Қызық қарым-қатынас

Кеше пірәпесірдің ұлының жүріп жүрген қызының, яғни, болашақ келін баланың үйіне қонаққа барғанбыз. Сондағы Татьянаның өзін-өзі емін-еркін ұстағаны ұнады. «Болашақ қайын атам келді» деп сасқалақтап жүрген жоқ. Жақсы қыз екен былай. Біздің атай да өзі тым қарапайым кісі ғой. Қызықтың көкесі шай ішіп болған соң басталды. Аташка мен Игорь (ұлы) Татьянаға үстел жинасуға көмектесуге кірісіп кетті. Бәлендей жинайтын түгі де болмаса да, амалсыздан мен де 1-2 ыдысты апарыстым . Одан үстелді жылжытып, Игорек астындағы кілемшені алып далаға қағуға алып кеткен, атай дәлізден сыпырғыш тауып әкеліп, әлгі жерді сыпыра бастады!!! Оған "қой" деп жатқан келін жоқ  Өз бетімен ыдысын жуыыып тұр.
Мен өзімді жатыпішер сезініп қалдым. Дачы. Ақыры жасы алпыстан асып кеткен пірәпесірдің бүкшеңдеп жер сыпырып жүргеніне шыдай алмай, қолынан сыпырғышты жұлып алған жоқпын да, бірақ далаға шығып кеттім.
Бөлісу:

97 пікір

Aizhantabyn
)))))))))))))))))

Сендер өлтіретін болдыңдар)))

Бізде, тойға дейін (кейде кейін де) ата енесімен әңгім құруға ұялады ғой)))
AKY
Соны айтам да))) Солардыкі рахат әйтеуір
VKM
Уа-ча!)Айгера, шок болдың ба? Мен құлаватрм)
AKY
Айттым ғой, шыдамай далаға қашып кеттім)
VKM
менталитет деген сол ғой.Бірақ біртүрлі сияқты)))
Altygradus
АКУ тэгтарың өртейд
sigma
Біздерде де сондай орысқол келіндер бар ғой
AKY
Барына бар, бірақ әлгідей қайын аталар бар ма екен)
just19
Осындайда қазағымның дәстүрінен айналайын деп қаласың)

Қаладан дачаға дейін ауыр жүгім бар автобуста апару қиын, көлікпен жеткізіп салшы, ақысын беремін деген соң таныс қыз, дауай дедім. Барсақ, дачыда мам-паптары бар екен) Танысып тастадық, сызылыңқырап тұрсам, ұялғаныма мән беріп тұрған жоқ. Әркім өз ісімен әлек. Бәлен жыл танысындай әңгіме айтып, дачының тірлігімен айналысып кеттік. Жолыңнан қалма егер жұмысы болса, әйтпесе бірге қайтайық шәй-тамақтан соң дит. Әр демалыс сайын огородтарын жөндеп, келіп демалып тұрады екен. Дачының сол кішкентай көшесіндегілердің бәрі орыстар. Кешке батясы ішкісі келіп маған тартып жівер дит, мен жоқ за рулем десем, өййт! сенде! деп кемпірінен тығып тартжіверд де әрі қарай топырақ қопсыта бастады. Тіпті басында сен кімсің, няғып менің қызыммен жүрсің, құры нақ деген ешқандай әңгіме айтқан жоқ. Қыздың өз проблемасы өзіне, ересек қо деген болар бәлкім.
VKM
ну и дела Мен таксимен барар едім, біріншіден.Тіпті біреу апарып тастады дейік, ваааай, мен оған не завидую.Менің папам мен мамам: кімсің? Қай жақтыкісің? Әке-шешең кім? Қайда оқисың не жұмыс істейсің? Неге танымаймыз?тап осылай емес, типа білдіртпей
Сосын мамам оны аш жүргендей, жақсылап тұрып тамақтандырып жіберер еді.
Сосын мен сұрақтың астында қалар едім....
just19
тьфу
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 11:17
Abilakim
Қарындасымды жігітпен көрсем деп сөйле… еркек ол енді еркек қой
Janasil
Сонда дим дӘ, оңшең орыстың арасында АҚУ не істеп жүр? Ә?
Aizhantabyn
орысы несі, хохляндия деп тұр ғой)))))))

Сосын, алдынғы посттарда жазды емес пе…
Janasil
ААа… Еске салғаныңызға рахмет!!!
AKY
Хохляндияда жүрмін, ия, бірақ аналардың үшеуі де орыс)))
Qojeke
МЕНТАЛитЕТ  деу керек үшеуіне де. Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл.
satibaldi
Лібә, құлақтан атты нақ, өзіңе қайым жерде қонақта болған екенсің
boztorgai
қызық қарым-қатынас
қызық ештеме көрмей тұрм
19852407
 
