Тек қана "Хардкор"

Кезінде «Biting Elbows» инди-рок-тобының «Bad Motherfucker» деген клипі біраз шу тудырып еді. Әрине, позитивке толы шу. Сюжетті баяндау тәсіліндегі жаңа бетбұрыс ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Бұл видеоклип Тимур Бекмамбетовтың де көзіне түсіп, осының негізінде толықметр кино түсіру идеясын да көтерген сол еді.

Бекмамбетов режиссер іздеуге бас ауыртпастан, бұл міндетті «Bad Motherfucker» клипін түсірген, «Biting Elbows» тобының мүшесі Илья Найшуллердің өзіне тапсырды.

Жоба толықтай сәтті шықты деу қиын, өйткені халықаралық басылымдардың бірқатары мақтады, бір бөлігі төмен баға берді. Сондықтан да фильмге, өз басым, ұнамай қалу мүмкіндігін ескеріп, іштей дайындалып бардым.

Киностан: Тек қана Хардкор
Фильм 100 пайыз бірінші жақтан түсірілген. Яғни, барлығы басты кейіпкердің көзімен беріледі, құдды шутер ойын ойнап отырғандай сезінесіз. Сіз сенбессіз, бірақ бір тұсын «Call of Duty 4» шутерінен көшіріп алды ма деп ойлап қалдым. Ал иесіз ғимарат ішіндегі атыс тіпті «Counter-Strike»-ты еске түсіреді.

Бұл да эксперимент, соны бағыт қой, сондықтан шайқалып-секірген кадрлардың кейде тым көп болып кетуіне түсіністіктпен қарадым. "Қара юмор" мен жүйкеге тиер қан-жоса қырғынға, визуал азапқа дайын болған жөн.

Сюжеті күрделі емес. Бастан-аяқ негізгі кейіпкердің және оның досының бір міндетті (басты зұлымды өлтіру) іске асырудағы бастан кешкен (көзбен көрген) оқиғаларына куә боласыз. Фантастика жанрында болғанымен де, оның фантастикалығын ақтайтын, уәж келтіріп, түсіндіретін аргументтер жоқ, жай фантастика мен Мәскеу оқиға фоны ретінде алынған. Негізгі акцент — шутер стилінде қызықты фильм түсіруге және сол арқылы көрермендерге ерекше әсер беруге қойылған тәрізді. Фильмнің кіші экранда (ТВ, компьютер) ерекше әсер ететініне күмәнданып тұрмын.

Бірақ мойындау керек, аттракциондық әсері молынан. Кейіпкердің басына кіріп кетіп, бәрін өзің басқарып немесе өзің реал режимде көріп отырғандай әсерде отырасың.

Киностан: Тек қана Хардкор
Фильм Ресей мен Америка актерлерінің қатысуымен түсірілген. Басқаларын білмедім, Шарлто Коплидің сан қырлы актер екенін дәлелдейтін аз киноның бірі осы болды десем артық айтқандық болмас. Әрине, сосын Сергей Шнуровтың 1 минут шамасындағы эпизоды есте қалды. Фильмді жасаушылардың да идеясы осында секілді — Ресейдің сүйікті боқтампаз әншісін көрсету арқылы эмоциялық бонус сыйлау.

«Хардкор» өз атына лайық деп ойлаймын. Ешбір лирикасыз, басқа артық нәрселерге көңіл бөлмей, тек қана бір бағытпен өрбіп отыратын қатал, қатаң фильм. Қаншалықты сәтті жоба болады оны уақыт көрсетер.

6/10
Әрі қарай

Муха Мухырлыч. "Твою мать"

Асекем бүгін тірі болғанда ғой…

Асекем бүгін тірі болғанда, бүгін әлі тірі Олжекеңнің тірлігін көріп, не дер еді? Сән-салтанаты келісіп тұрғанымен, арасындағы саңылауы — бар сымбатын бұзып тұрған екі күрек тісінің арасынан шырт түкіріп, «Твою мать!» дер еді.
Әрі қарай

Абылайханның апайы

Әбішева Дана Төлеубекқызы — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тумасы. 2010 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Химия» факультетін тәмамдап, Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына химия пәнінің мұғалімі боп қызметке кіріседі. Болашақ чемпионмен осы қызметінде жүріп танысады…
Әрі қарай

Қазақ қызына хат (с) Абылай Шаймерденұлы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Қазақ қызына хат © Абылай Шаймерденұлы.
Қазақ қызына хат © Абылай Шаймерденұлы.

Бір сөз айтам тындашы тыйып жолдан,
Жел сөз деме құрайтын жиып колдан.
Бабаларың кезінен әлімсақтан,
Қазақ қызы басқадан биік болған.

Көрдім бүгін сол қызды бізге қалған,
Ашық балтыр… Тосырқау күйде қалғам.
Сұлу ең ғой қос етек көйлегіңмен,
Ендігіде шашбауың бізге арман.

Ашық жатыр омырау даладайын,
Бере көргін о құдай сана дәйім.
Ызалана күлкімен көзді жұмдым,
Көз ғой саған керегі? Қарамайын!

