қандай сұрақ қоят деп қорқып отрсам да қорыққанымды білдірми )))
a63a1
Бір) мен саған ұнаймба?
екі) Сенше?
төрт) Неге ұнамаймын?
үш) Бишісіңбе? қандай би?
а) жалақың қанша?
бы)
ғы)
алты)
Tyulpan
1. ұнайсыз.
2. мен де.
4. сол ұнамайсыз.
3. бимен айналысам. классикалық хореография.
а) жалақым * бес нолі бар )) аааааз
сұрақтар қызықты болды. рахмет, жорналшы ))
a63a1
0,00001? қое о нәғылған жалақы? Қалай күнгөріп жүрсің айналаенооооу(((((
Tyulpan
демеуші боласыз ба?
a63a1
қыз жылы сөйлесе еріп кете беретін не әдет осы менде, жоқ болмайм!!!
Tyulpan
бола салсаңызсай ))  1-ақ рет ))
a63a1
Ақ білегіңнен ұстатшы
Tyulpan
эх, Абзал, Абзал, әйту бірдеңе деу кк болған соң осылай дей салдыңыз-ау...))
a63a1
демейін деген ниетпен, әйтпесе басқа ештеңе жазғым келген жоқ қарынДос
Tyulpan
қорқыт дегенде осылай қорқыт дедім ба дегендегідей болды-ау бұл.
a63a1
рахмет, жорналшы ))
қалай түсінсем болады?
Tyulpan
журналистер сияқты сұхбат жүргізгеніңіз үшін, ерекше сұрақтар қойғаныңыз үшін, өзімді жұлдыз сезініп қалдым прям)))
Onlasyn
«Зайып ал» керекинфо болмаса да айтылатын сөз емес пе
Tyulpan
ұлдар жағы айтатын шығар. білмим ғой. қыздар нәзік болуға тырыссақ деген ой ғой. жасанды емес, табиғи түрде. ))
asaubota
Tyulpan
Асаубота, рахмет. бұл анықтаманы көргенмін. басқа анықтамаларды да білемін. солайда да қолданылатын еді. әркім өзі біледі ғой қолдану қолданбауды. мен сұрақ бойынша өз пікірімді айттым, сол пікріде қала беремін ))
sigma
Соңғы барғанда бір таксиде тиеліп кеатып, бір керекшіге -Зайып ал-деп, зайып ал болып едік қо. Сол зайып алып, — Осылар келсе, зайып ал- деп шақырмай қалған жоқ па? Алдекен дәл осы тіркесті тост сөйлегенде қолданам деп уәде берген болатын.
Aldeken
Соңғы барғанда бір таксиде тиеліп кеатып, бір керекшіге -Зайып ал-деп, зайып ал болып едік қо.
Сигма, бро, сол зайып алмай зайып ал қылып жүр, а так, ол зайып алса, атақты да, пәтақты да ысырып тастап, туфлидің тақасы кеміріліп, носкидің өкшесі жыртылғанша билер едік, сен де жүрер едің, арасында…
omarbirat
Жазылуы Дәруішөлгеннен бастау алады
ademi_alem
1. Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
2.Қайталап оқудан жалықпайтын кітабыңыз
3.2012 жылы есте қалған ең ұмытылмас, ең қызық оқиға айтыңызшы. ))
Tyulpan
1. ұстанымдарым көп. мысалы, равно встречай успех и поругание, не забывая, что их голос лжив. Редьярд Киплинг
2. Н. Носов Дымбілместің басынан кешкен оқиғалары ))
3. ах мен сіздің ойыңызда қызық оқиғаларды бастан кешіруші ретінде қалам-ау деймін осы )) есіме түсіріп айтып берейін, сәл кейін ))
Abilakim
суретке түскенде оң жаққа қисайып түскен суретіңіз көп пе әлде сол жаққа қисайған суретіңіз көп пе?
19852407
Өзі де бір қисайған сұрақ екен....)))))
Tyulpan
әйтпесе Әбіләкім бола ма? ))
Tyulpan
суреттен көп нәрсе жоқ шығар. бас айналады. бірақ сонда да ұнайды суретке түскен. кез келген жаққа қисайып, жантайып, монтиып, қомпиып… түсе береміз. ыңғайсыз жағы жоқ )) асауботаға сурет бермегенде осы суретті қойып қояды деген ой 3 ұйқтасам түсіме кірмепті ))
Abilakim
«Бауыржан-шоудағыдай» түсе берем дейсіз ғой…
Tyulpan
ққоооооойш бауыржан-шоуға теңемеңіз. намайт ол ))
Abilakim
фотограф жайлы бір көрінісі бартын, соны меңзеген едім…
VKM
Тюльпан, мәлімет аз мүлдем)
1. Алдағы жоспарларың
2. Атырауда қаласың ба?
