"А"-ға оралу: бардық, көрдік, қайттық. Қайран ақша мен уақыт.



Жоспарлағанымыздай барып көрдік. Алып-ұшқан көңіл мен рухани ләззатқа асыққан сана-сезім кино басталмай тұрып-ақ бұзылды. Афиша сайттарда 3D нұсқада көрсетіледі деп жариялаған кинотеатрымыз фильмді қарапайым форматта беретін болды. Кінәлі тарапты іздеп жатпадық — ақпаратты қате берген сайт кінәлі ма, әлде кинотеатр ма? Оны анықтауға ниет те, жүйке де шыдамас, сірә.

«Жарайды» деген күймен қарапайым форматтағы сеансқа кірдік. Бәріміз де бұрын соңды болмаған ұлы жаңалықты күткендей экранға телміреміз. Дегенмен, Кончаловский мырзаның туындысы алғашқы минуттардан-ақ көңілге қона қоймады. Себебін алынған ақпарат мида 10 рет қорытылып үлгерсе де айта алмаймын.

Картинада жалпы көрініс деген саусақпен санарлық. Камераның кейіпкердің бетіне тақалып жүретіні сондай, бетіндегі безеу мен "қара нүктелерін" анық көруге болатындай.

Басында көрсетілген көріністерді тартымды сюжетке және оқиғалардың үйлесімділігі мен кезектілігіне апарар алғышарт деп пайымдап едім. Алданыппын. Бір-екі әдемі мини-сюжеттен кейін ұйқы келтірер бірсарынды, мағынасы шамалы (мағынасы болса да, мәні ашылмай қалған) кадрлар кезегіне тап боласыз. Біресе ауғандағы соғыс, біресе ауған соғысының ардагері.

Монтаждалған кезде көп жері «туралып», түсіп қалған шығар деп топшыладым. Әйтпесе, 2 жыл бойы түсірілген фильм осындай болуы керек пе еді? Оқиғадан оқиғаға өту сәттері тым үйлесімсіз.

3D өнім жасау үшін де, осы технологияға арналып әртүрлі эффектілер түсірілуі керек сияқты. Бірақ, фильмнен арнайы эффектіге татитын көріністер таба алмадым. Жасырын жарнамалар мен жас актерлердің жағымсыз ойындары, бекмамбетизмнің кейбір элементтерін көз алдыма елестетті.

Тағы бір жайт. Географиядан хабары бар кез-келген саналы адам Ауған соғысы Ауғанстанда емес, Қапшағай мен Шарын шатқалында жүріп жатқанын анық байқай алады. Қар басқан тым биік таулар мен алып каньондар Ауғанстан үшін тән емес. Яғни, фильмнің шыншылдығына күмән туады.

Нәтижесінде, салдыр-салақ беріле салған киноөнімді көріп шықтық. Ал, бұдан да әдемі, көрікті фильм шығаруға негіз бар еді. Жалпы баға,

10-ның 5-і. «Бес» — жақсы фильм шығаруға тырысқандары үшін.
Бөлісу:

