Еркектер қандай әйелдерді ұнатады?

Оcылай екен...: Еркектер қандай әйелдерді ұнатады?Сонымен, еркектерге ұнайтын әйелдің жиынтық бейнесі қандай екен?

Шашы

ИӘ: еркектер талғамының биік шыңында иықтан сәл төмен түсетін, әдемі, жұпар аңқыған, сәл толқынды бұйрасы бар шаш тұрады екен. Шаштың түсіне қойылатын талап бір жерден шықпайды, алайда, шаштың түсі шаштаразда боялған емес, табиғи болғаны абзал. Шаш қою үлгілері арасында каре мен жинақы кешке лайық шаш үлгілері басым тұр. ЗЫ: қазақтар шолпы байланған қос өрім деп қосып қоюына болады.
ЖОҚ: өсіп кеткен шаш түптері, «сұмдық көрінетін мелирование» (не сары емес, не қара емес, түсінксіз бірдеме"), пісуі өтіп кеткен кәдіге ұқсайтын немесе Диснейдің мультигіндегі су перісінің қызының қызыл шашы сияқты сұмдық түстер. Ерлер қауымының ойынша, ер бала сияқты тым қысқа қидырған шаш тек өте нәзік, көзі бақырайған жұқа қыздарға ғана жарасады екен, қалғандары классиканы таңдағаны дұрыс. Ал биік «бабетта» тектес шаш үлгісі мен сол сияқты "қасқан" прическалар еркектердің есіне кеңес дәуіріндегі дүкен сатушыларын, ал кем дегенде әжелерінің жас кезіндегі фотосуреттерін түсіреді екен.

Макияж

ИӘ: табиғилық және жүз қайтара табиғилық (оның астарында қанша тонна косметика жатқанын өзіміз ғана білеміз ғой). Тым ашық түсті ерін далабын күнделікті емес, анда-санда ғана қолданған жөн.

ЖОҚ: жалғанған кірпіктер (әсіресе жылтырақтар, тастар жабыстырылған болса), айғайлап тұрған «ніл бояулар», тым әппақ опа, және, бір таңқаларлығы, ерінге арналған жылтырақ далап ("қазір бір шыбын келіп қонып, жабысып қалатын сияқты" немесе көбінесе «ерінге сүйкімсіз тиеді» дейді екен еркектер). Және олардың ең жақтырмайтыны: «солярийден жаңа шыққандай, тері түстес ерні бар шашы әбден күйіп кеткен пергидроль гриль қыздар, әсіресе ерніне силикон толтырылған, ал кірпіктері іртік-іртік жарты тонна тушьты әрең көтеріп тұрған бикештер» екен.

Маникюр

ИӘ: күтілген, табиғи түріндегі тырнақтар, қою түсті лак жағуға болады (тек сурет салдырмай) және ұзындығы орташа болуы тиіс. Педикюр: тіптен керек, әсіресе қасықтай кішкентай аяқ пен сүйкімді туфлимен үйлесіп тұрса.

ЖОҚ: дәәәу қылып қолдан өсірілген үшкір тырнақтар, тырнақ маңындағы қатып қалған тері мен фрэнч маникюр ("әдемі сияқты, бірақ бәрібір бір түрлі").

Киім

ИӘ: әйел мүсінін айшықтап тұратын және кешке киетін көйлектер, ресми стиль (шалбармен де, юбкамен де), фигураға тура тұратын джинсы шалбар. Жалпы, бастысы киімнің бәрі бір-бірімен үйлесіп, жарасып тұрғаны. Етегі жырық көйлек киіп алған еркекшора қыз бен жүн-жүн құлаққап тағып, қысқа күртеден кіндігі көрініп тұрған вамп-қатынның бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ. Екеуі де күлкілі көрінеді.

ЖОҚ: ауа райына лайық емес киім: аязды күні қарны жалтырап жүрген қыздар мен көктемнің шуақты күнінде тонға оранып алған бикештер бірдей жағымсыз көрінеді. Сондай-ақ, еркектер бридж сымдарға, стринг лыпаның рәзеңкесі көрініп тұрған мықыннан төмен шалбарларға, әйелдің мүсініне лайық емес қысқа юбкаға, «жетім қыздың» стиліне, суреті бар колготкиге («тыртық сияқты көрінеді»), жүні сыртына қаратып тігілген қысқа жең күртелерге («гномдарға ұқсайды»), афгани стиліндегі шалбарларға («астынан памперс киіп алған сияқты»), жазуы бар майкаларға ("үйде ғана киген орынды") қырын қарайды екен.

