Қазақ қызына хат (с) Абылай Шаймерденұлы.
Қазақ қызына хат © Абылай Шаймерденұлы.
Бір сөз айтам тындашы тыйып жолдан,
Жел сөз деме құрайтын жиып колдан.
Бабаларың кезінен әлімсақтан,
Қазақ қызы басқадан биік болған.
Көрдім бүгін сол қызды бізге қалған,
Ашық балтыр… Тосырқау күйде қалғам.
Сұлу ең ғой қос етек көйлегіңмен,
Ендігіде шашбауың бізге арман.
Ашық жатыр омырау даладайын,
Бере көргін о құдай сана дәйім.
Ызалана күлкімен көзді жұмдым,
Көз ғой саған керегі? Қарамайын!
Әркім көрер арзанның керегі не,
Саймын деме серінің тілегіне,
Қос өмірлік серігің керек болса,
Ғашық еткін серіні жүрегіңе.
Жаңа ғасыр адамы деп келтіріпсің,
Ойсыз болса не құны бар сөзіңнен.
Сурет салып бояуды өлтіріпсің,
Ұят іздеп таба алмадым көзіңнен.
Бәрін қылар салоныңа барғаныңда,
Ұятты да салдырып алмадың ба,
Сұралатын нәрсе ғой білмейсің ау,
Қыл көпірде тек өзің қалғаныңда…
ащы сатира дисіз ғой )))
қара өлеңнен шалыс ұйқасқа ауып кеткеніңіз не?
в целом, шайған құрылымдық ақаулар жоқ емес.
Мағынасы дұрыс, бірақ өзім уже жалықтым мұндайдан :)
:)))
салиқалығы жөнінен мына жабық өлеңнен тәуір, рас :)