94 пікір

omarbirat
3D форматында тек фантастикалық фильмдер мен анимациялық фильмдерді көру керек деп шешіп қойғанмын өзім үшін. Бекмәмбетов пен орыс режиссерларының туындылары — құсық шақыру үшін таптырмас дүние.
omarbirat
соңғы кездері шығып жатқандарын айтамын.
berkut
Құсық шақыру үшін таптырмас дүние!!! не деген керемет теңеу!
satibaldi
Шынымен, орыс синематографы — блокбастерлер мен фантастика жасай алмайтындарын мойындап, осы саланы тастағандары дұрыс сияқты.
Оны Кончаловсский-үлкеннің өзі де мойындаған:
«Америкада — Ұлы Америка туралы миф бар, сондықтан ондай мифке кино да түсіруге болады. Ресейде — Ұлы Ресей туралы миф түгілі, жәй ертегі де жоқ, сондықтан қанша көтімізді жыртқанымызбен — біздің блокбастерлеріміз американдықтарға пародия болып қала береді.»
Zere
Мен ұйықтап көрдім. Соңына таман бір жарылыс, анау-мынауынан оянып кетіп, әйтеуір аяқ жағын байқап қалдым. Казкомның жарнамасы енді ващеее )))
berkut
осы киноны көруге қатты құмыртып жүр едім. енді жүрегім айни бастады. Омар брат айтпақшы…
berkut
Айтпақшы, бұл фильмнің жарнамасы Ауған соғысы туралы емес қытайдың ұшып жүретін мастер-төбелескіштері туралы секілді еді ғой?
madlen
Соншама быт-шытын шығарыпсың ғой  Киностанда да осылай жаза саласың ба? Объективті емес қой.
Маған болса ұнады. Соғыс та бар, махаббат та, достық та, 25 жыл бұрынғы болған оқиғалар мен бүгінгі жастардың сол оқиғаларға деген көзқарасы. Ой даже постельные сцены
patick
Төсек көрінісінде терлеп-тепшіп қыздың астында жатқан жігіттің ойыны ұнамады. Көзінде ләззат жоқ, мал шаруалап шаршап келген адам сияқты
madlen
За то Қарлығаш симпотная
Zere
Қарлығаштың жігіті сонда смазливый балақай көрінді.
berkut
молокосос болды ғой?
Zere
Ол актер туралы онша ақпаратым жоқ. Түріне қарасаң жас көрінеді. Және Қарлығаштың жанында балақай сияқты болып қалды.
madlen
а мне кажется, ол сондай бала болып ойнау керек болған. Батыл Қарлығаштың фонында әлжуаз болып көрінеді.
a63a1
Көргесін айтам, Ал әзірше жүрегім! Шымшымашы! Сосын бірге көреміз сәл шыдашы!
Janasil
Киноның жарнамасына қатты сеніп қалғансыңдар ғой.
asaubota
Жерұйықпен салыстырғанда қалай?  қайсысы жеңеді?
patick
Жерұйық жеңіледі
madlen
оооондай жаман емес енді
satibaldi
Амиго, тізерлері мен анонстарындағы сценалардан-ақ құсық екенін көрмедің бе?
patick
ең болмағанда ауғанның қызыл қырғынан көремін деп үміттеніп едім
Gastarbaiter
Тіккенім бар блокбастерлерін. А-сын да, Б-сын да басқасын да.
Жақсы кино түсіру үшін міндетті түрде үлкен Титаник соғып, Дәл сондай самолетті жару керек емес. Актердің ойыны, диалогтар мен жақсы қойылған сюжет адамның бүкіл болмысын таңдандырмаса, ондай фильмнің құны беш-тиын.

«Побег из Шоушешеңді», «Спеши Любить», «Ванильное небо», «Зеленая Миля», «Исскуственный Разум», «Валли», «Достучатся до небес», «Реквием по мечте», «Город Бога» сияқты туындыларда арнайы-эффекттер әрқашан екінші, тіпті үшінші орында тұрған.
e_zhalgas
менің плейлистім кетті ғой  «вечное сияние чистого разума» қарағаның бар ма еді?
Gastarbaiter
Білә, түсірген соң осылай түсіру керек ғо. Менікінің топы өзгеріп тұрады, көңіл күйге қарай. Қазір «Достучаться до небес» тұр төбесінде. Әлгіңді көрдім, Джим Керри мен Кейт Уинслет қо. Базар жоқ оригинальні. Бірақ топымда емес.
madlen
Ванильное небо, Эффект бабочки — менің плейлистімді бастайды.
Gastarbaiter
Эффект бабочки-дің біріншісі ғана деп үміттенем, өйткені қалғандары осырық.
madlen
Әрине, біріншісі!
Gastarbaiter
Әсіресе анау моменті алғаш көргенде көтіңді мұздатып, жылағыңды келтіред:
"– А если я была такой замечательной, Эван, почему ты не звонил? Ничего не изменилось! Я тут просто гнию одна!"
madlen
Ух ты, саған ондай сценалар батпайды деп ойлаппын
Gastarbaiter
Менің басымнан осыған ұқсас сценалар өткен просто. Былай арзан пафостар өте бермейді.
e_zhalgas
бір-бірінен қаншалықты алыс жатқан фильмдер (ойланып, басын қасып тұрған смайл)
patick
Эффект бабочки
Үшіншісіндегі төсек көрінісі ұнады
Gastarbaiter
Дарынсыз режиссер сол сериясында тек төсек көрінісіне ставка қойған сияқты…
AKY
Эффект бабочки 1 — ауыр фильм. Бір түрлі шаршаңқы сезінесің өзіңді, неше рет көрсең де.
Спеши любитьті қарап пырс-пырс жылағанбыз
AKY
Ия, сосын Пункт назначения 2 мен Сумерки. Сага. Затмениесі ұнайд.
Gastarbaiter
Блә, енді Сумеркиді үздік кинолар түгілі, кинолар қатарынан сызып тастағанмын. Сорри. Бұл құсықтың астына қол қойғым келмейді.
meirzhan
мен де түсінбедім приколды. жасөспірімдердің көбіне ұнайды екен бірақ. или санасы жасөспірім сияқтыларға
AKY
Охх, тонкий троллингті шырамытып тұрым. Осы сен сөйлемеш, а? Нервім шығады сен сөйлесең.
meirzhan
 сені меңзеп тұр деп кім айтты саған? проблема өзіңде емес пе? «мынау өзім туралы» емес пе кен деген ой бірден келеді кен саған. жасөспірімдер психологиясына тән құбылыс
Gastarbaiter
Осы фильмге уақытымды құртпай тұрып, Попсовый фильм- дегенді толыө түсінбеуші едім. Сумеркидің Сагасы «Мұңайған філм» сөзіндегі і- әрпінің төбесіне феериялық нүкте қойды.
e_zhalgas
«Сумеркидің» біріншісінде бір-ақ нәрсе қызық, ондағы «Muse» тобының әні
AKY
мынадан басқа да күлудің түрлері бар:
 
