Инстааналар-2 немесе ғарыш балалары

Былтыр блогиада аясында инстааналар туралы жазған едім. Одан бері көп нәрсе өзгерді. Dubsmash секілді қосымшалардың шығуына орай инстааналардың қарапайым аккаунтынан инстаграмның кішкентай жұлдыздары пайда бола бастады. Бәлкім біразыңыз білетін де боларсыз, ал инстаграмда көп отырмайтындарыңызға ватзаппен келуі де, тіпті оларды теледидардан да көрген болуыңыз бек мүмкін. Жұлдыздардың 50 мыңнан аса фолловерлері, фанаттары бар. Осы жерде отыратын бір де бір қазақ блогері ондай жетістікке жетпеген ;) Ал енді оларға кезек берсем.

1. @tolganay.bolataeva, 29.9k фолловер

Толғанай 7 жаста. Ол ағасы Дидармен бірге Dubsmash қосымшасында видео жасап, жариялап тұрады. Олардың танымал видеолары мыналар:





«Дайын дыбысқа ауыз жыбырлату да өнер болып па?» дерсіздер. Заман сондай болса, қайтейін енді? ))) Dubsmash әзірге бүкіл әлемге дерт болып тарап кетті.

Толғанай мен Дидар вайнерлер арасында танымал. Қарашада болған қазақстандық вайнерлердің сыйлығы Vine Award KZ байқауына арнайы қонақ ретінде шақырылды.

2. @aminokka, 56.1k фолловер

Әңгімені әріден бастасам, Арай және Роман атты жұптың Әмина, Әдия, Аружан есімді үш қызы бар. Күн сайын аталмыш парақшада осы үш кішкентайдың үй жағдайында түсірілген видеолары жарияланып тұрады. Қазақстанның ең кішкентай Dubsmash-шылары үлкенге бергісіз, құдды актриса дерсің:







Ал негізгі бұларды кенет инстаграмда атақты қылған алғашқы видеолары «Че там брат, че там» мемі:



Қыздар қазақша тв бағдарламалардың көбіне барып болды. Инстаграмда бір емес, екі фан клубтары бар, Карл. Ендігі каменттерге сенсек, бұл қыздарды Малахов іздеп жатыр екен. Не дейміз, сәттілік.

3. @ai_did, 57.1k фолловер

2 жасар Дина есімді тәтті қыз әдейілеп әзіл түсіріп бас қатырған емес, оның аты мына видеосы инстаграмдағы әзіл видеолар жариялайтын парақшадан көрінген соң шыққан болатын. Өкінішке қарай, ютубтан таба алмадым. Сонымен, анасы мұңлы ән айтқанда жылап жіберген видеодан соң, жөніне жүрген кішкентай қыздың фолловерлер саны күрт артты.

ОҒМ жазбалары: Инстааналар-2 немесе ғарыш балалары

Оның сүйкімді суреттерін қолдан салып беретін фанаттары пайда болды.

ОҒМ жазбалары: Инстааналар-2 немесе ғарыш балалары

Ал Дина көз алдымызда өсе бастады. Тіпті көзқарасы да ересек.

ОҒМ жазбалары: Инстааналар-2 немесе ғарыш балалары

ОҒМ жазбалары: Инстааналар-2 немесе ғарыш балалары

Түрлі кастингтерге барып, балаларға арналған журналдарда фотолары жарияланып жүр. Шынашақтай ғана модель.


Бұл балалардың ең кішкентайына дейін камерашыл. Өздерін түсіріп жатқанын көрсе, сәлем жолдап, сөз сөйлей қояды. Үнемі көпшіліктің көз алдында.
«Сіз балаңыздың балалығын ұрлап жатырсыз» депті инстаграмдағы бір пікірші Динаның мамасы Айгүлге. Кішкентай балапандардыкі жоғалған балалық па, әлде жанған жұлдыз ба, бұл туралы топшылауды Сіздерге қалдырдым.
Бөлісу:

2 пікір

merekeee
Үш қыздың мамасының кеше сұхбатын естіп қалғам: «Балалық шақтары ертегі сияқты болса, со ертегінің кейіпкері өздері болып, жарқын естелік сақталса» деген. Осы жауап дұрыс деп ойлаймын.
MERmukhanov
:) Дети — сорняки жизни