Астана интернет форумы

4 желтоқсан Астанада «Астана III Интернет форумы» болып өтті. «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында жан-жақты мәселелер қозғалды. Өте жоғары деңгейде, мағыналы әрі қызықты ақпаратқа толы болды. Сонымен, менің есімде қалған сәттерден баяндап өтуді жөн көрдім:

Блог - KerimAyankyzy: Астана интернет форумы

Қарағанды қаласынан жалпы 15 студент Ләззат Қожахметова апайымызбен келдік. Пойыздың мерзімінен жарты сағаттан аса кешігіп жетуіне байланысты форумның ашылуына куә бола алмай, бірінші сессиясына келіп жеттік.

Блог - KerimAyankyzy: Астана интернет форумы

Бірінші сессияда «Интернеттегі ақпарат қауіпсіздігі» жайлы ойталқы болып өтті.
Модератор: Жарқын Түсіпбекұлы;
Спикерлер: Досай Кенжетай, Алуа Серікқызы, Ерлан Оспан, Аршат Ораз, Жанасыл Болатбек болды. Өзіме ұнап, түртіп алған ақпараттар:
* Бірінші сессия бойынша саясаткер Алуа Серікқызының «Мониторинг кезінде қауіпті материалдар қандай болды?» деген сұрақ төңірегінде, «Мониторинг» жайлы өрбіткен тақырыбы ұнады.

Блог - KerimAyankyzy: Астана интернет форумыҮзінділер айта кетсем:

Қазақ тілді сайттарда тақырыптың 4 түрі бар:
1) Ішкі саясат
2) Экономика
3) Сыртқы саясат
4)Идеология.
Ең көп талқыланатыны:
1 — орында: Ішкі саясат
2 — орында: Идеология және тіл
3 — орында: Экономика
4 — орында: Халықаралық саясат. Қазақ тілді сайттарда «Экономика» және «Халықаралық саясат» жайлы тақырыптар көп қозғалмайды.
Бір қызығы, "Ішкі саясат" тақырыбы жиі талқыланғанымен, оқырманның қалдырған пікірінде «Халықаралық саясат» жайлы пікірлер көп. Яғни, «Халықаралық қатынасқа» қызығушылық жоғары.
* Қаңтар-желтоқсан айларында интернетті қолданушылар рейтингі көбейді. Жыл басында сайтта отырушылар (1 сайтта мысалға) 1,5 сағаттан отырса, желтоқсан айында 3,7 сағатқа артқан. Жыл басында күніне 35 адам кірсе, қазір 80 адамға қолданушылар саны артқан.
* Интернет желісінде болған келеңсіз 2 жағдайды айта кетті:
1) Тексерілмеген ақпараттың жариялануы.
2) Бір-бірінің материалын көшіру.
Осы төңіректе көптеген қызықты мәліметтер естідік.

Жанасыл Болатбек: Блог - KerimAyankyzy: Астана интернет форумыАқпарат фото және видео арқылы көп таралады. Әсіресе, видео. Ең көбі: атыс-шабыс, +18. Әрбір адам өзі қаламайтын жаман видеоның таралмауына себеп болуы керек. Ютуб желісінің өзіне шағым бере кетуіміз керек. Ол бірден өшпесе де жиналған шағым әсерінен жойылады. Және оған пікір қалдырып, лүпіл басқанша үндеми қалдырып кету. Себебі, сіз пікірлеген сайын ол жоғарыға көтеріле береді.
Біздің өзіміз біраз адам жиналып, ақылдаса отырып үйлену тойларындағы 10 нан аса жағымсыз видеоларды өшіріп тастадық.


Аршат Ораз:Блог - KerimAyankyzy: Астана интернет форумы
Бүгінгі таңда негативті ақпарат көп. Көп деген сайттар «рейтингті көтеремін» деп сапасынан айырылып жатады. Рейтинг үшін көп нәрсе құрбан болып жатыр. «Ziro.kz» сайтында 10 ақпараттың бірнешеуі негатив. Біздің оқырман сары басылымды ұнатады.
Түстен кейінгі уақытында осы«Негативті ақпаратпен күресу жолдары» жайлы шеберлік сабағын жүргізді.