omarbirat
«Побег из Шоушешеңді»..., «Город Бога»
Осы екі фильм қатты әсер қалдырды. Қалғандарын көрмеппін. Көргендерім, әбден біраз жыл өтіп кеткен соң ба екен, онша болмады.
Дегенмен, «Достучаться до небестен» кейін Блябтрой түскен екі-үш фильмді көріп тастадым
Gastarbaiter
«Пролетая над гнездом кукушки» — Джек Николсонның жас кезіндегі өнеріне тәнті болдым.
e_zhalgas
бұған әңгіме жоқ, бірақ, кітабы әрине мықтырақ… николсон фильмді құтқарды ма дедім
konvict
Маған «Город Бога» мен «Бешенный псы» қатты ұнады
e_zhalgas
бара алмағаныма тағы өкініп отырм  отандық және ресейлік кинодан үмітім үзілген болса да…
patick
келмегенің жақсы болған
Erlan
ресейліктердің Громовы, Бандитский Петербург деген сериалдары унады, Казак киноларынан Сонгы кездегі Елімай сериалы унады, казир жаналыктардан Жар салып жатырган Даригер Ахметованыда кору керек )
John
«Побег из шоушенка», «достучаться до небес», «бешеные псы», «леон» — еббиит, қандай кинолар, менің коллекциям. Бұлардың қасында сенің «келінің», «а-б га оралу» дегендерін тырнақтын астындағы кірге де татымайд, татымайд.
Abilakim
«Жиен кино түсіре алмас» деген осындайдан айтылған шығар. Ораза кезінде "Қазақстан" арнасынан францкздардың бір киносын берді. арнайы эфект деген атымен жоқ. Кинода көз алдыңда әке, бала және соларды Меккеге жеткізтуге септігін тигізетін машина ғана жүреді көбіне. ал, беретін әсері керемет
qisyq
«Престиж», «Реквием по мечте», «Апокалипсис», «Гладиатор», «Вечное сияние чистого разума», «Черный лебедь», «Старикам тут не место», «Железная хватка», «Леон», «Начало», «Царство небесное», «Отступники», «Враг государства», «Вавилон»… айта берсем көп. Гай Ричидің, ағайынды Коэндердің, Кристофер Ноланның шығармашылығы ұнайды. Соңғы көргендерімнен «Любовь и прочие лекарства» ұнады. Энн Хэтуейді жаман сыладым ойыны үшін кейбір банальдылығына қарамастан.
qisyq
Епті… «сыладымы» несі, сгин. Сыйладым, нақ!
AKY
сылап-сипаған екен дев қалсам
Gastarbaiter
Леонды- барлық кинолардан бөлек қою керек ғой.
qisyq
Талғамға талас жоқ.
Gastarbaiter
Жоқ мен талғам жайлы айтып отырғаным жоқ. Өзгешелік жағын айтып отырмын. Керемет, құсық деп жатқаным жоқ.
qisyq
Соны айтам ғой. Мен үшін ондай бір өзгеше фильм емес.
Gastarbaiter
Адамның ассоцияциалық қатары небір комбинациялар ойлап табатынын ескерсек, Зебраны есектен ажырата алмай қалуға да болады.
omarbirat
Төртеуін ғана көрген екенмін. «Леонның» ешбір кадры есімде қалмапты. Есесіне «Враг государства» (Уилл Смит ойнайтын фильм болса) — қатты ұнатқан фильмдерімнің бірі.
Gastarbaiter
Патиктен, тақырыпты бұзжівергенім үшін кешірім сұраймын.
patick
лібә, хотя бы біреуі ескертпестен өздігінен мойындар ма екен деп отырғам
Erlan
кішкене кунімізде атаналеттін твин пиксин корип алып, артынан карангы болмеге баруга коркып журетин едик
satibaldi
Ой лібә, грузиннің жаңа фильмдерін кім көрд? Арнайы эффект түгілі, бай адамның — бай екендігін көрсету үшін ең болмаса дені дұрыс машиналары да жоқ.
Бірақ актер өзінің ойынымен таң атпай қара уылдырық жейтінін кәдімгідей сездіреді. Сондай татымды кино. Есіңде қалады.
Қаззақтар ойлайды: «1 млн. доллардың киносынан — 10 млн. доллардың киносы сәйкесінше он есе күчТ бов шығады.» Мә нақ, жепсің! Сценарий жоқ, режиссер жоқ, ал актерлер — боқ.
