Олимпиада костюмы таныстырылды


Олимпиаданың ашылуында қазақстандықтар не киіп барады? Осы сауал кейбір спорт шенеуніктерін және 1-2 дизайнерді мазалайтыны рас. Биыл не киетініміз жақында белгілі болыпты. Тәңріжаңалықтары сайтының хабарлауынша биылғы киім үлгісін Құралай Нұрқаділова деген модельер дайындапты. Модельердің айтуынша бұрын қазақстандық спортшылар классикалық үлгідегі киіммен шығып жүрген екен. Ал бұл жолы классикамен спорттық үлгі араластырылған. Еуропалық стильде жасалынды дейді Құралай. Туымыздағы көк және сары түстер қолданылған. Ал бас киім және күртешедегі KAZAKHSTAN жазуы біздің қай елден екенімізді анық көрсетеді, бұл осы костюмнің басты ерекшелігі дейді модельер. Сондай-ақ костюмге Азиада талисманы барыс та қосылған.


Ақпарат: tengrinews.kz/local_sport/216764/
bk
Бөлісу:

94 пікір

asaubota
Құралай қатігез екен!
Abilakim
Онша емес тәрізді. Азиада кезінде өтпей қалған барыстарды мында тығып жатқан секілді. «Балбаланың» ойыншықтарын қоса ұстап шығуға кеңес беремін
asaubota
көзілдіріктер қандай, ә?!
Abilakim
анау белін ұстап тұрған қыз біздің Қарағандының шығыс базарында тәшкемен ыстық шай сататын тәтеге ұқсайды екен.киімі де,әшкиі де тіпті, бет жүзі де
asaubota
ана кісі де акиматта бір басқармада бөлім бастығы біреу сияқты
alisha
Қыздың іш майын «Міне, көр!» дегізгендей екен мына киімі Ұнаған жоқ…
Abilakim
спортсмен қыздарда іш май жоқ шығар
alisha
спортсмендерді емес, суреттегі қызды айтам…

Спортсмендерде неге май болмайды, ауыр атлеттеріміз бар мысалы
mercedes
қыз да әдемі(әйел) ғой. Былай қыз да шамалы толық болса сүйкімді болады маған
asaubota
KAZAKHSTAN жазуы біздің қай елден екенімізді анық көрсетеді

patick
KAZAKHSTAN жазуы біздің қай елден екенімізді анық көрсетеді
Rafaello
Особенностью является то, что на куртках и кепках идет принт Kazakhstan, который, по ее мнению, достаточно хорошо позиционирует страну.
Daniar-Alan
соның өзінде KZAKHSTAN болып кетті дейсіз ғой…
a63a1
ана көзілдірік шалдың бетін одан сайын салпитып жіберген екен!
alisha
Агроном, әрі кетсе ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары сияқты…
a63a1
бұғақты айтсайш, бұғақты! Соның өзі біраз шаруаны айтып тұрғой
alisha
Кімді айтсаң, сол келеді деп… Кеше Керекте Нұрқаділованың тегі аталып еді, тегін емес екен

Папалар да сөз болды
GulL
Осы бір барысқа ішім жылымай-ақ койды…
Анда да мында да пихать етіп, басқалар өз елінде өткен азияданын символын алып жүрген жоқ қой
e_zhalgas
галстукты айтсайш
saginaeva
Негативті модельдер туғызып отыр. Егер әдемі, сымбатты қыз бен келісті, тұлғалы жігіт киіп көрсетсе мына киімдерді осындай жаман көрінбейтін сияқты.
Rafaello
Профиліңіздегі суретке қарап

Пікіріңізге қосыламын, сіздей сұлулар кисе басқаша көрінер ме еді?
mercedes
Лібә мынаны Рафаелло жазғасын өтірік шығар деп отсам дереккөтке қарамай

Геморойы шыққан барысын тықпалағаны несі Патриоттар лібә
Rafaello
Дезадан жалықтық дедім ғой
Daniar-Alan
жалықтық
әлде сіз екеумеңіз?!!
satibaldi
Құсық епті. Жаңадан сатып алынған пластик терезенің ленталары сияқты лібә жазбалары. Кура — ты аццтой!!!
qisyq
Мына жерде басқа мемлекеттердің киімдері көрсетіліпті. Жамайка ұнады, сосын мынау есіме түсіп ұялып кеттім…
Rafaello
Ең алғашқы форма. 2004 жыл

ken
2004?
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде алғаш рет жазғы олимпиада ойындарына 1996 жылы қатысқан жоқ па еді? Атлантада өткен болатын.
Rafaello
Бұрын тек униформа берілген. Ал арнайы шерулік киімге алғаш рет 2004 жылы тендер жарияланған.