Аяқ киім

ИӘ: ашық босоножкалар, орташа биік өкшесі бар туфли, биік қонышты етік — жалпы, бәрі баяғыдай.

ЖОҚ: UGG етіктері («орманға серуенге барғанда болмаса»), кеды, «казаки» және үлкен, ебедейсіз бәтіңке, платформа табанды аяқ киім («аяғы қисайып, құлап қалатын сияқты»), балетка және мокасиндер.

Аксессуар

ИӘ: сәнді салпыншақты алқа мен білезік, классикалық стильдегі сумка, шағын сырға мен сақина ("қолдары күтімді әрі әдемі болса").
ЖОҚ: дәу, ауыр сырға («салбырап тұрған сырғалық сұмдық көрінеді»), жарты бетті жауып тұратын көзәйнек, бірнеше қабат қылып оралған тоқыма бөкебай ("әсіресе жалаңбас болса және қарны жалтырап тұрса"), тым үлкен қоржын дорба немесе кішкентай түк симайтын сумочка, қос-қостан тағылған алтын әшекейлер («совдеп дүкендеріндегі сатушыларға ұқсап кетеді»).

Мүсіні

ИӘ: әдемі, құлын мүшесі көзге ұрып тұрған, шамалы спортшыға ұқсас болса. Әйелдің салмағы емес, бастысы форма мен пропорция.

ЖОҚ: салбырап кеткен сары қарын (бөксесі бұлтиып тұрғанға базар жоқ), жиырылып қалған сан еттері. Бұдан қорқыныштысы тек сүйегіне терісі ілініп, көзі бозарып, беті көгеріп тұрған қыз ғана (ондай қызды тамаққа тойдырып, өзін ғана жатқызып ұйықтатып қойғысы келеді екен еркектер).

Солай да, солай, қарағым. Қанша тыраштансақ та, бұл ерлер қауымының талғамынан шыға аламыз ба, жоқ па, өзі?
Алып-қосарларыңыз бар ма?


мына жерден ықшамдалып қотарылып алынды
Бөлісу:

95 пікір

satibaldi
Медиақоқыс. Кейде мұндай мақаланы бір күнде үш газеттен, екі журналдан оқуға болады.
dark_nazgul
бір күнде екі газет, үш журнал оқымайтын мен сияқты бейбақтар аз емес шығар.
Gastarbaiter
Космополитен мен Лизаның тұрақты оқырманысыз ба?
Құсық бәрі.
Еркектер әртүрлі әйелдерді ұнатады.
dark_nazgul
Космолитан мен Лизаны оқымаймын деп бір рет жаздым ғой. Қырт екенсің.
Armanjan
қыздың аяғы түзу болса, ең бастысы сол,  қалған макияж-сакияждары өз орнымен бола беретін нәрселер ғой.
Abilakim
аяғымен қатар төсінің де уыс толтырарлық болғанын қалайтынымыз жасырын емес қой
Daniar-Alan
осы Әбекең төс турасында көп жазад ше…
Abilakim
Сәби кезімде, мені туғанда анамнан бірер күн сүт шықпаған тәрізді, немесе мені жарыта алмаған ғой деймін.содан палатадағы бір әйелдің өсін еміппін.Бөтен әйелдің төсіне қызығушылығым содан бері келе жатыр. Ол кісінің қызы бізбен оқыды.сүт анам ғой қанша дегенмен ол кісі де.
ken
иә
Gastarbaiter
Көтің сия
ken
қалай кетірем?
Gastarbaiter
Ол сенің проблемаң. Көтіңнің тағдырын шешуді маған қалдырғаның не, азғын)))
Marationok
Меніңше, сен оның көтін тағдырлатқансың* ғой… сиясына дейін білгеніне қарағанда… әлде керісінші болған ба
ken
ей, менің к*тімде нелерің бар-ей?
Marationok
Мен емес-ей  Маған жауап жазғаның не? Гастарбайтер сенің көтіңді армандап жүр, барлық наразылығыңды Гастарбайтерге айтарсың
Daniar-Alan
бля Кен… незавидую… біреуі түсінде көред… екеуі сенің к*тіңді армандайд… шешесс
Marationok
Данияар Алаң, епті. Азғын қиялыңды бір жеріңе салып қойшы. Өзім девственник едім, мұндай қойняларды жазба… психикама әсер етіп жатыр.
Қой, зытайық мүндай тақырыптан. Еще анандай деп қалар біреулер
Daniar-Alan
Өзім девственник едім