satibaldi
Акиро Куросаваның ақ-қара түсті кинолары ше? Лібә, реквизиттері — өңменнен өткен қайыршылық нақ. Бірақ екі адамның диалогынан бүкіл Жапонияның тасыңның терісіне дейін сезесің.
John
Куросава, Хичкок, Коппола, Кубрик, Тарантино сияқтылар келесі ғасырда туады.
Abilakim
Инемен ашып отырсың ба балды?
nurbergen_makym
«Белое солнце пустыни» — операторлық жұмыстың идеалы.
Біз режиссерге, сценаристке, актерлерге баға береміз де, операторды сыннан тыс қалдырамыз, көбіне. Оған көп нәрсе тәуелді ғой, негізі, а?!
Gastarbaiter
Өйткені оператордың жұмысы әдетте жақсы болса білінбейді. Жаман болса анальды жазаға тартқың кеп кетеді.
ushkin
Қазақтарға ештеңе ұнамайды осы. Киноға айтылып жатқан сындардан нақтылық, факт көріп тұрғам жоқ. Дәлелсіз дақпырттар.
patick
 мен ноғаймын ғой
ushkin
маған ұнады мысалы. қазақтың кең даласын көрсететін жерлері тіптен керемет.
patick
Үнді фильмінде ән айтып, би билеу қандай қалыпты болса, қазақ киносында міндетті түрде даланы көрсету — сондай әдетке айналып барады. Тіпті, сол ұқсас кадрларды көре-көре құсқың келеді екен…
ushkin
ол жаман ба?
patick
Қажетті, қажетсіз қыстыра берсе әрине жаман.
ushkin
сізді қайдам, өзім сондай жерлерді көргенде жылағым келіп кетеді… қуаныштан әрине
patick
Міне, сондықтан да қоса береді. Киноға жаңадан қосар ештеңесі болмаса, сол жылқылар шауып жүрген дала онсыз да көрерменге қуаныш сыйласа — нем бар қиналып, — деп ойлайтын шығар режиссерлер
meirzhan
Осы киноны түсірген режиссер де дәл сіз сияқты айтқан болатын.
ushkin
сөзбе-сөз айтты ма не? ))
meirzhan
Орысша айтты. Және ренішпен.
qisyq
Құрметті Ұщқын, Қазнет алдында сіңірген еңбегіңізді құрметтейміз, әрине, алайда Құдайдың жаратқан қанша пендесі болса, сонша пікірдің де болатынын ескергейсіз деп өтінгім келеді. Керекинфо қолданушысы Патиктың жазған рецензиясы оның жеке субъективті пікірі, өзіндік ой, ИМХО-сы. Әрине, Сіз «бұл да менің өз ойым, шатағың болмасын» деуіңіз мүмкін, алайда, мұндай жағдайда "Қазақтарға ештеңе ұнамайды осы. Киноға айтылып жатқан сындардан нақтылық, факт көріп тұрғам жоқ. Дәлелсіз дақпырттар" деп жеке тұлғаға тиісу әдістерін қолдану артық екенін айтқым келеді.
ushkin
ма-ма, Патик ренжіп қалды ма? )
patick
Қой, мені журик дисің ба әр нәрсеге ренжи беретін.
qisyq
Патик ренжіді ме, жоқ па білмеймін, жоғарыда мен жазған пікірдің таза маған тиесілі екенін де ескергейсіз.
ushkin
Мен пікірлерді де оқып отырып айттым негізі. Патиктің,Қисықтың жеке басына тиіп кетіп жатса, кеЧрің… Фильм шедевр деп отырған жоқпын. Бірақ, соншалықты сын көтермейтіндей быт-шыт емес қой… Сәл де болса, алға ұмтылушылық, ізденушілік бар дер едім.
qisyq
Бірақ, соншалықты сын көтермейтіндей быт-шыт емес қой…
Мен, мысалы, келіспеймін Сізбен. Алға ұмтылушылық жоқ, актерлары аздап қазақстандық демесең, режиссер Кончаловский өзінікін көрсетіп қалып отыр, яғни таза соның стилінде, ал оның стилінен мен ешқандай алға басушылық байқамадым. Ресейлік кончаловскийлік киноларда мұндай стиль толып жүр, иттің итақайында кездеседі. Соның біреуі Қазақстанда пайда болды, бар болғаны осы.
satibaldi
Мен — Форест Гамп. Достарым да: «Форест Гамп» деп айта беред.