3. Негізгі мамандығың қандай?
Tyulpan
иии заным сол ВКМ. қашан зүүүүүгіреміз? )))
1. Жоспар өте көп. соның ішінде астанаға жұмыс ауыстыру да бар. ))
2. Атырауда қалмаймын. Қалам деп те келмеген едім.
3. Жорналшы. бірақ мамандық бойынша емес жұмыс істим ))
Aigolek
Уау!!! Билдим ким екенинди
Tyulpan
тссссссссссс айтып қою жоқ ))
VKM
тааак, Тюльпан, ауызбастырық. Шыдай алмай бара жатырмын)))))Айтып қоюым мүмкін
Tyulpan
мамаааа… қалағаныңызды алыңыз )) ВКМ
bizbike
неге қалмаймын дейсіз? бір жігіт жүрегіңізді жаулап, сол жерге келін болсаңыз қайда кетесіз, қаласыз ғой
Tyulpan
сіз де айтады екенсіз...))
Erke
басты оқиғасы — мықты бір тұлғамен таныстым, одан көөөөөп нәрсе үйрендім. жетпегенін жетістіріп, толмағанын толықтырып деген сияқты. Осы жерді толығырақ түсіндіріп кетіңізші! Кандай нәрсе үйретті ол кісі сізге? Не жетіспей жүр еді бұрын сізге?
Tyulpan
асқан білімді, жан-жақты, эрудициясы мықты ол адаммен жай ғана әңгімелесіп отырсаңыз, талааааай нәрсе үйреніп қаласыз. біліммен көп сусындадым. бір кемшіліктерім болған, соны түзедім. ))
Erke
жарайды рахмет, енді дұрыс түсіндім, алғаш окыган кезде жаман ойлар кеп калган ойыма,
Tyulpan
Ерке мырза, осы жаман ой неге адамға ең бірінші келеді екен? санадан тыс қорғаныспа әлде? қалай ойлайсыз?
Erke
сұрақ қоя берме көп, жұрттың сұрағына жауап бер! Неге екенін артынан бір айтып беремін сайтта екеуміз онаша калганда!
Tyulpan
маммааааа. ұрсып бердіңіз ғой. қорқа бастадым сізден.
Erke
Қорықпаңыз, осында сізді қорғайтын a63a1 жандар бар сияқтығо арамызда!
Adiletshu
Кластастарың қай жылғы?
Tyulpan
сыныптастарымнан сұраңыз ))
MickThatsMyNick
Tyulpan гүлі қашан егілді?
Tyulpan
осы никті ше фан-фан тюльпан деген бір кино болған, сол есіме түсіп қоя салған едім ))

білмеймін сол қашан егілгенін
MickThatsMyNick
«осы никті шеее, „Фан-фан тюльпан“
деген бір кино болған,
есіме түсіп, сол… қоя салған», — демейсізбе ұйқастырып.)) сол киноны шамамен 7-8 жыл бұрын көрген шығарсыз..))
Tyulpan
сіз ұйқастырғанға риза болдым )) өлең шығару қолдан кемитін еді жарысқанда бомаса ))
Abilakim
Фан-фан дей салса да болғандай екен
Aidakonya
— 2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не? — Керекке тиркелдим)
madikon
қызық екен,,, керемет,,, мен де көп адамдарды білмеймін, бәрін деуге болады. Көп адамдар туралы жазсаңыз жақсы болар едіі.
ruben
ТыҰлпан деп оқып жүр екем, креатиффінетиіспейін
Tyulpan
 көбі солай оқып жүр. ұлпан деген ат ұнамайт маған ес чо ))
Adiletshu
мықты бір тұлғамен таныстым
кафеге шақырды ма
Tyulpan
Адилетшу, сізді қызық сұрақтар мазалайт осы )) қызық ойлар да кеп отырған шығар )) риторикалық сұрақтар
Erke
риторикалық сұрақтар кешіріңіз бірінші окыганда баскаша окып тагы баскаша ойлап калдым!