енді болмайтын болдың
Marationok
сцукі десе бұтағымды жеме
dark_nazgul
ОУ, ЖІГІТТЕР. тақырыпты былғамай, кетіңдер, нақ.
Gastarbaiter
Еркектермен қатынасыңның сценарийі тек сол бағытта өрбитін болса, мен кінәлі емеспін.
Daniar-Alan
әйелдегі ең ұнайтын жері ау дим…
VKM
Өзіме ұнасам болды
Armanjan
Өзіме ұнасам болды
бұл енді аздап өтірік
VKM
ну… енді...Өзіме ұнауда біраз критерийлер бар ғой)))Жігіттерге ұнайтын
Abilakim
оған дау бар ма? Бірақ, мұндағы түбітмұрттардың біразына ұнайтыныңды білеміз
dark_nazgul
Түбітмұрт деген он сегізге толмаған девственник емес пе
Abilakim
бар ғой арамызда, кілең сақа еркектермен араласып жүрген жоқ шығарсыңдар
satibaldi
Иә, тіпті KILYZAMAN -ның өзі реті келгенде санын сығалап қалад
Abilakim
Әнебір өлеңдері керемет еді.Қилекең ішпейді,ішсе атынан түспейді
Gastarbaiter
Міне нағыз универсал қатын:
www.kerekinfo.kz/blog/3485.html
dark_nazgul
Гаста, менің ештеңем кетпейді. Бірақ, өзгенің постына келіп өз постыңа сілтеме қалдырғаның «жақсы түс ережелеріне» жатпайтын сияқты. Қалай ойлайсың?
salta
әдемі-ақ!!! иногда аяқтан тартатындар болғаны дұрыс!
Zhan
Шымкенттің көп жігіттеріне осы сенің постыңда айтылған мінсіз қатындардың пачка-пачкасы керек. Аспаннан кеше ғана салбырап түскен, жұмақтан адасып келіп қалған хор қыздарына үйленгісі келетін еркектер де арамызда көп. Қайтсін енді, мінсіз болу көбіміздің қолымыздан келе бермейді. Хихи.
Abilakim
мінсіз әйел (адам) болмайды.Бірақ, сол мінін артықшылықтары басып кетіп тұруы керек.
dark_nazgul
«керек, тиіс»…
Все, что я должна, написано в налоговом кодексе. Все, что не должна — в уголовном. Все остальное — мое личное дело.
Marationok
орысша атады екенсіз ғой
Gastarbaiter
тұры керек — деген cледует быть деген ғой.
А так қолтығың сасып, каблукпен қызыл нәски кием десең де заң жүзінде ешкім соттай алмайтынына қосыламын.
kokbori
Ерлер қауымының ойынша, ер бала сияқты тым қысқа қидырған шаш тек өте нәзік, көзі бақырайған жұқа қыздарға ғана жарасады екен
Осының жаны бар ма дедім
VKM
Бір қыз көз алдыңа елестеп кетті ме?
dark_nazgul
Жаны бар. Салмағы тоқсан кило, көзі сығырайған елудегі апайға тошны жараспайды.
kokbori
Бірақ сән ғой, бара береді емес пе?
asaubota
жақсы жазылған. аударылған еңбекке құрмет жігіттер.

