Муха Мухырлыч. "Твою мать"
Асекем бүгін тірі болғанда ғой…
Асекем бүгін тірі болғанда, бүгін әлі тірі Олжекеңнің тірлігін көріп, не дер еді? Сән-салтанаты келісіп тұрғанымен, арасындағы саңылауы — бар сымбатын бұзып тұрған екі күрек тісінің арасынан шырт түкіріп, «Твою мать!» дер еді.
Өлінің аузына боқтық сөз салып бердің демегін. Асекем дәл осылай, «Твою мать!» дер еді, және бұл жорамалым үшін әруағынан түк те қорқып тұрған жоқпын!
Жоға, немісшені орысшадан жақсы білсе де, бәрібір орысша айтар еді. «Швайне!» деп тістенсе де жарасар еді ғой демей тұра тұрыңыз. Себебі Олжекеңді шошқа деп, шошқаны балағаттаймыз ба, Олжекеңді балағаттаймыз ба — әлі зерттелетін сұрақ. Ал енді «твою мать», оның үстіне — Асекеңнің аузынан ызамен шығатын «твою мать» — Олжекеңнің бүкіл болмысын сипаттауға жететін бір сөз. Әйтеуір біздер үшін, коммунистерді көрген адамдар үшін, қол астында иленген құлдар үшін.
Асекеңнің олай ашу шақыруға әбден хақысы бар. Себебі дударбас дударай сол күндері «көне түркіні сөз еттім де орыстан сөз есіттім» деп, Асекең бастаған емен-қарағайларды жағалай бастағаны рас. Жорнал бетінде бірі-біріне арнау өлең жазатын Евтушенкосын ұмытты сонда. Евтушенко да мұны ұмытқан сыңай танытты. Өнердегі жылымық, үміт самалы атанған адамдардың тұл екені сонда көрінген. Генералдар Олжекеңе ақырған кезде, жүйеге қарай бірге сиеміз деген салони-кафеауи достар жым болды. Олжекең содан қазақты жағалады. Тілім шүлдір болғанымен, болмыс-бітімім қазақ деді. Сонда Асекем астыртын-үстіртін қияңқылығын салып, дударайымды талауға келмек иттер сескенген.
Бірақ дударай — Қасты Әзіз патшамыз қайтқасын қайта мәскеушіл болды. Еркіндіктің ұшқынын кереғар түсінді ме, мәскеулетіп-ленинградтауды жиіледі. Қызмет сұрады. Өзіне өзі кереғар келетін шығармалар жазды. Бұрын бар игілік интернационалда деп көсіліп еді. Енді қасаң жүйе босаңсығасын тілі ұзара ма деп едік, қысқарып қалды. Енді бар бақыт орыспен деп соқты. Жүрек айнытарлық шытпақтарынан анау-мынау сарорыстың өзі жиіркенген. Жиіркенгенмен, билік берді бірақ. Мықты қызметтерге қонжиды. Номенклатуршыға айналды. Үндістанға жолдама кімге? Олжекеңе. Лейпцигке жолдама кімге? Олжекеңе. Себебі, сарорысқа ойы белгілі, ділі белгілі, тілі түсінікті жалғыз дана-дүр Олжекең. Кешегі тіреу болған ағаларын — танымайтын біреулерге айналдырды.
Осыгүні айтып жүрген көрінеді, жан сауғалап алдыма келгендердің меселін қайтарған емеспін деп. Сондағысы, алдына қызмет-шекпен сұрап, Асекең келмеді, әйтпесе менен дархан да жомарт жоқ дегісі келгені ғой. Асекеңнің мен сияқты замандастарына үндеу. Ар жағында — реті келсе сендер де кешіріңдер деген мысықмияу меңзеу жатыр. Көкем, Асекең қарағай күйі опырылып түсті. Одан енді кешірім күтпегейсің. Оның көзін көрген біздер, қазіргі замананың байыбына байланысты иілгіміз кеп тұрсақ та кешіре алмаймыз. Асекеңнің әруағынан қорқамыз. Ендеше Олжеке, твою мать — адам емессің сен!
Мұның алдында — Умник. Барлығы — мына сілтеме арқылы.

2 пікір