Біз қандаймыз? Еріккен ойлар.

Айконтайдан келген эстафетаны жалғастырайын.
Ұнайды: ақылды студенттер, Инфинити QX56, фисташка балмұздағы, құрт, жібек пенюар, күз, жылауық әндер, апатия, тәтті мұң, сағыныш, сынды жұмсақ жеткізетіндер, комплимент есту, құрбылармен сырласу, кальций глюконаты, Терафлю, ұшақ, қыдыру, тума-туыспен арқа-жарқа болу, сурет салу, ғашықтықпен өлең шығару.

Ұнамайды: интернетте педагогтығымды бетіме басқан, көшу, балдақпен жүру, жалыну, біреуден бірдеңе сұрау, өзімді кінәлі сезіну, машинаны жұлқып айдайтындар, қыздарды ақымақ көретіндер, Инсти шайы, пойыз, "қашан күйеуге шығасың?" деген сұрақ, бұрынғы бастығымның даусы, жөнсіз паника көтеретіндер, желілік маркетинг, дін тақырыбына пікірталастар, белгісіздік.

Еріккен Саммитаның ескі таяғын balzaminka -ға бердім.
Әрі қарай

Еріккен ойлар: Біз қандаймыз өзі?

Таяқшаны Қисық берген екен

Ұнайды: тыныштық, көп достар, ашық әңгіме, тура пікір, адалдық, театр, мелодрамалар, Пауло Коэльо кітаптары, өмірзая, етті тағамдар, интернетте 2 сайтымнан шықпау, «біреудің» қырсыққан сәттері, диззи, кока-кола, тауға шығу, қыздармен кездесу, машина, қалада түнде серуендеу, Вигостың джинсилары, жылауық мағынасы бар әндер, манюкир жасату, жаңбыр, аппақ қар, үйдегі диваным мен ДВД-иім

Ұнамайды: белгісіздік, түсінбестік, қысылысққан автобус, көп ақыл айтулар, мылжыңдар, мақтаншақтар, кашалар, үретін иттер, түсінігі жоқ бастықтар, аптап ыстық, дыңқылдақ музыка, адамды жақтырмаулар. т.б.

Эстафетаны АКУ ға берем.
Әрі қарай