сүйегіне терісі ілініп, көзі бозарып, беті көгеріп тұрған қыз ғана (ондай қызды тамаққа тойдырып, өзін ғана жатқызып ұйықтатып қойғысы келеді екен еркектер

дәл солай!
dark_nazgul
сөйтші, әйтпесе талап жатыр
dauitov
Енді адам болсаңдар жақсы көреміз ғой.Әйтпесе басында кыз қуудағыдай пәлені өздерің бастайсыңдар.Ұнаған жігіттің атының сауырынан түртіп қалып қаша жөнелмей ме.Содан қыз қуу ойыны басталады.Өмірде де соған ұқсас.Негізі менің айтқым келгені мынау.Адам кімді жек көрсе сондай адамға кезіге береді.Біреуді жаман екен деп бүкіл еркекке күдікпен қарасаңдар Мақаш Тәтімовтың зерттеуі жалғаса береді.Абай Азат басың болсын құл,қолдан келмес іске ұмтыл десе, маған біреу Азат жүрегің болсын құл, сүймегеніңе ұмтыл деп жазып кетіпті.Соны енді ойласам, нағыз асыл басында қарапайым болып көрінетін сияқты.Құдай кесірден сақтасын десек те, титтей де болсын адамгершілігі бар екінші жартыларыңды табуларыңа тілектеспін!
Barshvariya
Па, ұрпағыңмен мың жасағыр!!!
a63a1
Көз көгерсе мұз жақсы
дәмін берер тұз жақсы.
Айтып айтпай не керек
Әйелден гөрі қыз жақсы — деп а63а1 жырау жырлап кеткен екен
Aizhantabyn
Менің бір жақсы досым айтатын ылғи, қыздарға табиғилық жақсы деп. Шынайы сезім, шынайы күлкі, өзінен ұялмайтын, сөзін " фильтровать" ететін және өзін еркін ұстайтын қыздар жағады деп. Оның балеткасы, шашы, мэйк ап пен тырнағы, көйлегі, сөмкесі сияқты детальдар емес, образ маңызды, қарағанда сүйкімді, тартымды болса деп. Угги болсын, 12 см өкше болсын, тартымдылық дегенді ничем не заменить)))
VKM
 Толық қосыламын)
Gazizkizi
Айжан дұрыс айтты, дөп түсті… Табиғилық, ешқандай комплекссіз өзін ұстай білу, бояусыз көздер т.с.с
KILYZAMAN
Қандай әйел болушы еді. Нағыз әйелдерді де баяғы. Өздері қызыл кітәпті төңіректеп қалған сияқты уақыт өте
Ramzik
Маған әйелдер емес қыздар ұнайды.
dauitov
Жоғарыдағы алғыс айтқан адамға көп рахмет! Бұл сайт жақсы екен.Қалжыңдасуға, тістеп-шағуға.Жастарға бұл жарасады.Бүгінгі қоғам келбеті осыны талап ететін сияқты.Адам бар мүмкіндікті пайдаланып көріп, енді қалжыңдап болсын, тістеп-шағып болсын пікірталасқа көшкен сияқты.Әзіл-оспақ, квнға қарасам адам баласы-көңіл көтеріп бәрін ұмытуға, не болмаса өзін-өзі жубатуға да кіріскендей.Бастарыңа амандық,қалжыңдарыңа жарастық тілеймін! Тапқыр болып өсіп келе жатқан жастар, сендер барда Отанымыз гүлдене түседі деп сенем!
satibaldi
ЖльадЪм.
dark_nazgul
Сіз жлясаңыз мені кім жұбатады?
araika
Қазір киіміне қарап танитын заман ғой. Қанша дегенмен, сыртқы келбет алғашқы болып сәлемдесетіндіктен, сұлулықтың қай түріне жататынын бірден байқай бермейді. Байқаса да, бұл маңызды емес.
meirzhan
Пікіріне қарап танитын заман алыс емес!
Rafaello
Еркектің жүрегіне баратын жол асқазан арқылы өтеді. Сол жолды жақсы білсеңдер болды
dark_nazgul
Сырт келбеті ұнамайтын әйелдің қолынан ас ішіп жүрсің бе?
araika
Бұған сенер болсақ, мен баяғыда-ақ ол жолды таппай, адасып кетіппін