AKY
«Кел, билейік. Бачата» деген тақырып
өз тақырыптарың ғана ұнайды екен ғой
Tyulpan
өөөөй сендер де бір. адамға тиіспесеңдер іштерің кебет
ол жерде қалжыңды көрсететін смайылшы тұрған. асаубота ағамыз оны тастап кетіпті. тағы бір жерлерде корректірлендіріп жіверіптеееее. солай
менің оппонентім Адилетшу жәмән мәз бовқалды-ау. қай жерден сүріндірсем деп аңдып жүретінге құсайт өзі
Adiletshu
Эх, сенімен бачата билер ме екем
Tyulpan
алдымен өзіңіз үйреніп, бізге видеосын жариялаңыз. билей ала білетініңізді көрсетсеңіз — мен қашпаймын. ))
Karaetik
Ақ қасты ер, жез жалатқан өмілдірік,
Жібекпен сүрттім қатқан теріңді үгіп.
Жапқаным жабағы жүн киіз емес,
Түрікмені қалы кілем төгілдіріп.
Әбзелі жараспайтын басқа малға,
Сөз болдың маслихат құрғанда ел,
Неше бір жайсаңдар мен қасқаларға. Паһ шіркін неткен суреттеу КЕРЕМЕТ!!!
Adiletshu
Бұны нақоя жаздың
AKY
типі аттың сыны ма мынау?
Tyulpan
ой рахмет. ду қол шәпәләқ )) қараетік десе қараетік кенс өзіңіз
bazuka
сіз солайде сайтында да болғансыз ба?
Tyulpan
базарайгүл, базарайгүл, әрине, солайда болғам.
Tyulpan
осы солайде сайтының архиві бар деседі. көрген жоқсыз ба соны? білсеңіз бір хабарын берсеңіз. алдын ала алғыс білдірем ))
bazuka
Гастада бар))
Tyulpan
Гастамен дос болу керек болды ғой онда )) бұрын мысықты қыз-зәбира екемізге ұрса беретін еді ол "қазақ тілін құрттыңдар, дұрыстап сөйлеңдер" деп. )) көп қате сөздерім қазнетке таралып кетіпті ят болғанда ))
bazuka
тоқтай тұрыңыз, менің ойлап отырған адамым сияқтысыз ғой))
araika
2012 жылды өзіме «позитив» жылы деп атағанмын
, келесі жылды қандай атау күтіп тұр?
Tyulpan
ой, сізге жазам деп астына жазып кетіппін. сорки ))
Tyulpan
«тура бағытқа бет алған кеменің желі де оңынан тұрады» деген жыл ))
ruben
Жыл атауы змейкадай дәйексөзден тұрғанына қарағанда, майялар дұрыс айтқан ба деп ойлап қалдым
Tyulpan
әдейі солай жазу керек болды енді. а то біліп қояс қой
nurbergen_makym
1. Сіздің «тюльпанның» қазақша атауы қалай?(Сіздің деп отырған себебім, "қызғалдақ" та, «сарғалдақ» та — тюльпан. Оған қоса, «жауқазын» деген де нұсқасы бар көрінеді. Негізі, жауқазынның орысшасы «шафран» сияқты);
2. Үй гүлдерін өсіресіз бе? Әлде, шоқгүлдерге симпатияңыз басымырақ па? Қандай гүлдерді ұнатасыз? Жалпы, флораның осы бір өкілдеріне қатысты мини микро-эссе жаз кетсеңіз.
3. Байқағаным — позитиффті адамсыз. Өне бойы позитиффті күйде жүру үшін — соған деген ұстанымпаздық жеткілікті ме, Сіз үшін? Әлде, әлдебір «симуляторлар» көмегіне жүгінесіз бе?
4. Алкогольді сусындардың ішінен өз ісіне берілген маман ретінде «буравчикті» ұнатады деп ойласам, қаншалықты қиыс кетем? Жалпы, ішіп алса, мен сияқты көп сөйлейтіндердің қатарынансыз ба?
Соңғы сұрақ. («Сұрағы көп екен» демессіз, десеңіз дей беріңіз. Әлбетте, демегеніңіз дұрысырақ болар еді. Дейтұрғанмен, бұл қалай еткенде де өз ықтиярыңыздағы іс қой. Кейде ықтиярдан тыс та.) Жалпы, біреудің ықпалына қаншалықты бағынасыз?

Жауап берсеңіз, жақсы болар еді. Жауап бермесеңіз де жаман бола қоймас
Aldeken
әлдебір «симуляторлар» көмегіне жүгінесіз бе?
түнгі 1-де жағаныңа қарағанда, бөтелкелес, стақандас, бокалдас таба алмай отырған кезің болса керек.