Ойталқы барысында бірнеше тыңдарман спикерлерге «Ақпараттық қауіпсіздік, интернетке» байланысты бірнеше сұрақ қойды.
Сұрақ-жауап барысында «Бір ақпарат неге ұлтты екіге бөліп жібереді?», "Қытай халқы «Ютуб» желісін көруге тыйым салған, бізде неге олай етпеске?" «Ақпараттық соғыс деген не?» деген төңіректе қызу пікірталас болды.

«Көп деген басылымның тақырыбы аты-шулы болғанымен іші сұйық болуы мүмкін. Олар өздеріне солай назар аудартады» — деген пікірлер айтылды.

P.S Жалғасы бар… Келесі блогта. Суреттер Фейзбук желісінен алынды.

«Арай» саябағында «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің аллеясы ашылды

Астана жаңалықтары: «Арай» саябағында «Астана ақшамы»  және «Вечерняя Астана» газеттерінің аллеясы ашылды

Бүгін республикалық «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газеттерінің алғашқы санының жарыққа шыққанына – 25 жыл толды.

Бүгінгі мерекелік санында жарияланған басылымды мерейтойымен құттықтауында Елбасы: «Республиканың жаңа елордасы сіздердің көз алдарыңызда бой түзеді. Астанамен бірге оның жаңа басылымдары да қалыптасты. Газет беттерінде шырайлы шаһардың қызу тіршілігін айшықтап көрсетіп, өз оқырмандарыңыздың қатарын ұдайы көбейтіп келдіңіздер. Астаналық қос басылымға тың табыс, жоғары жетістік, ұжымдарыңызға денсаулық пен бақ-береке тілеймін!» деп шығармашылық ұжымның қажырлы еңбегін атап өтті.

Сондай-ақ, мерейтой иелеріне Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Қазақстан Республикасы Парламентінің, дипломатикалық корпустың, жетекші бұқаралық баспасөз құралдарының басшылары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері жүрекжарды құттықтауларын жолдады.

Астана төріндегі «Арай» саябағында салтанатты жағдайда «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің аллеясы ашылды. Сонымен қатар, мерейлі датаға орай футболдан газет жүлделері үшін республикалық жарыс ұйымдастырылды. Бас бәйгені Қызылорда облысынан келген әріптестер ұтып алды.

«Ақшамдықтар» мерейлі мерекеге арналған поэзия кешін, көрме, оқырмандармен кездесу, сондай-ақ, бильярд және боулинг сайыстарын өткізеді.
Әрі қарай

Елордада қар тазалауға арналған 300-ге жуық техника қысқы маусымға дайын

Астана жаңалықтары: Елордада қар тазалауға арналған 300-ге жуық техника қысқы маусымға дайын

Елордада алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. «Астана-Тазалық» ЖШС хабарлауынша, қазіргі кезде қар тазалауға арналған 292 техника дайын.

Астана қаласының коммуналдық қызметі 18 қыркүйектен 10 қазанға дейінгі аралықта техникаларды тексеруден өткізуде. Өзінің мамандандырылған техникасынан бөлек компания қар тазалау жұмыстарына өзге мекемелердің қосымша самосвалдарын тартады. Бір ауысымда қосымша 150-200 жуық КамАЗ жалданады. Бұдан бөлек, коммуналдық қызметкерлер көктайғақты алдын алу мақсатында 33 мың текше метр тұзды-құм қоспасын дайындады. Сонымен қатар, қосымша 7 мың текше метр құм әкелу жоспарланған.

Айта кетейік, қыс кезінде елордалықтардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жұмыскерлер жолдарды және олардың жиектерін қардан тазалайды. Күн сайын тиісті жұмыстарға 750 арнайы техника мен 450 жұмысшы тартылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9213
Әрі қарай

A red, red rose

Махаббат — раушан гүліндей
бағымда менің жайнаған.
Махаббат — мәңгі әнім бұл,
Бойымда дендеп жайлаған.

Көркіңе сенің ғажайып,
Таппадым теңеу шарқ ұрып.
Махаббат оты сөнбейді,
Кетсе де теңіз тартылып.

Кетпес қой теңіз тартылып,
Құламас жартас, тауың да.
Сырғиды уақыт білінбей,
Кұм көшкендей дауылда.