kaz-olympic.kz/2004_athens/0807.shtml
Zevs
Көріп, жүрегім айнып кетті десем сенбейтін шығарсыңдар. Әсіресе анау,«маған қара» деп тұрған мес қарын
Zevs
фигурасы ат болып тұрған бір қызды көрсете қойса қайтеді а? Рухымызды түсірмей! Дизайн онша емес
meirzhan
Мәселе әлгі моделдерің мүсінінде емес, киімінде боп тұр ғой. Әлгі модельдердің Лондонға бармайтыны белгілі.
Abilakim
Рухыңның фигурамен көтерілетіні қызық екен))
Janasil
meirzhan
Кореяныкі ғана жақсы екен. Қалғандарында қуғынбайлық басым. Әлде сондай тренд пе екен біз түсінбейтін…
Adiletshu
Неге толық модельдерді алған?
Gastarbaiter
Ештеңе айта алмайм. Оларды сынайтын хальде емеспін. Жолдары болсын!
bazuka
Корейлердің сызылған қыз сияқты модельдерінен жақсы ғой, масқара болып тұрған түгі жоқ, ана киімдегі жазулар болмаса
bakhyt
түк ұнамады. Қарасаң, көзді ауыртып, миды жалықтырып жіберетіндей көрінеді біздікі.ФУУ
Gulzhanat
Кто ты такой?

Фэйсбуктен алдым.
asaubota
кеше өз көздерімен көріп келгендер айтып жатыр "өте нашар" деп
asaubota
жүргізушілер жаңалықты оқыған кезде күліп отыр

1tv.kz/news/video/27062012/glamur
MickThatsMyNick
жарылайын деп отыр ғо
ПыСы: Диктор жұмысы оңай емес!
asaubota
Серік Сапиев қатты айтып тастапты tengrinews.kz/allsports/216836/
omarbirat
Біржан Жақыпов та үлкен болып қалды деп жатыр дейді.
asaubota
бірақ Құралай бұған да жауап беріп үлгеріпті. киімдер ауысып кетіпті, дизайны жақсы деп жатыр дейді
tengrinews.kz/allsports/216900/
b-asan
Almas Kebispaev: Sizden (elbasi) artik akelik kamkorlikti ewkim jasap otirqan jok.
b-asan
Elbasimen kezdesuden keiyn jeniske deqen kuwtarliqi oyanip ketken baluan Akesine ne aitar eken endi
mercedes
Алмас емес Алмат
alisha
Мына фотодағы жігіт туымызды ұстап шығатын Тінәлиев емес пе осы? Кеше ТВ-дан көзім шалып қалды, көзілдірік тақса осы жігіттен айнымайды екен
mercedes
жоқ ол емес
alisha
Білмеймін, көзілдірігін шешіп қарайтын екен
Пікір өшірілді
alisha
осыған анау көзілдірікті кигізіп қараса, пошымы келетін сияқты ғой… ә жоқ, ананың беті жалпақтау екен
mercedes
админ мына суретті өшіре салшы өтініш
alisha
Мұрынның боғына қарағанда құлақтың құлығы пайдалы негізі Әсіресе, ұшық шыққанда таптырмайтын дәрі
sammita
ұшыққа құлық жақса ем бе, білмеппін))))))
alisha
Иә, дәрігер жеңгем айтты, құрамында күкірт бар, соның әсерінен дейді… анау-мынау мазьдарды он орайды деп естідім, бірақ соны естігеннен соң ұшық шықпай қалды
AKY
ол күкірт қайдан шыққан? құлақты шырпымен тазалағасын ба?)))
alisha
 басына мақта орамаушы ма ең?
mercedes
құлақтың құлығы деген не нәрсе?
sammita
құлақтың боғы.
Gastarbaiter
Жынды тақырыптар қозғапсыңдар ғо. Керекинфо өз стилінде нақ))))))
Daniar-Alan
сағынып келіп оқыған жынД ия?
salta
Мына киім тошно спортсмендерге арнап тігілмеген, олимпиаданы көруге баратын қарны салпиған шенеуніктерге арналған секілді, осыншама ұсқынсыз модельдерге кигізіп қойғанына қарағанда о бастан-ақ халықтың көздері үйрене берсін дегендері шығар шешессс…
asaubota
ОРт Евразиядағы видеоға қарасақ Құралай бұл киімдер әзірше спортшыларға арнап шығарылған, кейін халыққа сатуға да шығарамыз дейді
salta
қазір айтамыз, бірақ кейін үйреніп кетеді көзіміз. как всегда
meirzhan
Фотодағылар модельдер емес
meirzhan
Бәлкім киімді басқа модельдер ұсынғанында қоғам басқаша қабылдар ма еді.
Rafaello
Мәселе модельдерде емес дизайнда.
meirzhan
қайдам, сынның көбі мына орта есепті адамдарға айтылып жатыр ғой. Дизайнға конструктивті сын аз айтылды. Бәрінің айтатындары бастық ағашка мен очки туралы.
Janasil
Жақсы әкенің абыройы қызына біраз жылға азық деген.
erkekiz
Бірінші рет пікір жазып отырмын. Керекинфоға ешқашан жазған емеспін, тек оқығаным болмаса.Суреттегі екі адамды әбден жамандап, күнәларын өздеріңізге алдыңыздар ғой. Суреттегі қыз Ғазиза Райымбек, ал ер кісі Ұлан Тәліпбай. Екеуі де журналист, осы форма туралы сюжет әзірлеген.Сол кезде суретке түскен. Олар ешқандай модельер немесе өздеріңіз айтқандай «Агроном, әрі кетсе ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары» емес… Мән жайды біліп, талқыға салайық. Спортшыларға бастысы киім емес, нәтиже!
alisha
Шыны керек, танымадық.

