Біз қандаймыз: Нұрғисаның еріккен ойлары

sammita бастаған, біразы қоштап, Tarazkyzy -нан келген лайкстар мен дислайкстардың эстафетасын e_zhalgas ’сыз қалдырмайын.

Ұнайды: кішкентайлардың былдыры, қыздың ерін құрметтеуі, ойдағы/бойдағы тазалық, Менің атым Қожа, Ipad, шашлық, бес жұлдызды қонақүйлер, галстук, сөзінде тұратындар, шек білетіндер (ұстамдылар), әдемі пас, құдықтың суы, ауылдағы қарапайым кісілер, қызыл балық, жаз, басқатырғыштар, Бекарыс Шойбеков, комеди клаб, тирамису
Әрі қарай

"А"-ға оралу: бардық, көрдік, қайттық. Қайран ақша мен уақыт.



Жоспарлағанымыздай барып көрдік. Алып-ұшқан көңіл мен рухани ләззатқа асыққан сана-сезім кино басталмай тұрып-ақ бұзылды. Афиша сайттарда 3D нұсқада көрсетіледі деп жариялаған кинотеатрымыз фильмді қарапайым форматта беретін болды. Кінәлі тарапты іздеп жатпадық — ақпаратты қате берген сайт кінәлі ма, әлде кинотеатр ма? Оны анықтауға ниет те, жүйке де шыдамас, сірә.
Әрі қарай

Жамағаттардың да жақсы жақтары бар

Дін туралы БАҚ өкілдерінің бүгінгі жазғандары тым біражақты пікір деп айтуға болады. Себебі қай газетті, журналды, қай арнаны ашып қарасаң да ислам діні жамағаттарын жамандаған мақала мен түсірілімге куә боласың. Бірақ, сол жамағаттардың елімізге тигізген аз да болса пайдасына көз жұма қарағанымыз әділдік пе? Түріктердің жақсы бір мақала бар. «Жақсылар жақсылықты, жамандар тек жамандықты көреді» дейді түбі бір халық. Біз де жақсылар қатарынан табылуға тырысып көрелік.
Әрі қарай

Қазақ үшін - ӨЛ!

футбол қарамаймыз поқу футболға, елімізді қолдаймыз тек © asaubota

Кеше Қазақстан-Аустрия арасында ойын болып өтті.
Қазаққа жанкүйер болудан керекшілер де қалыс қалған жоқ.

Алғашқы баннер: «ФУТБОЛ БОЛАДЫ ДЕГЕН СОҢ КЕЛДІК!».
Әрі қарай

Киносөздер

Қисықтың Голливуд фильмдері жайлы жазған тамаша жазбасы бар еді. Мына сілтеме арқылы өтіңіз.
Ол жерде біраз көріністер талқыландды. Ендігі кезек сол фильмдерде айтылатын сөздер.

Басты кейіпкер қаланың жартысын қиратып, ақырында залым жанды ұстап алады.«Осының бәрі не үшін?» деген сұраққа «Я делаю свою работу» деп жауап береді.

Басты кейіпкердің жұмыстасы әкесінің жолдасы болып шығады. Соңында «Знаешь Джек, твой отец гордился бы тобой» деп жас жігіттің иығынан қағады.

Басты кейіпкер рөліндегі қыз жігітке «Уходи, просто уходи» деп сүйе тұра айтады және кейін өзі іздейді әлгі жігітті.

Тағы қандай сөздерді көп қолданады, өле көргенше бөле көрейік!
Әрі қарай