Н.Назарбаев: Астана келбетінен әр уақытта да ерекше сезімге бөленеді

Астана жаңалықтары: Н.Назарбаев: Астана келбетінен әр уақытта да ерекше сезімге бөленедіОтандық телеарналарға сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана келбетінен әр уақытта да ерекше сезімге бөленетіндігін айтты.

«Астанаға көз салған әр сәтімде де ерекше сезімге бой алдырамын, тіпті өз көзіме өзім сенбеймін десем де болады. Міне, осы қазір біз отырған жерде 2004 жылы қамыс қаулай өсіп тұрған еді. Есілдің бұрылар тұсы, Ақорда тұрған жер батпақ, адам бойынан асатын қамыс өскен және иен дала, ештеңе жоқ еді. Шағын ғана ұшақтар қонатын кішкентай ғана әуежайы бар болатын. Ал қазір қараңыздаршы, түнде келе жатсаң барлығы да самаладай жарқырап тұр. Ұшақпен төңіректі шолып шықсам, қаланың төңірегі жайқалған орманға айналған», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы елорданың бой түзеуіне, Қазақстанның дамуына өзінің зор үлес қосқанын атап өтті.

«Біз осы жылдардың ішінде мүлдем жаңа Қазақстанды құрдық, жаңа буын жасадық», — деді ҚР Президенті.

inform.kz/kaz/article/2849737
Бөлісу:

2 пікір