көңілдес, төсектеске де зәру болып отырған кезің болуы мүмкін деген де азғын ой сумаңдап отыр кәллада...
nurbergen_makym
Қыздармен стақандас болудан Құдай сақтасын, Алдеке. Стақандас болу мен бірер бокал сыралас болудың арасы — жер мен Марстай ғой. Әлбетте, мұнымен, сыралас болудың да өз кайфы барын жоққа шығармаймын
Бырат, зәру деген мен білсем, мұқтаждық, ия?! Құмбыл болсам, ол төңіректе тарығып көрмеппін. Бірақ, мендегі зәрулік рухани деңгейдегі ғой) Сондықтан да, көбіне «морально зорлауға» ынтазармын)))
Tyulpan
Жауап бермесем де жаман бола қоймас. жауап берсем, жақсы болар ))
1. жауқазын дегенге қосылам. тюльпан деп алғанда осының аудармасы бар-ау деп ойламаппын.
2. үй гүлдерін өсірем. аттарын білмим бірақ )) табиғатқа жақынмын. сары құмда күнге қыздырынғанның орнына, жасыл орманда серуендеген әлдеқайда пайдалы әрі жағымды деп білемін. гүлдің бәрі жақсы, гербер, ақ пиона, ақ тұңғиық ерекше ұнайды. микро-эссе: бірде бір жігітке «бойыңмен бірдей гүл алып келіпсің ғой» деп едім, «енді саған гүл силасам ба» деп ренжіп қалғаны бар. )) ауырып қалғанда жазылып кет деп или жайдан-жай сюрприз жасап гүл жіберсе, мәәәәз болам. шоқгүл болса да, үй гүл болса да.

3. симуляторсыз-ақ позитифф болып жүре берем. барлық адамға көңіл бөліп, қалжың айтып, көңілдерін көтеріп жіберуге тырысамын. көшеде болсын, жұмыста болсын. ондайда адамдар да мәз, мен де мәз. көбінесе, ұстанымпаздығым жетеді, мен үшін. үйрендім соған, үйреттім өзімді. кейде болады біреулер ренжітіп. ойлаймын шағымдансам ба деп, райымнан қайтам «ой, қолымды кірге былғап жүрем ба арызданып-шағымданып. ол адам маған жамандық істесе, ол өз проблемасы. жаман сөз айтса, ол өз проблемасы оған неге мен бас қатыру ккпін. өзімен кетсін» деп. онсыз да мына заманда жақсылық аз ба деп қаласың. ренжітіп алып, кешірім сұрап келіп жатады. кешірім сұрамаса, маған да бәрібір…
ең мықты позитиффті ән айтып, бимен айналысқанда аламын. биден шыққанда өмірді сүйіп, барлық адамдарды жақсы көріп, құстай ұшып кетіп бара жатасың ))

4. сенсеңіз де, сенбесеңіз де алкогольдан ареееее жүрем. студент кезде толасың деп, сыра ішіп үйренейін деп едім, ұнамады. өзімді қинап ішкім келмеді. алкогольдың ешқандай түрін ішкен емеспін, ішпеймін де. шампан да, вино да. оған қарап неге қашады алкогольдан, папа не мама алқаш деп ойлап қалмаңыз тағы. өзім ол ішкім кеми жүрген. «буравчик» деген не ол өзі? гугіл атайдың мазасын алмай сізден сырай салайын ))

соңғы сыраққа жауап: жалпы, біреудің ықпалына бағына қоятын қыз емеспін. өз қағидаларыммен жүрем. ықпалын өткізе алатын болса, күштемей, ықпалы маған зиянсыз болса, қарастырамын )) өз қағидаммен жүрем деп біреулердің достойнствосына тиіп кетпеуге тырысамын.ойлағыштар осы жерде не ойлады кен? хехе: р тыңдайтын жерде тыңдаймын ))

өзіңіз ішіп алғандағы көп сөйлейтініңіздей мені сөйлететін сырақтар қойғаныңыз шүн мың алғыс ))
nurbergen_makym
«Буравчик» — сұйық азот көмегімен қоймалжың консистенцияға жеткізілген спирт.
АйтпақЧ, бұрғышының көмекшісі болып қай кенорнында істевацыз (сәйкесінше, қазір, вахтадан демалвацыз)?
Tyulpan
мен қалада 5/2 мен жұмыс істейтін. вахтамен істей алмаймын. қашағанның айналасы сол. ))
ken
микро-эссе: бірде бір жігітке «бойыңмен бірдей гүл алып келіпсің ғой» деп едім, «енді саған гүл силасам ба» деп ренжіп қалғаны бар. ))
не үшін ренжіген?
Tyulpan
блиц-сұхбаттың жауап беру уақыты аяқталған. кеш қалдыңыз.
ken
басында Тылпан едің, U-ді қалай қосып алдың?
Tyulpan
қазақстаннан болатын келін деген киноның саундтрекін айтып үйрене алмаай жүрмін