Хош, енді, хош бол, сүйіктім.
Бақытты бол, мұңайма.
Оралармын өзіңе,
Өткенімен жыл, айлар.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: A red, red rose

Мұхтар Айзат, 8-сынып оқушысы. 15.05.2008
Әрі қарай

Астана әкімі «Тұлпар» СО-дағы жалға берілетін орындар төлемінің қымбаттауын талқылады

Астана жаңалықтары: Астана әкімі «Тұлпар» СО-дағы жалға берілетін орындар төлемінің қымбаттауын талқыладыБүгін Астана қаласы әкімдігінің кезекті аппарат жиналысында қала өміріндегі бірқатар маңызды мәселе қарастырылды. Атап айтқанда, «Тұлпар» сауда орталығындағы жалға берілетін орындардың ай сайынғы төлемінің қымбаттауы талқыланды. Жақында аталған сауда орталығының жалға алушылары басшылықтың ай сайынғы төленетін төлемақының доллар курсының өсуіне байланысты көбейтіп отыратынын айтып, өз наразылықтарын білдірген болатын. Атап өту керек, мұндай жағдай қаланың басқа сауда орталықтарында да болған. Елорда әкімі жалға алушыларға ниеттестік білдірді. «Долларға мүдделі болудың бұған қандай қатысы бар? Жалға берілетін орындардың төлемақысына доллар курсы қалайша әсер етеді? Жалға алушылар саудадан түскен ақшаны тек қана теңгемен алады, ал төлемақыны доллармен төлеуге міндетті. Осының барлығы баға саясатының тұрақсыздығына әкеліп соғады», — деді Ә.Жақсыбеков және арнайы жұмыс тобына осы мәселенің шешімін тауып, қажетті түсіндірме жұмыстарын өткізуді тапсырды. Елорда басшысы қаланың жол жиектеріндегі ақылы тұрақтардың жеткілікті болуын ұйымдастыруды тапсырды, бұл өз кезегінде қаладағы жол қозғалысы трафигіне оң әсерін тигізуі қажет. Бұл үшін шетелдіктердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттеп, ішкі аумақтар, мектеп айналасы, ЖОО және басқа да әлеуметтік нысандар трафигіне көңіл бөлу шарт. Шағын және орта бизнес дамуының көптеген мәселесі, сонымен қатар автотұрақтардың құрылысы әлі толықтай бір ретке қойылмаған жер телімдерін аукционға шығару механизміне келіп тіреледі. Ә.Жақсыбеков ағымдағы ережелерге тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды, оларды жеңілдірек, түсінікті әрі анық және ең бастысы бүгінгі күнге, жаңа экономикалық саясатқа сәйкес қылып жасауды тапсырды. Әкім мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлердің жағдайларына ерекше тоқталып өтті. Бұл жерде түйткілді мәселелер көп. Кейбір салушылар қосалқы трансформаторлық бекеттерді, қазандықтарды және басқа да қосалқы нысандарды уақытында қала балансына бермейді. Бұл өз кезегінде пәтерді сатып алу мен күту бағасына тікелей әсерін тигізеді. Үй аумақтарының абаттандырылуы мен үй асты орындарының басқа мақсаттарда қолданылуы тұрғындардың арыз-шағымдарын туғызуда. Ә.Жақсыбеков аталған нысандарды аралау барысында бірқатар ескертпені айтып, тез арада бұл кемшіліктердің орнын толтыруды тапсырды.

сілтеме
Әрі қарай

Астана емханаларында ашық есік күндері өтуде

Астана жаңалықтары: Астана емханаларында ашық есік күндері өтудеАстананың барлық емханаларында 20-30 қыркүйек аралығында ашық есік күндері өтіп жатыр. Іс-шара дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алуға арналған онкүндік аясында өтуде. Шара аясында дәрігерлер жүрекке және өкпеге аускультация әдісін пайдаланады, артериалдық қысым, қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін өлшейді. №1 және 2 қалалық емханаларда 25 қыркүйекте сағат 9-дан бастап ашық есік күндері өтеді. Онкүндік аясында №3 қалалық емхана 23 қыркүйекте келушілерді қабылдайды. Сонымен қатар 22 қыркүйекте №4 емханада дәрігер мамандарының кеңес беруімен ашық есік күндері өтеді. Сондай-ақ 23 қыркүйекте №9 және 10 қалалық емханаларда да ашық есік күндері өтеді.

сілтеме
Әрі қарай

Бес мыңнан астам елордалық Денсаулық фестиваліне қатысады

Астана жаңалықтары: Бес мыңнан астам елордалық Денсаулық фестиваліне қатысады

Қыркүйектің 5-де Астана қаласында « Денсаулық фестивалі – 2015» шарасы өтеді.