еее, АКУ, «буйткен сальттарыңа  » деп қайқайдым сыртқа де))
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 12:38
asaubota
менің бір балдызым (бізде еркекке де балдыз дейді) айтады, бір күні түнде бір подъезден шығып келе жатса бір жігіт бір орыс қызға пышақ тақап тиісіп тұр екен. содан мынау ана жігіттің қолын қайырып, ұрып жіберіп, қызды құтқарып қалыпты. сосын сол қыз үйіне шақырыпты, мамасы үшеуі тамақ ішіпті. сосын мамасы балдызым мен ана қызға спальныйда төсек салып беріпті.
alisha
Балдызың «Жоқ, рахмет!» деп шығып кеткен болар, ия?
asaubota
олай айтып кетіп қалған болса маған айтпас еді ғой, жалпы ешкімге айтпас еді ғой
AKY
 Ужыс
Nurgisa
AKY, сендердің сюжеттеріңде жастарға төсекті кім сап берді, сен бе, шал ма? )))))
AKY
Жоғалнақ, дым да күлкілі емес
Nurgisa
Үйлері үлкен шығар иә ана қабылдаушы тараптың? Потенциалды келінді айтам да…
AKY
Ондай үлкен емес, кішкентай пәтер. Біз қонған жоқпыз онда.
Abilakim
кішкене пәтер болса шалмен қатар жатып қалу қауіпі бар еді. Қонбағандарың жақсы болыпты
AKY
Қажыдым мәмбеттіктеріңнен.
Aizhantabyn
сізге де бір ескерткіш орнату керек ау(((
Abilakim
қызды балдызыңнан құтқарудың қажеті бола қоймаған шығар.
Бізде де еркек балдыздар болады
Gastarbaiter
Санаторийде жатқанда бір апай болатын жасы елулердегі. Оның қасында бір қыз жатты 20-ларда жасы. Содан әлгі апай менің массаж жасайтын өнерімді біліп өзіне шақырды. Барып мойнына, арқасына лечебный массаж жасап бердім. Кейін тағы шақырды. Барсам: «Менің қызыма да жасап берші, өзі сұрайын десе ұялад» дейд.))
Масаж жасап беріп, кетейін деп жатсам, «шәй ішіп кет» дейд. «Жоқ, рахмет» деп шығып кеттім. Артымнан қоса шығып, әлгі әйел «Неғып тормозить етіп отырсың, біздің қыз саған ғашық, барып бірге шәй ішсейш мен сыртта жүре тұрайын» дейд.
Білә, білә дедім…
Abilakim
«Массаж жасауды үйрену» курсы қанша тұрады екен?
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 13:35
Gastarbaiter
Білмеймін, мен дәрігерлерден үйренгем. Менікі емдік массаж, сен ойлағандай «Тайский расслабляющий» емес.
asaubota
менің балдызым сияқты жария қылғаныңа қарағанда ол қызға да «массаж» жасауға барғансың ғой? әлде қателесіп отырмын ба? тормоздық ұстап қалған кездер де болған деп айту да ерлік
Gastarbaiter
Әлгі әңгімені сенен «естіп» отырғандықтан, балдызың жайлы ештеңе айта алмаймын. Массаж жасадық, шәй ішкен жоқпыз. Кез келген возможностьқа итше секіретін жастан шығып кеткен кезім еді. Ондай «семейкадан» аулақ жүруге тырыстық.
asaubota
түсінікті. оқиға «аш» жас кезіңде болған шығар деп ойлаған едім.
Abilakim
Кейбірде тамақты жегеніңе көп болмасада қарын ашып кетеді
Gastarbaiter
Сондай тоқ та емес едім, просто менің ішімде мұғалім немесе дәрігер оянып кетсе, басқаны ойламауды әдет қылғам.
AKY
Яцыз әйел екен.
19852407
 мәмбет болдың сен!
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 15:34
Beytanis
Бұл бұл ма, бір жеңгеміз бар, шай «беріп» отырып, шаңсорғышпен паластарын тазартып кететін немесе мұрнын «шұқылап»… Құдай бетін әрмен етсін.
Beytanis
Қай тәшәмәй минүс қойған? Жарыққа шық, бермен!
madlen
мен, Гаста!
Beytanis
Неге? Сіздерге жақпайтын қай тұсы бар?
madlen
просто ұнамайды ана пікір, ода тұрған не бар?
Beytanis
Мен көргенімді жаздым. Құлаққа лағыман іліп отыратын адам емеспін. Ұнамаса ашығын айт. Жеп қоймаймын. +1 қойдым.
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 15:56
