Қызық қарым-қатынас

Кеше пірәпесірдің ұлының жүріп жүрген қызының, яғни, болашақ келін баланың үйіне қонаққа барғанбыз. Сондағы Татьянаның өзін-өзі емін-еркін ұстағаны ұнады. «Болашақ қайын атам келді» деп сасқалақтап жүрген жоқ. Жақсы қыз екен былай. Біздің атай да өзі тым қарапайым кісі ғой. Қызықтың көкесі шай ішіп болған соң басталды.
Әрі қарай

Жазым болса быламыққа тіс сынады

Тәтесстің, қазақтың мақалдарының растығына тағы да көз жеткізіп отырмын. @balzaminka айтпақшы, «4 адамның жұмысын істеп» шапқылап жүргенде аяғымды қайырып алдым. Кәдімгі жазық жерде. Әуелі жай сіңірі созылған болар деп мән бермегем. Әріптесіміз шақырған ауыз ашарға дейін барып, одан үйге келгесін тұзды суға салып-салып, юхыға жата кеткем. Сөйтсем, жаным көзіме көрінді. Аяғымды қоярға жер таппай, ауаға "іліп" қойдым. Сөйтіп, бәрібір юхы жоқ болғасын, көңілім біраз бөлінсін деп, агентке кірдім. @altygradus дәрігерге көрінген дұрыс деп, тағы бір танысым жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.
Әрі қарай

"Жаужүрек мың бала" фильмінің арнайы сайты

Киностан сайты «Жаужүрек мың бала» фильміне арналған арнайы сайт ашты. Бұл сайттан фильм туралы барлық ақпаратты таба аласыздар. Фильм туралы, түсіруші топ туралы, трейлер, жаңалықтар, сұхбаттар, фотогалерея барлығы осы сайтта.



mynbala.kinostan.kz
Әрі қарай

Еркектер қандай әйелдерді ұнатады?

Оcылай екен...: Еркектер қандай әйелдерді ұнатады?Сонымен, еркектерге ұнайтын әйелдің жиынтық бейнесі қандай екен?

Шашы

ИӘ: еркектер талғамының биік шыңында иықтан сәл төмен түсетін, әдемі, жұпар аңқыған, сәл толқынды бұйрасы бар шаш тұрады екен. Шаштың түсіне қойылатын талап бір жерден шықпайды, алайда, шаштың түсі шаштаразда боялған емес, табиғи болғаны абзал. Шаш қою үлгілері арасында каре мен жинақы кешке лайық шаш үлгілері басым тұр. ЗЫ:
Әрі қарай

500 бірлік ұтып ал да, шашыңды жұлып қуан!!!

«Кейігім келіп тұрғасын кейіп тұрмын да!» — деп кейіді Ол сонда". ©Евангелие от Амандық, псалом "Құрыған адамдарға", стих 32:64

Бәйгеде — «Activ» 500 бірлік.
Шарт: кім бірінші шешсе, жүктеп алған соң, 13 санды осы жерге жарияласын.
Әрі қарай

Олимпиада костюмы таныстырылды


Олимпиаданың ашылуында қазақстандықтар не киіп барады? Осы сауал кейбір спорт шенеуніктерін және 1-2 дизайнерді мазалайтыны рас. Биыл не киетініміз жақында белгілі болыпты. Тәңріжаңалықтары сайтының хабарлауынша биылғы киім үлгісін Құралай Нұрқаділова деген модельер дайындапты. Модельердің айтуынша бұрын қазақстандық спортшылар классикалық үлгідегі киіммен шығып жүрген екен. Ал бұл жолы классикамен спорттық үлгі араластырылған. Еуропалық стильде жасалынды дейді Құралай. Туымыздағы көк және сары түстер қолданылған. Ал бас киім және күртешедегі KAZAKHSTAN жазуы біздің қай елден екенімізді анық көрсетеді, бұл осы костюмнің басты ерекшелігі дейді модельер. Сондай-ақ костюмге Азиада талисманы барыс та қосылған.
Әрі қарай