Фестиваль аясында шамамен 5 мың адам қатысатын бұқаралық жаппай жүгіруден жарыс ұйымдастырылмақ. Іс-шара аясында саябақ ішінде денсаулық қалашықтары орнатылады, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары қандай да бір медициналық мәселелерін шешуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ қант диабетін және басқа да ауруларды тексеруге шұғыл тесттер өткізіледі, мұнымен қоса қан қысымын өлшеп көруге де болады. Ақпараттық-біліми материалдар таратылады, денсаулығыңыз жөнінде кеңестер беріледі.

Сонымен қатар, бұл күні саябақта спорт ұжымдары (күрес, таэквондо, каратэ, ұлттық күрес және т.б.), эстрада әртістері, көркем шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Жаппай жүгірістің жеңімпаздары салттанатты түрде дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Атап өтейік, «Денсаулық фестивалі» 1999 жылдан бері қыркүйек айының бірінші жартысында дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Денсаулық фестивалі – халық арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және дәріптеу, соның ішінде дене белсенділілімен және спортпен шұғылдану, тиімді тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және өз денсаулығына деген үлкен жауапкершілікті сезіндіру болып табылады.

Осыған орай, 2015 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 11.00-де Астана қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз залында «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен өтетін «Денсаулық фестивалі – 2015» республикалық кең ауқымды акциясын өткізуге мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Құрбан айт Астанада: НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

Астана жаңалықтары: Құрбан айт Астанада: НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

24.09
Елорда мешіттерінде сағат 7:45-те айт намазы

25.09
«Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «Сәдуақас Ғылмани» мешіттерінің ауласында жалпы жұртшылыққа арналған мерекелік жәрмеңке;
Ұлттық спорттық ойындар сайысы;
Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы;
Қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты рухани кеші.

24-26.09
Астана мешіттерінің қызметкерлері қаладағы мұқтаж жандардың үйлеріне арнайы барып, айт мерекесімен құттықтап, азық-түлік және құрбандық еттерін таратады;
Ауруханалардағы сырқат жандардың көңілін сұрап, айттық сыйлықтар тарту етіледі;
Қала мешіттерінің қызметкерлері Астана әкімдігімен бірлесе отырып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіреді.

Астана қаласы әкімдігі бекіткен мал сою орындары:
1. «Алтын таға» базары (Қосшы),
2. «Пищекомбинат-Астаналык плюс» ЖШС, Дулатов к., 191;
3. «Нұрбереке 555» ЖШС, «Алаш» тас жолы, 30 («Көк базар»);
4. «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы);
5. «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана-Павлодар» тас жолы, 9 км;
6. «Темеш» шаруа қожалығы, «Астана-Софиевка» тас жолы, 7 км;
7. «Есжанова А.» ЖК «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі («Алаш» базарының артында);
8. «Мақсат -2007» ЖШС, «Теміржолшылар» ТА, Ақжар к., 20.

Тәкбір тәшриқ
Арафа күні таң намазының парызынан кейін басталып, Құрбан айттың төртінші күні екінті уақытына дейінгі болатын әрбір парыз намаздың соңынан мына дұғаны оқу уәжіп саналады:
«Аллааһу әкбар, Аллааһу әкбар, ләә иләәһә иллаллааһу уаллааһу әкбар, Аллааһу әкбар уа лиллааһил-хамд».

Чемпиондар Лигасы 2015/2016 1-тур A,B,C,D топтары

Футбол, тек қана футбол!: Чемпиондар Лигасы 2015/2016 1-тур A,B,C,D топтары

ПСЖ (Франция) — Мальме (Швеция) — 2:0
Реал (Мадрид, Испания) — Шахтер (Украина) — 4:0
Вольфсбург (Германия) — ЦСКА (Ресей) — 1:0
ПСВ (Голландия) — Манчестер Юнайтед (Англия) — 2:1
Галатасарай (Түркия) — Атлетико (Испания) — 0:2
Бенфика (Португалия) — Астана (Қазақстан) — 2:0
Манчестер Сити (Англия) — Ювентус (Италия) — 1:2
Севилья (Испания) — Боруссия (М, Германия) — 3:0

Әрі қарай