Gastarbaiter
Ық, ық… Мадя, менде клон жоқ мұнда Шиваның әруағы атып кетсін егер өтірік айтсам))
Біресе Қырықпышақ дедің, біресе Бейтаныс. Ақыры күйе жағады екенсің, біреуін жасап алам-ау бір күні.
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 15:58
Beytanis
Гаста мен мені шатастыратындар… шыны керек шатасқандар таза. Бір жағынан маған деген дискриминация. Не фішть-фішть шағыстырушылар. Екеуін керілдестірсек, қызыққа батсақ… Армандары…
meirzhan
Негізі ұқсастық бар. Философиялық-психологиялық аспектке беріліп кету, жеке басқа тиісіп кету, минустың астында қалып кету, терминдерді пайдалану, көпшілікке қарсы пікір айту деген сияқты. Просто кто-то менее, кто-то более.
madlen
осыны білгеніме қуаныштымын! Ең үздік комментші емес, ужасный персонажға айналып бара жатырсың деп ойлап қойған едім.
Gastarbaiter
Жастар.Біз-де болған болсаң, Файзулла екеумізді ажырата алар едің. Гастарбайтердің өз жындылығы жетеді, оған қоса тағы бір жындының рөлін сомдау маған қызық болмас еді.
Егер клон болсам, мен бір қиындау персонаж таңдар едім.
Мысалы: фирманың ақшасын жеп, қара касса ашып отырған бухгалтер қатын, 5 бала асырап отырған жалғыз басты әйел, тым құрығанда бөтелке қабылдайтын комок ашып байып кетіп, обед ішетін ресторан таңдауға ақшасы жетпейтіндерді жалқаулар деп, бәріне "өзім жеттім" дейтін сноб бизнесменнің рөлін ойнар едім, немесе бетіндегі безеулерден ұялып жүрген 16 жасар баланың рөлінде біраз жыланар едім.
madlen
Какая разница! Кім болсаң да, аман болшы!
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 16:26
Gastarbaiter
Маған қайта-қайта амандық тілеулеріңнен қорқайын дедім. Не к добру… ой не к добру.
Gastarbaiter
Тұншықтырып өлтірмес бұрын "Қайырлы түн, қымбаттым! — деп тәтті ұйқыда жатқанда, жастықпен үстімнен төніп тұрған қызды елестеттім. Тыпыр-тыпыр басылып, жаным жай тапқаннан кейін, мұздап кеткен маңдайымнан бір сипап: «Сені бәрібір жақсы көрем». деп қара түнге сейіліп кете барды.
Abilakim
Минусқа бола ми ауыртпасай
Beytanis
Айтатынын ашық айтсын, айтпаса қыссын дегенім ғой, Әбеке!
qisyq
қыссын деп қызға айтып отырсың ба?
Beytanis
Иә, инетте кімнің қыз, кімнің ұл екенін қайдан білеміз? Ештеңе жазбай жасырын минүс қоя берді, маған қызық. Кім екені? Маған деген даты болса айтсын деген пиғыл ғой, қисық досым!!! лә-лә-лә
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 16:27
Beytanis
madlen
Жарықта не очень екенмін ба, неге сонша күлдің?
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 15:52
Beytanis
Одан «сыншылдығым» жоқ еді, біреудің физиономиясын әңгіме қылатын…
Erkekyz
Естімеген елде көп)))
Мамамның бір нағашысы бұрынырақ Өзбекстанда тұрған ғой. Баяғы сәбет кезеңі. Сол нағашысының баласы Украинадан келіншек алып келеді ғой. Кеш тұрады екен, еш тірлік жасамайды екен. Жарайды деп онысына да көніп жүре беріпті. Бір күні қараса күйеуін сабалап жатқан ұқсайды жаңағы келін. Енесінің көзі шығып кеткен. Орысша сөйлей де алмайды екен енесі. Сөйтіп барыпты да, жаңағы келіннің баласын сабай бастапты. Келінінің көзі шығып «не істеп жатсыз „десе, енесі айтыпты: “Ты мой сын бьешь моя глаза лампочка была» депті. Айтқысы келгені сен менің баламды ұрғаныңда менің көзім лампочкадай жарық етті дегісі келген ғой.Кейіннен келін сол жерге тастай батып, судай сіңіп кетіпті. Үлгілі келіндердің қатарына қосылыпты-мыс. Қазір енді ол немерелі, өткенде көктемде сол аты-шулы Марина апайды көрдім, сондай жүзі жарқын әйел екен.
