Препати. Жүк түсті мойнымнан. Ура!
суреттердің бәрін ілу мүмкін еместігін ескере отырып, аз болса да көптей көріңіздер, келе алмай қалған блогшылар))))
Біреудің сұрап-сұрап, қойдырған суреттері)))))
Препатиге жауапты болған соң, сол күні тіпті қатты қобалжыдым. Адам саны 120ға жуық болды. Астаналық тойдың көлемі)))) Орын табудың өзі қиын боп кетті сол сәтте. Екінші курстар келе жатыр деп еді, бір топ қыздардың ағылған легі толастамады. АЛЛАның өзі қолдап, әйтеуір сол күн де аяқталды.
Сол кешті сәтті өтуіне аса көп еңбек сіңірген батыр ағам- Алдекенге (Зухра жеңгемнің сұлулығын-ай дегім кеп тұр осы жерде), Админко аға мен Нұрғиса ағаға, Талғат інімкам мен Еркебұланға (тілегімді аяқ асты қылмады) көп көп рахмет.
* — kokbori , уішівөл.
Айжан, быкусыңызға бас иген болар, керемет орын екен.
Мәдени ошақ әдемі екен.
Әрбір экшнды мүлт жібермейтін қолы түзу фотограф шақырғанда керемет болар еді… Шығармашылық ракурстан түсірілген бір де бір сурет жоқ. Препати шынымен қызық өткен болса, онда суреттер препати тақырыбын ашпай тұр.
Тойдан кейін таратып беретін суреттерді қарағандай болдым. Сыра ішуге сануаға жиналған бір топ мас мұжықтардың ұялы телефонға түсірген суреті болса түсінуге болар еді.
Алдын ала ұйымдастырылған препатилердің фото есептерін жаңа деңгейге шығаратын кез келген сияқты. И вообще горизонт завален.
Келесі патилерге профи фотограф шақырған дұрыс.
Ірік-шірік әңгімелер мен реніштер осындайдан туады.
Біреу өліп талып тырысады, біреу «піштулеп» кетед.
Маған салса, тіпті орын да маңызды емес. Көңіл ғой бастысы. Әйтпесе, әдемі жерлерді көрмей жүр дейсің бе. Ал шик-пен-блеск өзімізден көрі басқаларға қажет, оларға «міне біздің деңгей» деп қазззақтар да мәдениетті іше алатынын көрсету үшін.
Менің ешкімге ренішім де жоқ, өкпем де жоқ. Өзіме ұнады. Миссиям орындалды)))
препати жақсы өтті, мен де қатты уайымдап едім. жақсы өтті деп жатыр әйтеуір жұрт. адам жеткізе алмаймыз ба деп те қорқып едік көңіл сиды, бәрі сиды.
aitaiyn dep umytyp bara jatyr ekenbinБәрінен, жұрттың «е, Қара Назгүл, осындай екенсің ғой дегені қызық болды)))
Развенчание мифа
Жақсы өткеніне қуаныштымын
Өзгежан мен Батырдың тағы бір бөлесі (есімде есімі қалмады, өкінішке орай).
Солдан оңға қарай: Айқаракөз және Көкбөрі
Көкбөрі, мынау Атырауға пиар-акция ма?
Kuladym!
расыменде қазнетке офлайн/онлайн қызмет етіп жүре беріңдер
көреалмағаныңдыссссс...) осылай жүре беріңізші, көз бен көңіл тойдыратындай арусызЖігіттер, қыздар, еңбектеріңе рахмет! Мұншама адамның басын қиыстыру -оңай шаруа емес.