Бірақ, «Бастысы киім емес, нәтиже!»,- деп өзімізге басу айтудың қажеті жоқ шығар.
Бастысы ол болмаса, ешкім оған маңызды нәрсе ретінде қарап бас ауыртпаса, осыдан 4-8 жыл бұрынғы формамен шығара берсін ендеше… Ал енді бұған қаражат шығындап /қанша екенін Сатекстің қойы біліп пе?/, даңғыра жасап жатыр екен, көрген көзді жазғырудың жөні жоқ.

Ал шынтуайтына келгенде маған дегенде біздікілер жапырақ жамылып шықсын, бәрібір жанкүйер боламын, бәрібір тілеуін тілеймін!
meirzhan
Сатекстің қойы біліп пе?
сұмдық ))
Gastarbaiter
Өзіңде жоқ болса, солай біреудікін қарызға алып, түрлі лингвистикалық амалдарға жүгінуіңе тура келед))))
erkekiz
Оның үстіне мына форма тек парадныйға арналған. Ал, спортшылардың жарысқа киетін киімдері бөлек.
erkekiz
Біздің формадан да сапасы төмен тігілген киіммен келетіндер бар. Менің ойымша, мына форма алдыңғы қатысқан 4 олимпиаданың киімінен тәуір. Сыртынан киетін куртка кожаный, бұл Тұманды Альбионның ауа райына лайықталып тігілген. Ал, спортшылар киім туралы мнение айтып, «жұлдыз» болып, өздеріне пиар жасағанша жарысты ойласыншы. Уақыт өтеее аз қалды. Уәдені үйіп төкті ғой Ақордаға барғанда… Сәттілік тілеймін Қазақстан құрамасына!
bazuka
Ал, спортшылар киім туралы мнение айтып, «жұлдыз» болып, өздеріне пиар жасағанша жарысты ойласыншы. Уақыт өтеее аз қалды. Уәдені үйіп төкті ғой Ақордаға барғанда…
ох еркеқыз тап осы жерде сізге ырза бокалдым
Rafaello
Сәттілік тілеймін Қазақстан құрамасына!

Сізге де сәттілік, Құралай!
erkekiz
Қырғыз бауырларымыздың Лондонда киетін киімдерімен таныс бола отырыңыздар — www.alaman.kz/?p=35862
AyaulymToleubek
ияяя қуантарлық үлгі емес, бұнда модель іспетті адамдардың еш қатысы жоқ, киімнің өзі онша емес. сөмкелері былай жақсы екен аяқ-киімдері де жаман емес. бірақ киімдегі тудың түсіндегідей жолақтар қажет емемс еді. оның устине күртешелері мүлдем келмейді. ашық түске өң беретін бір қою бояулы түс қосу керек пе еді?! Мысалғы 2004 жылғы формада әйел адамның көйлегі қою көк түс ол жанағы ашық көк түсті пиджакка өн беріп тұр.
zholantai
-суреттегі екі мОДельдің орнында болғым келмейді,
Onlasyn
Ыпынсыз болса да құтты болып тұр