Әркім көрер арзанның керегі не,
Саймын деме серінің тілегіне,
Қос өмірлік серігің керек болса,
Ғашық еткін серіні жүрегіңе.

Жаңа ғасыр адамы деп келтіріпсің,
Ойсыз болса не құны бар сөзіңнен.
Сурет салып бояуды өлтіріпсің,
Ұят іздеп таба алмадым көзіңнен.

Бәрін қылар салоныңа барғаныңда,
Ұятты да салдырып алмадың ба,
Сұралатын нәрсе ғой білмейсің ау,
Қыл көпірде тек өзің қалғаныңда…
Әрі қарай

Қарқаралымды сағындым

Блог - alya: Қарқаралымды сағындым
Менің туған жерім қасиетті Қарқаралы жері. Иә, небір таланттар мен дүлдүлдерді, от ауызды, орақ тілді шешендер мен жезтаңдай, күміс көмей әншілерін дүниеге әкелген қасиетті топырақ.
Блог - alya: Қарқаралымды сағындым
Қарқаралының табиғаты ерекше ғой шіркіііііін! Сарыарқаның төскейінде орналасқан мұнартқан көгілдір таулары, маржандай сұлу көлдер, ну ормандар жер біткеннің жәннатындай. Қарқаралы туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Таңғажайып кереметтерін тізбелей беретін болсақ, біздің де жазып отырған қалам құдіретіміз аяқтала қоймас.
Мен ол жақта 7 жыл тұрдым. Жасымнан демікпе болып ауыратынмын. Дәрігерлер ауа райын ауыстыру керек деп кеңес беріпті. Тым болмаса 60 шақырымға. Үйдегілер ақылдаса отырып, Қарағанды маңында орналасқан Ақбастау ауылын таңдапты. Мұңда келген соң сырқатым пышақ кескендей тыйылды. Не себепті Қарқаралының климаты жақпады екен?! Әлі күнге дейін білмеймін. Бірақ кіндік тамған жерінді бәрібір де сағынады екенсін, тіпті әр тасы ыстық. Ол жаққа бармағаныма да 5-6 жылдай болды. Бұрын тұрған үйімді, ауласын, көшелерді, мектебімді (1 жыл оқысам да есімде бар) сағындым. Алла амандығын берсе осы жазда міндетті түрде барамын.
Пы.Сы: жазам деп кірген мен, керекинфоны керек қылмай кеттім. Оның өз себебі бар. Сол үшін кешірім сұраймын))

Муха Мухырлыч. "Ублюдок"

Әуелде, имене кіріп, еңкейіп шығып жүретін. Ләббайлап, тақсырлағаны кейде жиіркенішті еді. Сосын кейде именіп, кейде еңкейетін болды. Алдында кездесіп қалатын адамның мансабына қарай. Керек жерінде тоңқая қалып, реті келсе дөң айбат көрсетіп жүріп, ақыры тік шығып, тік кіретін кісісымаққа ұқсап қалды.
Әрі қарай

"Пхаха" тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

Менде бір керемет сюжет бар...: Пхаха тайм-менеджменті немесе Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!
Пхаха! Бұл жазбаны бастау үшін мен не істемедім десеңші! Әлеуметтік желіден шыға алмай қалдым ғой. Пхаха! Фейсбук желісіне хабарлама келді ме екен деген оймен кіргем. Жай ғана. Пхаха! Аш жүрген студенттен екі жерде жұмыс істейтін бес баланың анасына дейін күн-түн демей пост жазады-ай, шіркіннің!
Әрі қарай

Н.Назарбаев: Астана келбетінен әр уақытта да ерекше сезімге бөленеді

Астана жаңалықтары: Н.Назарбаев: Астана келбетінен әр уақытта да ерекше сезімге бөленедіОтандық телеарналарға сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана келбетінен әр уақытта да ерекше сезімге бөленетіндігін айтты.

«Астанаға көз салған әр сәтімде де ерекше сезімге бой алдырамын, тіпті өз көзіме өзім сенбеймін десем де болады. Міне, осы қазір біз отырған жерде 2004 жылы қамыс қаулай өсіп тұрған еді. Есілдің бұрылар тұсы, Ақорда тұрған жер батпақ, адам бойынан асатын қамыс өскен және иен дала, ештеңе жоқ еді. Шағын ғана ұшақтар қонатын кішкентай ғана әуежайы бар болатын. Ал қазір қараңыздаршы, түнде келе жатсаң барлығы да самаладай жарқырап тұр. Ұшақпен төңіректі шолып шықсам, қаланың төңірегі жайқалған орманға айналған», — деді Елбасы.
Әрі қарай

Инстааналар-2 немесе ғарыш балалары

Былтыр блогиада аясында инстааналар туралы жазған едім. Одан бері көп нәрсе өзгерді. Dubsmash секілді қосымшалардың шығуына орай инстааналардың қарапайым аккаунтынан инстаграмның кішкентай жұлдыздары пайда бола бастады. Бәлкім біразыңыз білетін де
Әрі қарай