Еріккен ойлар: Біз қандаймыз (типа эстафета)

Ұнайды: жылы жаңбыр, қою кофе, қоңыр-шоколад-күлгін түстер, дәрігерлер, көлік жүргізушілер, рок, былғары, күдері (замша), салмақты адамдар, білімқұмарлар, қолсағат, ресей фильмдері, тихий час, көліктер, жылдамдық, таңғы музыка, глянец журналдар, газет, Астанада Желтоқсан, Жангелдин көш-і, кейде жалғыз қалу, ерте ояну, ақ-қызғылт гүлдер, шаруақор әйелдер, мәтін теру, Керектің кей қолданушылары), қарағай-қайың, боран, энциклопедиялар, дүкен аралау, қара-көк шаш бояуы, Dior косметика өнімдері, су, театр, кешкі жаңбыр, дискілер, алма, құлпынай, қымыз, капуста, спортпен айналысатындар, ауылдағы көршілерім, криминалдық жанр т.б.

Ұнамайды: жүзік, факстың дыбысы, шетел кинолары, тарихи кітаптар, таңғы мылжың-ми ашытар әңгіме, аптап ыстық, автобуста соткімен өсек соғатындар, қып-қызыл, жолақты түстер, тым салиқалы әңгімелер, математика, берекесіз табыс, инет ақтару, бірқалыпты тірлік, сауысқан, павильон дүкендер, мақтану, қонаққа бару, саудагерлер, әңгімешіл таксистер, үлкен айна, қолшатыр, арақ-шарап, жүзім, қара өрік, піскен сәбіз, макарон, күріш, көп әріп, қажетсіз дүние жинайтындар т.б.

Эстафета таяғы @qisyq -тың басына тиді.
Бөлісу:

55 пікір

qisyq
Қызық екен Қазір жалғастырамын.
sammita
алдына ит салып шақырғанда келе қалу функциясы жоқтығы аздап нетіп жүр.
Janasil
үлкен айна
неліктен екен?
sammita
байқасаң, айнаның түр-түрі болады. Сапасынан ба, әйтеуір әртүрлі көрсетеді. Сатып аларда өзіңнің бейнең ұнаған айнаны ал деп жатады. Ал жалпы маған келсек, білмеймін неге екенін, үйде тұратын үлкен айна түнде қорқынышты шығар, мүмкін бала кезден қалған бірдеңемен байланысты ма екен.
Janasil
Зеркела деген киноны көргенсіз ба? уууу қорқынышты...
AKY
Зеркала деген киноны көргем
sammita
шетел кинолары ұнамайды деп жаздым ғо демек көрмегем.
Janasil
Көрсеңіз точно біраз уақыт айнадан жүрегіңіз айнып жүреді.
blackbeard
Зеркала, Звонок, Никогда не спи (Кошмары на улице вязов) мәәә, көріп отырып бұтыңды таппай қаласың ғо
Aikona
Дегенмен қызықсыз
sammita
неинтересно?((
Aikona
интереснасыз  Жазу стиль мен ұнайтын, ұнамайтыныңызды бөліп ойланып отырғаным ғой
sammita
әняқта АКУ-дың айызы қанып селкілдеп отыр "қызық емес деген пікір" деп
рахмет! (АКУ сУ іш)
Aikona
маған енді жетті  қызықсыз деп тура мағынасында айтқан жоқ ем, қызықтысыз, ерекшесіз деген мағынада қабылдаңыз. АКУ қақалып қалма, су ғой ол )))
asaubota
мен саған ұнайды екенмін!
sammita
Аршат картопты жақсы көреді
asaubota
былай ұнайтын/ұнамайтындарымыз шамамен келіп қалады екен. былай жарасып кету ықтималдығымыз бар әрине. бірақ, сен көп сөйлеп мыжитын әйелдерден сияқтысың. нервым шыдамас еді, тағдыр бізді жолықтырмағаны дұрыс болды ау деп ойлап отырмын.
sammita
)))) мен өмірде сөзшең емеспін, сен маған)
asaubota
ааа онда бір күні Жерорта теңізі жағалауларындағы бір курортта немесе Бурабайда 1 ай смеьясыз шыққан демалыста кездесіп қалу ықтималдығымыз бар ма? миллионда бір болса да, бар ма айтшы?
sammita
мен саған ұнайды екенмін!
деп алып ана пікіріңмен көліктен түсіріп жібердің ғо)
asaubota
мен өмірде барлық нәрсені математикамен есептеп жүремін. сонымен тез айт ықтималдық бар ма жоқ па? жоқ болса сызып тастаймын
sammita
 жүр үйге қайтайық.
asaubota
астановкаға менің атымды ойып жазған қыз, жұмыс уақытымның аяқталуына әлі 38 минут бар.
sammita
негізі менің маршрутым сол аялдама арқылы.
Daniar-Alan
берілгісі келмей тұрып көңілін қалдырмау саясаты
TERISKEY
"… піскен сәбіз"  мяған да ұнамайд
asaubota
мамаң ұрсатын ба еді кішкентайыңда жеп қой деп. маған да ұнамайтын, бірақ қазір балама ұрсамын
sammita
кішкентайлар көбіне піскен пиязды ұнатпайтын сияқты. Көк (зелень) жемейтін адамдар болады.
TERISKEY
не только кішкене кезімде, әлі де ауылға барғанымда "ұрсады", әлі үйренбедің бе деп. жеп қойсашы көзді жұмып жіберіп. Ертең саған тек сәбізден не пияздан тамақ жасап беретін әйел болса, сонда көрерсің деп
Gastarbaiter
Егер саған ғашық болсам, сені бір жерге қою кофе ішіп, әрі қарай пәтерге барып Рок әуендер энциклопедиясын оқуға шақырар едім. Ертеңіне «Крестный Отецті» қарап, тихий часың біткен соң, мен лакированный былғары дамбал киіп, сені Жангельдин кқшесінде күтіп тұрсам. Үшінші күні таңғы бесте оятып, аузыңа бір-бірлеп құлпынай салсам. Төртінші күні жылы жаңбыр астында спортпен айналыссақ.
Бірақ… бәрін өзің тізіп қойған соң, по заказу қызық бола ма екен ондай романтикалық ғанибет?
sammita
 неге бұны жарнама іспетті қабылдадыңдар. қызық
Gastarbaiter
Жоқ, мен негізі ешқалай қабылдаған жоқпын бұны. Жай, фантазиямның қандай бай екенін көрсетіп понт лақтырғаным ғой.
monti
қонаққа бару
маған ұнайд, қатты жақын арласқандарға барғым келіп тұрад, тек кіріп шығуға
AKA
Тарихи кітаптар маған да ұнамайды, бірақ математика ұнааайд. Керектің кей қолданушылары мен жаңбыр керемеееет!!!
Zilola
колданушылар мен жанбыр?
asaubota
эстафета сәтсіз уақытта басталды, кеше жұмыс күнінің аяғында. нәтижесінде 3 адамнан кейін жалғаспай қалды.
sammita
АКУ жазды ғой жаңа. Ендігі таяқ Монтида.
AKY
бірқалыпты тірлік
Аударма жасау — бірқалыпты тірлік
sammita
бірсарынды тірлік ұнамайды. Аударманы да қызықты етіп жасауға болады, фантазиямен
Содан ерігіп керекшілермен ойнап отырам, онымды да көп көріп жатқандар бар, е, Алла
qisyq
Сабырын берсін Құдай. Қайтесің. Өмірдің жазуы солай.
Gastarbaiter
Дұрыс айтасың. Аударма жазу шығарма жазу сияқты креативті тірлік. Әрине әңгіме ұялы телефонның нұсқалығын аудару жайлы емес.
sammita
осылар ұнайды және ұнамайды
sammita
үнемі кешігіп жүретіндер ұнамайды еще.
madlen
Біреу кешігіп жатыр ма?
sammita
кешке кездесу, алдын алып жатырмын)
AKY
Бірдеңені қақылдай беретіндерге жыным келед.
Gastarbaiter
Сұрақ:
ақылдылық пен білімділіктің айырмашылығы дегенді қалай түсінесің?
екеуінің біреуін ғана таңда десе қайсысын таңдар едің?
Gastarbaiter
дегенмен?
sammita
ақылдылықты. Білімді ақымақ болғанша, білімсіз ақылды болған жақсы ғо)
(енді көрдім сұрақты)
Gastarbaiter
Білімсіз ақылды болмайды. Ақымақ білімділер көп. Жалпы дұрыс жауап
satibaldi
қып-қызыл
Ешқашан Түркия мен Қырғызстанның жалауының астында соғыспайм десейш.
AKY
Саммиымды сағындыммм, қайдасың қалқам???