Бұл үйленгеннен кейінгі өмірге лайықталған, әйтпесе қазан құшақтап, жігітінің алдында зыр жүгіретін қыздарды елестету тым қиын
satibaldi
Оу надандар, еркектер қандай әйелді ұнатқаны несі? Кәпірлерді білмейм, қазекем — биязы да қырмызы ұяң қазақтың қызын ұнатады! Жезөкше саудасымен айналысатындардың арам ақшасына осындай мақала жазғанша, ақырет күні алдында иман келтірсеңдер нетті, оңбағандар!
a63a1
Ох шешесс, сен де сол жаққа бұрылдың ба???
VKM
Сізге Азаттық пен Абай.кз-ке жазатын керек сияқты, мұндай салиқалы пікірлеріңізді
Rafaello
 Аударылып түстім
mercedes
шшс-тен басқа айтар сөз жоқ
madlen
Не болса да, ухоженные қыздар ұнайды  Денесінің барлық барлық барлық жеріне мән беріп жүретін қыздарға қызығам
a63a1
5 қауымдастыққа сені
dark_nazgul
ой, оған қанша уақыт кететінін өзіміз ғана білеміз ғой…
katipash
Сонда угги кимей, аяғым үссін дедіңіздер ме? Балетки кимесек, не киеміз? Ойына түскенін жаза берген автор! Бір орыс қой авторы.
Құлағына салпыншақ сырға таққан, кірпік жабыстырған қыздардың жалғыз жүргенін көрген емеспін, әйтеуір жігітпен құшақтасыпкетіп бара жатады!
Gastarbaiter
Салпыншақтарыңды қайдам, силикон емшек еркек қаратуда өзін өзі ақтайтынын дәлелдеген сияқты.
MamaAya
кажется өз тәжірибемнен, сен ол ол жұмыстан шаршап келгенде үйің таза, бала шағаң, қанттай, қарындары тоқ, бірге тамағын беріп отырғанда олар басқа бөлмеде ойнап жүретін болса, аздап ақымақ болып, оның айтқандарын білсең де бірінші рет естігендей вид жасасаң, оның ата-анасы, туыстары туралы жаман сөз айтпасаң, жақсы көретініңді мыжа бермей, керек кезде ғана айтып отырсаң, сенбесең де сене салсаң, продукты әкелуді оған жүктемей өзің әкеп тұрсаң,,, ол үшін сенен жақсы әйел жоқ… Ары қарай, перед сном саған ұнайтын киімдер мен керек заттарың туралы просто 1 рет қана қозғап қойсаң, ұзамай әперіп қалады. Ал киінуге келсек, ұнайтын киіміңді кигенде ерекше қуанып тұрған түр жасаймын, ал оған ұнайтын, маған ұнамайтын киім кигенде түрімді бейшарааа ғып қарасам, давай бағанағыны кие бер!-дейді… Өзіме, Өзімнің еркегіме солай ұнап жүрмін, басқаларға ұнау не обязательно…
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
Кеше бір әңгіме естіп ем. Біз ерлер, қыздардан әдеміміз, өйткені оларды бояусыз ақ сындырамыз деген  аядым очм
MamaAya
 факт дейсің ғой…
не айтарым білмей қалдым, енді табиғатқа шыққанда, бассейнге барғанда біз де табиғи әдемі боп барамыз ғой… дегеннен басқа...
Ispek92
Мұныңызды ақталу деп ұға Брейк пе?
MamaAya
ұға берш, еркектер боянып кетпеу үшін ғана ақталамын...
Ispek92
 Міне жауап
MamaAya
мен бірде күйеуіме киіп көрші ешкім жоқ қой, кимесең ренжимін, нууу, пожалуйста, любой айтқаныңды ісеймін деп өзімнің түнде киіп жататын көйлегімді кигізіп көрдім дә,,, лібәәәәә Алла Пугачева шашын алдырып, қап-қара болып кеткен бе? дедім ғой, ой, рахат күлген едім ше?
ұққаным еркектер шалбар киіп и тоо кадімгі нормальный шалбарды бұты салбыраған немесе тырысып қалған емес,,, еркекше жүргеніне ештеме жетпейді екен ғой…
Соңғы түзету:
Ispek92
Ай, жеңше мынау бір постқа тақырып боларлық нәрсе екен. Толығырақ, толығырақ біздің де күлгіміз келеді Осы жерде орынды сұрақ, күйеуіңіз есесіне не сұрады сомен
Daniar-Alan
Толығырақ, толығырақ біздің де күлгіміз келеді
іхім… суретімен мүмкін болса
MamaAya
суретке түсірткізбеді ғой, а то 100000 лайк алар ем...
MamaAya
мәәәәәәәә, айтайын деп қалдым ғой ол үлкендер әңгімесіі
dark_nazgul
мен де қыздардан әдемімін, боянбай-ақ сындырам  (өзіңді ая)))
Daniar-Alan
енД Сіз ол Сіз ғой