Janasil
Келіндердің қызығы көп қой, менің бір жеңгем азанда түннен қалған «май тарыны» ысытып алып келген екен.
patick
Ауылда да бір әйел бар еді. Қызына құда түсіруге шебер. Маған да бір тойда жабысып, қызын мақтап…
Gastarbaiter
Баяғыда көршінің үйіне досым екеуміз қолын алайын деп барсаң, «біздің қыз да сол, есейіп қалды енді, институт бітірді, енді жұмысқа тұрса, қазір дені дұрыс жігіт те жоқ, өздерің сияқты біреу болса жақсы болар еді» деп отыратын.
Тағы бір көршіміз көшеде көріп қалып, «Білә, сен неге біздің қызға үйленбейсің? Менсіңбейтін шығарсың ә?» деп жұлқид. «Аға, менсінбеген несі, менің кластасым ғой қызыңыздың» десем. «Неғылады екен, кластас болса?! Е-е-ей, бірақ біздің қыз лоха ғой, лоха… Талай есі дұрыс жігіттен айрылып, жүр енді сопиып» -дейд.
Білә, білә…
madlen
Неше түрлі көршілер, ата-анамыздың достары «жақсы варианттар» предлагать етіп жатады… Ия, ия деп кетіп қалған соң сол жігіттер 1-2 айдан соң пәленшенің қызына үйленіпті, жап-жақсы семья болыпты деп айтып жатады ғой…
satibaldi
Бір-екі айда семьяның жақсы-жаман болатыны біліне қоя ма сонда?
Aizhantabyn
тууу, ағасы, просто бетін қайтарып жіберген Мадленге тисін деп, вот ты дура, сондай жігіттен қағылдың, ал біздің ұл керемет отбасы құрып отыр дейд (на самом деле быт шыт болуы да мүмкін)
a63a1
Одан үстелді жылжытып, Игорек астындағы кілемшені алып далаға қағуға алып кеткен, атай дәлізден сыпырғыш тауып әкеліп, әлгі жерді сыпыра бастады!!
Көйлекастылық,өт жалағыштық синдромы
gunner
Мда, маған ешкім қызын ұсынбады деп комплекс пайда болмаса болды менде))). Байқасам, көбісіне ұсыныпты ))
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 16:02
Beytanis
Қызыңды бермесең берме, жігіттік намысыма тиме! деп жүре беріңіз.
Abilakim
Маған "Қарағым, негізі жаман жігіт емессің, бірақ біздің қыздан аулақ жүр" дегендер болып еді…
Nurgisa
 типі осылай шығар деп шырамытып отырмын
a63a1
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 16:22
Gastarbaiter
Әбіл-ай десейш, +1,
«Скромность» — менің кемшіліктерімнің тізіміне кірмесе керек.)))
Gulistan
Кейбір орыс киноларында қыздары шығарып салып тұрған жігітке «нақметке» қоса, "ішке кіріп кофе іш" деп алып қалатындары бар, Асауботаның балдызы сондай бір эпизодтың кейіпкері болған сияқты…
Abilakim
Тағы бірде «Помогите» деген қыздың дауысы шыққан жаққа қарай жүгіріп келе жатқан Аршаттың балдызы «Орыс болса екен, орыс болса екен» деп күбірлеп келе жатқанын өзі де сезбей қалды.
Пікір түзетілген: 28 маусым 2011, 16:45
patick
Қазақ қызы екенін көрген соң, көңілі құлазып бұрылып кетіп қалды
Gulistan
Қайын ата орнына қайын ене болғанда қалай болады екен?
Олардағы «зять-теща» біздегі «ене-келін» қарым -қатынасындай ойлы-қырлы ғой.
Gamk
Нағашым мынадай бір әңгіме айтқан. Кеңестік кезеңде Қырым жақта әскерде болады. Бір күні отпыскы алып, әскери досымен бірге сол Қырымдағы досының үйіне барады. Үйінде шешесі мен апасы, сосын апасының жігіті бар екен (онда тұрмаса да, сол үйде жүреді). Әлгі әскери досы екеуі бірде телебезір көріп отырады. Бір кезде апасы мен жігіті келесі бөлмеге өтіп кетеді де, сәлден кейін ыңқылдаған дауыстары шығады. Есік ашық. Нағашым досына қараса, қаннен қаперсіз, ыспакойныыы телебезірін қараааап отыр дейді.
VKM
Мынандай да қызық посттар болып еді.Новичоктар оқысын деп шығарып қойдым